
Досыма хат.
Сәлем,досым! Қалың қалай?Сабақ үлгерімің ше?Менде бәрі жақсы.Кеше ғана төрт пәннен бестік алғанмын.Маған кешегі күнім ерекше өтті.Не үшін дейсің ғой?Себебі,мен кеше ата-анаммен концертке бардым.Бұл концерт қазақ халық музыкалық аспаптарымен болды.Әрине,“нағыз қазақ – қазақ емес,нағыз қазақ – домбыра” демекші,басты аспап домбыра,одан кейін қобыз,шертер, сазсырнай,жетіген және т.б болды.Алғашында мен барғым келмеді.Заманауи әндерді таңдайтын мен үшін бұл концерт іш пыстырарлықтай өтеді деп ойладым.Барғым келмейді десем де ата-анам күштеп апарды әрі үйде жалғыз қалуға қорқатынымды сен білесің ғой.Алайда,концерт мен ойлағандай емес, жоғарғы деңгейде өтті.Концертте Қазақ КСР-нің Халық әртістері,әйгілі опералық және камералық әншілер Әлібек Дінішев және Ермек Серкебаев өз өнерлерін көрсетті.Әлібек Дінішев “Люблю тебя,мой край родной” әнін орындаса,Ермек Серкебаев “Абай” операсын айтты.Және де қазақ примадоннасы атанған Роза Рымбаева да келді.Ол “Бір бала” әнін айтып,көрермендерді,соның ішінде мені бір тебіренткен еді.Осыдан кейін мен концерттерге барып тұруды шештім.Өйткені,ол мен ізденіске, зейінділікке үйретті.Сені бірге баруға шақырамын.
Хат жазған: (сенің есімің/твоё имя).
ответ:М.Мағауин атақты жазушылардың бірі.Ол Семей облысында дүниеге келген.Қазақтың аса көрнекті жазушысы ретінде танылған.Өнері мен білімі көптеген жетістіктер мен шыңдарға шығуға көмектесті.Мысалы 1984 жылы Қазақстанның халық жазушысы,2002 жылы Тарлан сыйлықтарын алды.1962 Қазақ мемлекеттік университетін бітіріп шыққан.Қазақ отбасында тәрбиеленген.М.Мағауиннің Бір атаның Балалары повесін алар болсақ бұл повесте әр ұлттың балаларын қазақ отбасылары асырап алып,өз перзентіндей қарағаны туралы айтылады.Тағдыр тәлкегіне түскен балаларға көмек беруі туралы жазылады.Мағынасы тереңде жатқан повес жетім балалардың өмірін суреттейді.Өзінің керемет сөз саптауымен,керемет әңгімелері мен повестерімен танымал болған қазақтың аса көрнекті жазушысы М.Мағауин.
Объяснение: