Alesha55551
27.11.2020 19:55

Тапсырма

1. Мәтіндерді оқып, олардың тақырыбы мен сөз қолданыстарындағы ерекшеліктерін анықта

А мәтіні

Ғылыми фантастика (ағылш. scіence fіctіon – ғылыми туынды) — көркем әдебиетте, сондай-ақ кино, кескіндеме, т.б. өнер салаларында қалыптасқан жанр.

Ғылыми-фантастика өнердегі дербес жанр ретінде XX ғасырда қалыптасқанымен, оның қайнар бастаулары ежелгі әпсаналарда, ауыз әдебиетінде жатыр. Оған қиял-ғажайыптық, ертегілік қасиет те тән.

Фантастика (гр. phantasіa —– қиялдау, phantastіke – қиялдау өнері) ұғымының өзі де қиялдану өнеріне байланысты пайда болған. Қазіргі әдебиеттану мен өнертану ғылымында фантастиканың «ертегілік» және «ғылыми» белгілерінің ара-жігі ажыратылмаған. Әдебиетте ғылыми-фантастика – ғылыми поэзия және ғылыми проза болып, екі пішімде қалыптасты.

Ғылыми поэзия терминін әдебиеттану саласында алғаш француз поэзиясының теоретигі Рене Гиль «Сөз туралы трактат» (1896) еңбегінде қолданды. Ол ғылыми поэзияның белгілері ежелгі дәуір әдебиетінің өкілі Лукреций Кардың «Заттың табиғаты» поэмасында көрініс тапқанын мысалға келтіреді. Поэзиядағы ғылыми фантастика жалпы фантастикалық арнадан бөлекше, философиялық-әлеуметтік бағыттағы мүмкіндігімен ерекшеленеді. Ғылыми фантастика прозаның барлық жанрында (роман, повесть, әңгіме, т.б.) қарқынды дамып, көркем әдебиеттің арналы саласына айналды.

Қазіргі қазақ әдебиетіне ғылыми фантастика дербес жанр ретінде XX ғасырдың 70–80-жылдары республика жазушыларының шығармалары арқылы қалыптасты. Зерттеушілер қазақ әдебиетінде ғылыми фантастика жанрының алғашқы белгілерін ертегілерден («Ер Төстік», «Ұшқыр кілем», т.б.), аңыздарын («Қорқыт ата», «Баба түкті шашты Әзиз», т.б.) таратып, болашақты болжай білген халық қиялының ұшқырлығына тәнті болуда.

Ә мәтіні

Ғылыми-фантастика жанрында Толкиннен кейінгі әлемге белгілі жазушы Дж.Роулинг екеніне ешкімнің шүбәсі жоқ. «Гарри Поттердің басынан кешкендері» атымен жарық көрген кітаптардың реті жетеуге жетіп, оның жалпы таралымы 450 миллион данадан асып кеткен. Бір қызығы, бүкіл еуропаның аңыз кейіпкерлері мен мифтік жануарларын Роулингтің ғажайыптар әлемінен таба алады екенбіз, яғни кітаптағы Хогвартстың фаунасы, шын мәнінде аңыздардан алынған.

Гоблин (ағыл. Goblin) – адамға ұқсастығы бар, аласа бойлы тіршілік иесі. Басы денесімен салыстырмалы тұрғыда үлкендеу болып келеді. Негізі шотланд аңыздарында гоблиндер өте ашушаң, соғысқұмар болып суреттелсе, Толкин мен Роулингтің ғажайыптар әлемінде гоблиндерге өзгеше мінездеме беріледі. Ақшаға ұқыпты (Гринготтс банкінің қызметкерлері), өте еңбекқор (Грифиндорф қылышын гоблиндер жасаған) болып сипатталады.

Акромантул (ағыл. Acromantula) – алып сегіз көзді өрмекші. Көне кельт аңыздарында кездесетін өрмекшінің үлкен тұқымдары адамның тілінде сөйлей алады. Осы тектес өрмекшілердің ең алыбы және негізін қалаушы Арагог. Ол Хогвартсты айнала қоршаған орманда өмір сүреді. Жалпы тұқымның америкалық тарантуламен туыстығы бар деп зерттелген. Акромантулдардың Отаны Борнео аралы болып саналады. Сиқыршылар оларды негізінен қазынаны күзеттіру мақсатында алдырған.

Мантикора (ағыл. Manticore) – грек мифологиясында кездесетін басы адам, денесі арыстан, ал құйрығы шаяннан алынған өте қауіпті құбыжық. Аңыздың астары бойынша мантикора өзінің кезекті асын өлтіріп тынғаннан кейін мысық сияқты мияулайды екен. Ал оның уы қылт етпей өлтіреді.

А мәтіні Ә мәтіні

Тақырыптары

Қандай ереркше сөз қолданыстары бар? Мысалдар келтіріңіз

2. Мәтіннен 10 етістік теріп жазып морфологиялық талдау жасаңыз

Жазылым

3. Төменде берілген тақырыптардың бірін таңдап, шағын мақала жазыңыз.

[10]

1) Жеңіс үшін жанын пида еткен ерлер мәңгі жадымызда. Ұлы Отан соғысының немесе тыл ардагерлерінің еңбегін баяндай отырып, жергілікті газеттің «Тұлғалар» айдарына мақала-портрет жазыңыз.

2) Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ. Жеңіс күні – абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Бұл айрықша мерекенің біздің елімізде тойлану деңгейі қандай? Осы мәселені көтеріп газетке ақпараттық мақала жазыңыз.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
karinochka666
16.10.2021 00:29
Мен емханада. Алғаш рет, аз қамтылған, ауыруы аяқ саусақтары. Ал түсіну-бұл анам шешті повесі мені жүгіну қажеттігі туралы хабарлаймыз. Біз емханаға, набитой толпами пациенттер. Және мұнда сезіндім бізге үйреншікті иісі дәрі-дәрмек. Мен огляделся бойынша тараптарға, қайдан болса, таңсәріден плачь және дауыс, қайдан болса, күлкі бақытты сәбилер. Кезек ұзын, бірақ мен байқамай қалай қаласа біздің. Бұл хирургтің кабинеті екінші қабатта. Әрбір қадам вселял маған көбірек қорқыныш қарағанда, жақын біз кабинетке күштірек кетпейтін менің қорқыныш. Өзімнің болды қашып кете, бірақ кеш болды. Сіз енді кабинеті бізді қуаттап, жылы шырайлы дәрігер. Ол көріп, менің саусақтары мен деді, бұл жүргізу қажет шағын рәсімін үстінен бірі саусақ. Әрине жоқ шаншуды келмеді. Мен әрдайым қорықтым уколов, әсіресе , сол жерде маған тағы да жоқпыз. Маған жатуға жедел үстел және демалуға. Қорқыныш емес, минут емес, оставлял. Бірақ маған бәрі-бір сәті сәл тыныштандырып медсестре, ол көмектесті жүгіну қажеттігі туралы хабарлаймыз. Міне, маған укол, ауырады, бірақ ішінде рәсімнің сезініп, көп ештеңе. Медбике обвязала бинтпен менің саусақ. Ақырында, хирург, - деді тұруға болады. Осындай жағдай көп шөкеев, ол кеңес маған киіп еркін аяқ киім және қырағы болуы. Біз алғыстарын білдірді шықты кабинетінен. Анам маған қуанышты, ал мен вздохнул жеңілдету.
0,0(0 оценок)
Ответ:
taukebai2002
03.06.2023 05:04
Колибри  (trochіlі) – ұзынқанатты құстар отрядының бір тармағы. колибридің қазіргі кезде бір тұқымдасқа жататын 321 түрі солтүстік және  оңтүстік америкаөңірінде кеңінен таралған. денесінің ұзындығы 5,7 см-ден – 21,6 см-ге дейін, салм. 1,5 – 20 г-дай. жер бетіндегі ең ұсақ құстар. қораздарының қауырсындары түрлі-түсті құлпырып тұрады, алмекиендерінің  түсі біркелкі болып келеді. тұмсықтары жіңішке әрі ұзын, кей түрінде иіліп келген, гүл шырындарын соруға бейімделген. төс сүйегінің қыры, бұлшық еттері жақсы жетілген. колибрилер тез ұшады, әрі ұшу бағытын үнемі өзгертіп отырады. кейбір ұсақ түрлері қанаттарын секундына 80 рет қаға алады. колибри, көбінесе, гүл шырындарымен, кейде өрмекшілермен де, жәндіктермен де қоректенеді. олардың денесінде зат алмасу өте қарқынды жүреді. жүрегі үлкен әрі қанның құрамындағы  гемоглобинніңмөлшері де көп.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота