Әңгіме
Жауқазын гүлі.
Жер бетінде неше түрлі,әдемі-әдемі гүлдер бар.Солардың ішіндегі ең пәк гүл – Жауқазын.Атының өзі ерекше емес пе?
Бұл гүл лалагүлдер тұқымдасына жатады.Әрі көктемде гүл жарады.Жауқазынның шығу тегі туралы көптеген аңыз-әңгімелер бар.Бұл гүл өте ертеде пайда болды деседі.
Ерте замандарда жауқазын қазақ жерінен бастау алып Еуропаға,кейіннен гүлдер Отаны – Голландияға жеткен екен.Қазіргі таңда Голландия осы гүлмен байып отыр ғой.Бұл гүлдің сұлулығына көптеген туристер ағылып келеді екен.Гүл базарларында да бұл гүл сөреде тұрса,тез өтіп кетеді.Өйткен,бұл гүл өз сұлулығын ішіне сақтайды.Гүлдің атымен нәзік жандыларды атайды екен.Елімізде бұл гүлге ерекше назар аударылып,қорғалса деймін.