
Сапалық сын есімдер
"Сапалық сын есімдер" деп мағынасы жағынан заттың әр алуан сыр-сипатын, атап айтқанда, түрі мен түсін (ақ, қара, сұр т. б.), сыры мен сапасын (жақсы, жаман, тәуір, нашар т. б.), көлемі мен аумағын (үлкен, кіші, ауыр, жеңіл т.б.), дәмі мен иісін (ащы, тәтті, күлімсі т.б.) білдіретін және заттың басқа да қасиет-белгілерін білдіретін сөздерді айтамыз.Сапалық сын есім сын есімнің негізгі түп қазығы, негізгі ұйытқысы. Өйткені сапалық сын есімдерге кішірейту, ұлғайту, жұрнақтары және үстеме буындар жалғанып түрленеді.