Күшігім еркелей білетін,
Кейде ол шәуілдеп үретін.
Жата қап аяғын көтерсе
Көргендер еріксіз күлетін.
Тойған соң томпайып жататын,
Бір тәтті ұйқыға бататын.
Түсінде мысықпен алысып,
Жүретін бөлмеде жарысып.
Қарасам, міне енді өсіпті,
Ит бопты кәдімгі қабаған.
Әуелі өзіме өшікті
Күнәм жоқ бір рет сабаған.
Мақтайды біреулер даурығып,
Қасқыр деп итімді қабаған.
Мен жүрмін кете алмай айығып,
Өз итім түсірген жарадан,
***
Отырсам үндемей үйімде,
Тоқмейіл, ақпейіл күйімде.
Келуші көбейіп кетеді
Шашымның ағынан сүюге.
Мақтауға бәрі әзір, жайдары
Мейрімнің ағаға шегі жоқ.
Ақтарар сырларын қайдағы,
Бірінің дығы жоқ, кегі жоқ.
Сәл ғана өзгеріп қалпымнан,
Әділдік сөйлесем болғаны,
Біреуі алып қап алқымнан,
Союға әзір тұр қалғаны...
Тойған соң жататын пырылдап
Мен мысық емеспін, достарым,
Жан болып жүрген сон, шырылдап
Айтамын арымның қосканын
ҚР-ның мемлекеттік тілі Қазақ тілі және қочымша Орыс тілі. менінге . қазіргі таңдағы қазақстанның тіл мәселесі құлдық санада қалған қадақтардың кесірінен. қазақтардың жартысынан көбі орысша сөйлейді. неге? өйткені олар құлдық санада қалған. олар орыстармен қалай қазақша сөйлеймін деп тйлайды да , 1 орыс тұрған жерде 10 қазақ орысша сөйлеп тұрады. бірақ орыстар олай емес. Қазақ тілінің деңгейін көтеру үшін орыс тілін қолдануға тыйым қою керек деп ойлаймын. өйткені қазіргі қазақтардың басым көпшілігі ана тілі борышын дұрыс өтемейді. тіпті мүлде!