маришвед
09.05.2020 07:18

Мәтінге қатысы ой тұжырымыңызды тжб помагит

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
otero02
13.01.2022 16:17

Ауылдың ділмар,шешен ақсақал қарияларын шақыру - бүлдіршіннің тілі жеке –жеке сөздерді айтуға икемделе бастаған кеде тілі тез шығу үшін дәстүрлі «тілашар тойы»жасалады. Мал сойылып, ауылдың ділмар, қариялары арнайы шақырылады.

Балаға қойдың тілін жегізу - олар «Тілің тез шықсын!»деп, сәбиге қойдың тілін жегізеді, қой ішігемен буындырып тұрып, «Сөлейсің бе?» деп үш рет «сөйлеймін»деген уәде алады.

Ақсақалдардың ақ батасын алу - Осыдан соң ақсақалдар «Сандуғаштай сайрап кет!», «Жиреншедей көсем бол, Жәнібектей көсем бол!»деген секілді ақ баталарын беріп тарқасады.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Levickay991
01.06.2023 17:37
Елтаңба — Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституц. заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемл. гербiнiң негiзi — шаңырақ. Ол — гербтiң жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз гербтiң тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қ. р. м. г-нiң авторлары — Ж. Мәлiбеков пен Ш. Уәлиханов.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота