hedgehogGreen
05.03.2023 11:49

Сұлу Көкшетаудағы биік тау туралы мынадай аңыз бар. Ертеде Бурабай, Көкше жерін мекендеген елде бір бала дүниеге келіпті. Ол зор денелі, батыр болып өседі. Ірі болғаны сонша, өзін көтеруге мал шыдамаған соң пілге мініп жүріпті. Осы кезде қазақ жеріне қызыққан жау көп еді. Бала келген жаумен шайқасып, еліне жолатпапты.
Бір күні сол бала шайқастан кейін сəл тынығып алмақшы болады. Көлдің суына шомылады да, қалың қарағайдың арасына келіп жатады. Орман ішінде жасырынып жүрген жау осы сəтті дереу пайдаланады. Ұйқыдағы батырды қолға түсірмек болады. Байқаусызда қарусыз қалған батыр жаулармен айқаса кетеді. Батырдың күші азайып, əлі таусылады. Сонда батыр жаулардан қорлық көргенше өлгенін артық санап, Құдайдан өзін тасқа айналдыруын тілейді. Пілін де жау қолына тастамас үшін төбесіне көтеріп алады. Сол батыр осы Оқжетпес болса керек.
(120 сөз)
1.1. Тірек сөздерді қолданып, мәтін бойынша суреттерді сипаттап жаз.
1) .
2) .
3) .
4) .

Тірек сөздер: батыр болу, жаудан қорғау, дүниеге келу, тасқа айналу.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
valeevinsaf
12.05.2022 17:23
А.бөлмем                     а.ұстаз              кітапхана                асхана
і.бөлмемнің                 і.ұстаздың        кітапхананың         асхананың
б.бөлмемге                 б.ұстазға           кітапханаға            асханаға
т.бөлмемді                  т.ұстазды          кітапхананы           асхананы
ж.бөлмемде                ж.ұстазда          кітапханада           асханада          
ш.бөлмемнен              ш.ұстаздан        кітапханадан         асханадан
м.бөлмеммен             м.ұстазбен         кітапханамен        асханамен
0,0(0 оценок)
Ответ:
gymnazium006
08.06.2023 23:10

«Мүшел жастан астым» деген тақырыпқа диалог

- Парасат, сен осы өткенде «мүшелден аман – есен шықтым» деп жатыр едің, сол нені білдіреді? Маған түсіндіріп бере аласың ба?

- Әрине, Дмитрий. Түсіндірейін. Мүшел жас - қазақ халқының адам жасын есептеу үлгісі. Дәстүрлі қазақ қоғамында баланың 13 жасқа толуы алғашқы мүшелі делінеді, одан кейінгі Мүшел жасы әр 12 жыл қайталанған сайын есептеліп отырады.

- Ал неліктен алғашқы мүшел 13 жас болса, кейін 12 жастан қосылып отырады? Бұл жайт неге байланысты есептеледі?

- Себебі нәрестенің анасының құрсағында болған тоғыз айы бір жыл болып есептеліп, сондықтан да бірінші мүшел он үш жас болып есептеледі.

- Енді түсінікті болды. Мүшел жас ұғымы тек қазақ халқына тән дүние ме?

- Жоқ, Бұл ұғым түркі тілдес халықтар мен Орта Азия халықтарының көпшілігінде кедеседі.

- Енді кішкене болса да түсіне бастадым. Сонда халық неліктен мүшел жасқа ерекше көңіл бөлген?

- Әр мүшелден өткен сайын а есейіп, бүкіл бір елді басқара алатындай шамада болған соң, оған келер қауіп те көбейсе керек. Өйткені, мүшел жастың да өз алдына қауіптері бар.

- Көп рахмет, Парасат. Қазақ тілін жетік меңгерсем де, кей кезде осындай ұлттық ұғымдарды түсінбей қалатын кездерім болып тұрады. Түсіндіріп бергенін үшін алғысым шексіз. Енді біліп жүретін боламын.

- Оқасы жоқ, Дмитрий. Түсіндіре алғаныма қуаныштымын.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота