5675566
12.03.2023 22:17

Мәтіндерді мұқият оқыңыз. Мәтіндердің стилін, тақырыбын, құрылымын салыстырыңыз және қандай сипатта жазылғандығын (әңгімелеу, сипаттау, талқылау) анықтаңыз. 1-мәтін

Театр (грек. тһеатрон – ойын-сауықорны; ойын-сауық) – сахналық өнердің өмір көріністерін драмалық әрекет арқылы көрермендердің көз алдында актерлер күшімен бейнелейтін бір түрі; ойын-сауық немесе спектакль; түрлі сахналық ойын-сауықтар, сонымен қатар жалпы мәдени шаралар өткізілетін орын-жай.

Театрдың тарихи жағынан қалыптасып, даму, өсіп-өркендеу жолы әрбір ұлттың, әрхалықтыңөмір-тұрмысымен, олардың жалпы тарихымен және тұрлаулы мәдениетімен тығыз байланысты. Басқа өнер түрлері сияқты театр өнері де қоғамдық ой-сананың негізгі бір формасы болып табылады.

Театрдың да өнердің өзге салалары секілді өзіне тән ерекшеліктері бар. Ол – әдебиет, музыка, кескіндеме, архитектура, би және кинематографияның мәнерлі амал-тәсілдерін бойына жинақтаған синтезді көнер.

Театр – ұжымдықөнер, өйткеніқазіргі театр спектакльі драматург, актерлер, қоюшы-режиссер, сценограф (декоратор-суретші;), композитор мен гримшілер, жарық берушілер секілді, театрдағы көптеген қызметкерлер еңбегінің өзара тоғысуы нәтижесінде туады. Кейінгі дәуірлерде өнер түрлерінің жіктеліп шығуымен және олардың одан әрі ілгері дамуымен байланысты театр өнері өзінің синтездік қасиетінен айрылды. Сөйтіп, театр негізінде драма, опера және балет секілді 3 түріқалыптасты. Еншіалып, отаутігіп, өз алдына жекеленіп шыққанымен музыкалық театр өзінің драмалық негізінен айрылған жоқ, тек мұндағы уақиға-әрекет музыкалық драматургияның тәсілдерімен, музыка-поэзиялық образдар арқылы ашылды.

Театр – табиғатынан көпшілік қауымға ғана арналған, қоғамдық-мәденимән-маңызы үлкен өнердің бірі. Ол көрерменсіз, жеке өз алдына өмірсүре алмайды. Осыған байланысты сахна мен көрермен бірігіп отырып шынайы өмірқұбылысына ой жүгіртеді, оған өз тұрғысынан баға береді; театр көрермендердің ішкі жан сезіміне әсер етіп, терең толғандырған жағдайда ғана өзінің қоғамдық-әлеуметтік қызметін атқарып, эстетикалық мақсат-мұратына жетеді.

2-мәтін

Астананың театрларында классикалық киім немесе көйлек киіп кел деген талап жоқ. Дегенмен театрға сай киініп келу ішкі мәдениеті жоғары адамдар үшін айтылмайтын заңдылық. Станиславский: «Театр киім ілгіштен басталады» деп айтқан. Бұл адамның есіктен кіргеннен шыққанға дейінгі мәдениеті, екіншіден үстіңе киіп келген киімің. Мұны біз көрермендердің өзінің талқысына, таңдауына, талғамына саламыз. Десек те, қазіргі жастар ондай нәрселерді түсіне бермейді. Оған бәлкім өзіміз де кінәлі шығармыз. Біздің елімізде театрға билет сату көбінесе ұжымдық деңгейде қалған. Әкімші белгілі бір мектепке барады, белгілі бір сыныптан 30-40 адамды ертіп келе салады. Бірақ театрға арнайы билет алып келетін адамдар некен-саяқ. Мәселенің бәрі осыдан туады. Мектеп оқушыларын айтпағанда студенттердің өздері де спорттық киіммен, джинси шалбар, кроссовки киіп келеді. Театрға барып қарап отырсаңыз біздің жастардың бойында театр мәдениетін сіңірмегенін байқайсыз. Залға кірген кезде балалар кириешки жеп, сусынмен келіп жатады. Яғни, кинотеатр деңгейімен салыстырады. Театр жанды өнер болғандықтан бұған бей-жай қарай салуға болмайды. Олардың су ішіп, шулап отыруы белгілі бір деңгейде актерлардың ойынына кедергі келтіруі мүмкін. Екіншіден, көрерменнің мұндай әрекеті театр мен ондағы актерларды сыйламауы деп білемін. Театрға көп келетін адамның бойынан оның мәдениет деңгейінің биік екені байқалып тұрады. Орта жолда келе салатындар үйлесімділікті бұзады.

Театрдың сосын сатылай даму ерекшеліктерін ескеру керек. 6 жастан 15 жасқа дейінгі балалар «Қуыршақ» театрына баруы керек. «Қуыршаққа» барған бала Жастар театрына барғанда қандай орынға келгеніне хабардар болып отырады. Біздегіата-аналар театр, музейге баласын апаруды тәрбиенің бір бөлшегі ретінде қабылдамайды. «Күйеуіңізді сатыңызшы»,«Еңжақсы еркек» деген сияқты үлкендер аудиториясына арналған қойылымдарға баласын жолай жетектеп әкеле салады.

Мен Ресейдің, Еуропаның біраз театрларында болдым, оларда мұндай проблема жоқ. Біздің театрларға «Дресс-код міндетті» деген ереже орнатқанымызбен, көрерменнің ішкі мәдени деңгейін өзгерте алмаймыз ғой. Сол себепті, ең алдымен, адамдардың санасы өзгеруі тиіс.

Назерке Жұмабай, театр сыншысы

Кестені толтырыңыз. Жауабыңызды дәлелмен жазыңыз.

1- мәтін 2-мәтін

Тақырыбы

Стилі

Мәтіндердің құрылымы

Мәтіннің түрі

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Stasburlakov
09.05.2023 10:51

ответ: Ана - ол біздің ең кымбат асыл дүниеміз. "Ана тілі ана сүтімен беріледі, ана тілін ұмыту анаңды ұмытумен бірдей" деген шағын сөздің астарында қанша мағына жатыр. Ана тілі яғни анаң сені кішкентай бөпек кезіңнен тәрбие бергені, қалай сөйлеуді үйреткені бұның бәрі ана тілі.

Кейбір адамдар болады қазақ болып өзінің қазақ тілін білмейді. Ол ана тілін ұмытқанмен тең. Ана тілін ұмытуға жаман сөздер, дөрекі сөйлеу, адамдардың сөзін бөлу жатады.

Менің өмірде ең қатты жақсы көретін адамым бар ол әрине менің анам! Анамызға дөрекі сөйлеп, тыңдамай жүру ол анаңды сыйламағаның, күнә болып табылады. Сол себептен ана тілінде, анамызды да бағалап жүрейік!

0,0(0 оценок)
Ответ:
prve17
19.06.2021 16:28

2.Жазылым.

"Батыр туса-ел ырысы"

"Батыр туса-ел ырысы" бұл сөзді сіз қалай түсінесіз? Батыр дегенде-елді,жерді,халқын қорғайтын адам еске түседі. Иә,бұл рас. Батыр әр кезде қаһарман істер жасайды,ешқашан халқын жылатпайтын болған. Әттең,қазір батырлар аз. Тек кейбірлері көзге көрінбесе,өмірде іспен емес,сөзбен шешетіндер көп.Жә,мейлі енді батырдың не үшін елге қуаныш екенін талқылайық. Себебін өздеріңіз де түсінген боларсыздар. Батыр-әр кез тура бермейтін, қайталанбайтын көсем. Міне,сол үшін де біздің де қуанып,тамсанатынымыздің себебі осы.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота