Iraeuroset3
08.04.2021 08:52

Көмектесіндерші өтінем 10ммн қалды​


Көмектесіндерші өтінем 10ммн қалды​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Alinalime10
03.09.2021 11:50
Менің сүйікті бағдарламам - "Наша правда".  Алексей Шахматов жүргізетін бұл бағдарлама КТК арнасынан болады. Мен үзбей көріп тұруға тырысамын. "Наша правда" бағдарламасында шынайы өмірден алынған оқиғалар баяндалады. Бағдарламаға түрлі адамдар келіп, өз бастарынан өтіп жатқан мәселелермен бөліседі. Сол мәселенің шешімін табуды көздейді.Әр бағдарламада көтерілетін тақырыптар көптеген саланы қамтиды. Бағдарлама өте қызықты өтеді. Наша правданы тамашалайтын көрермендер де көп деп ойлаймын. Бағдарламаның әр санына арнайы мамандар және сарапшылар келіп пікірлерін айтады. Сондықтан, бұл бағдарламаның болашағы зор.
0,0(0 оценок)
Ответ:
wsmol
05.05.2020 13:50
Егер, үйде қонақ болса, үлкендер дастархан төңірегіне отырып қалса, онда жасы кішілер қонақтардан бастап қолға су әкеп құйып, сүлгі ұсынуы немесе қонақ кісіні қол жуғышқа бастап барып, ол қолын жуып болған соң, таза сүлгі беруі тиіс. Мүмкін болса, әр адамға жеке-жеке шағын сүлгі ұсынса, тіптен жақсы. Сондай-ақ жасы үлкендердің жасы кішілерге, ата-аналардың балаларының қолына су құйып, орамал әкеп беріп жатуы жарамайды.
Дастархан басында жиналғандар да қалай болса, солай отыра қалыспайды. Жасына, сый-құрметіне қарай әркімнің отыратын жері болады. Кішкентай нәрестелер, бүлдіршін бала ата-аналарының қасында отырады, өйткені, олар дербес, өз беттерімен тамақты ішіп-жеп, ас құйылған ыдыстарға иелік жасай алмайды. Ал, ер жеткен балалар ата-аналарынан, басқа да үлкендерден төмен орын алуға тиіс. Бірақ, бойжеткен қыз есік жаққа отырмайды. Ал, қонақ болса, үй иесінен жасының үлкен не кішілігіне қарамай төрде отырады. «Мейман атаңнан да үлкен» деген сөз содан шықса керек.Дастархан жайылып, тамақ қойылғаннан кейін, алдымен жасы үлкен кісі дастарханға бата жасап, «бісмілла» деп табаққа қол созып, астан ауыз тиеді де, ет болса сүйектерін кесек етінен ажыратып, отырғандарға өзі үлестіріп береді немесе ондай қызметті атқарып, етті турауды ыңғайы бар жасы кіші ер адамға, әдетте, жігіттерге тапсырады. Бүгінде ондай дәстүр қалып бара жатқанымен, әр жігіттің әсіресе той-томалақта, басқа да бас қосуларда табақтағы етті саспай, сасқалақтамай, жөнін біліп турай алуы қажетті саналады. Ал мұндай қызмет тапсырылмаған жасы кішілер мен балалардың алдымен табаққа қол салуы әдепсіздікке саналады. Олардың үлкендер тамақ алып отырғанда, олардан бұрын «жеп болдым» деп қолдарын сүртіп, дастарханнан шегінуі де жөнсіз, тұрып кету, тіпті, сөкет іс болып табылады. Өйткені, мұндай қылықтары арқылы әсіресе сырт кісілерді ыңғайсыз жағдайға қалдыруы және үлкендерді сыйламағандық, елемегендік, көзге ілмегендік болып қабылдануы мүмкін. Сондықтан, жастар, дастархан басында қонақ, сырт отырған үйдің иесі табақтастарының жағдайын ойлап, қас-қабағын байқап қимылдағаны, ізет сақтағаны жөн. Сөйтіп, олар табаққа бата сұрап, содан кейін орындарынан тұрулары керек.Дастархан жиналып, қол жуылған соң, қонақтар қайтуға ыңғай білдіргенде, үй иесі олардан бұйымтай сұрап, онан кейін хош айтысып, шығарып салғаны дұрыс.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота