"Қонақтар" әңгімесіндегі Ерғабыл қарияның ұлы Сапабек мықты геолог.Шетелдерде іс - сапармен болған.Бірақ оның адам ретінде кемшілігі - ұлттық мұраны,халықтың салт - дәстүрін, ата жолды ұстануды ұмытуы,дүбара ұрпаққа айналуы.Ата - салтын құрметтейтін Ерғабыл қария үшін жалғыз ұлының жоғары білім алғаны емес,қара шаңыраққа ие болып қалатын,ата-анаға қамқор болатын,ұлттық құндылық пен салт - сананы қадір тұтатын ұл керек.