mia73
01.04.2022 16:51

Франция Ұлттық кітапханасы – Еуропадағы ең ежелгі кітапханалардың бірі. Қорының көлемі жағынан әлемнің алып кітапханалары қатарында, анығында, жетінші орын иеленеді. 1368 жылы негізі қаланған корольдік кітапхана Франция королі Карл V-тің кезінде (1348-1380 ж.ж.) Лувр музейінде қызмет көрсете бастаған. 1988 жылы Францияның экс-президенті Франсуа Миттеран (1981-1955) кітапханаларды реформалау бағдарламасына барынша қолдау білдіреді. Соған сәйкес, негізгі қор бірден Париждің XIII округіндегі заманауи үлгідегі зәулім ғимаратқа көшірілді. Бұл кезеңде кітапханадағы баспа өнімдерінің саны 9 миллионнан астам болған. Франция Ұлттық кітапханасы симметрия пішініне негізделген. Жоба латынның «L» әрпі формасындағы төрт бұрышты мұнаралар көмегімен жасалған. Мұнаралар бір-біріне қарама-қарсы қарап, ашық тұрған кітапты көз алдыңа әкеледі. Осы ашық кітаптар ішінде кітапхана залдары және алып эспланадалар бар. Эспланада – таңғажайып гүлзармен көмкерілген көпшілікке ашық қолжетімді айдынды алаң, ол оқуға әрі кездесуге арналған. Жоба – адамзаттың асыл ойы мен шығармашылығының айнасы. Бұл жабдықтардың артықшылығы – кітаптарды сақтауға қолайлы жағдай жасалатындығы, сондай-ақ күнделікті пайдаланушының жанға жайлы жағдайды жылдам сезінуі, тиімді мониторинг пен басқару жүйесінің болуы. Бұл кітапхана бұрынғы 1793 жылғы дерекке сай дүниежүзі бойынша ең алғашқы ақысыз қоғамдық кітапхана болып саналады. Мемлекеттік мекеме ретіндегі Франция Ұлттық кітапханасының міндеті – Францияда жарияланған материалдар көшірмелерінің коллекциясын ақырындап жасақтау. Заңға сәйкес, баспа өнімдері осында сақталуы тиіс әрі олар қоғам үшін қолжетімді болуы керек. Француз суретшілері XIX ғасырда өмір сүрген қазақ халқының мәдени-тарихи генотипін, салт-дәстүрін, ұлттық нақышын едәуір айқын бейнелей білген. Бұл көшірмелер Франция Ұлттық кітапханасының суреттер бөлімінде сақталған. Өкінішке орай, түпнұсқаларының қай жерде сақталғанын анықтау мүлдем мүмкін болмады.
Мәтін бойынша тапсырмалар
1. Мәтіндегі 1негізгі және 1 қосымша ақпаратты анықтайтын 2 нақтылау сұрағын құрастырыңыз.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
marullens
17.02.2021 16:46

«Егер мен миллионер болсам» тақырыбына диалог құрастыру.

Еркебұлан: Нұрсұлтан, сен не істеп отырсың? Сурет салып отырмысың?

Нұрсұлтан: Жоқ, аға. Армандап отырмын.

Еркебұлан: Ал мынау суреттер не үшін?

Нұрсұлтан: Аға, «армандар картасы» дегенді естуіңіз бар ма? Міне, мен сол бойынша армандарымды жазып отырмын. Дәл қәзір миллионер болуды армандап отырмын

Еркебұлан: Бәрекелді, бауырым! Арманың керемет екен. Сонда миллионер болсаң, қайтер едің?

Нұрсұлтан: Әрине, алдымен ата - анама қаржылай көмектесетін едім. Одан кейін өзім көптен армандап жүрген ойыншықтарды сатып алушы едім. Одан кейін ақшаның бір бөлігін қайырымдылыққа жұмсар едім. Менің ойымша, қайырымдылық жасау - кең пейілділік пен мейірімділік белгісі. "Қайырымдылыққа біршама қаражат жұмсалып кетті" деп қынжылмау керек, себебі "кең болсаң, кем болмайсың" демекші, ол жақсылығың да саған міндетті түрде қайтып келеді.

Еркебұлан: Жарайсың! Сенімен толықтай келісемін.

Нұрсұлтан: Рахмет, аға. Бірақ мен бір сәтте бай болып кетпейтінім анық. Алдымен оқуымды жақсы оқып, қалаған мамандық иесі атанып, талмай білім алу керек. Себебі, білім - болашаққа жасаған үлкен инвестиция. Болашақта осы білімімнің арқасында үлкен жетістіктерге жетіп, бай болатыныма сенемін.

Еркебұлан: Дұрыс айтасың. Армандарыңның орындалуына тілектеспін.

0,0(0 оценок)
Ответ:
yourdream1806
24.09.2020 03:35
Жер бетіндегі ең әдемі сөз -Ана.Адам алғашқы сөзін осыдан бастайды.Ана түн ұйқысын төрт бөліп ,ұйықтамай бесік таянып отырады.Ана жүрегі уайымшыл,сезімтал,нәзік.Адамзат бойына қасиетті күш беретін ,өсіріп, мәпелейтін,аялап еркелететін қасиетті адам --Ана . Ана әрқашан қиын жағдайда көмектесіп ,қол үшын беруге дайын.,,Ана ,,деген сөз -ең қымбат, ең асыл ,ең алтын сөз.Анаға арнап көп ақындар мен жазушылар түрлі шығармалар мен өлеңдерді жазған.Ананың қолы қасиетті,алақаны аялы,жүрегі жылы.Сен дүниеге жан болып келдің.Сенің іздейтініің бір- ақ жан .Ол --Ана.Ол саған бәрінен де қымбат. А ң жасы нешеде болса да ,оған әрқашанда Ана керек. 
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота