Арти2004
28.12.2022 00:50

Төмендегі есімдіктермен сөйлемдер құра . ( Составлять предложения с местоимениями ) . біз - мы осы – это , эта , этот сен - ТЫ қалай ? – как ? каким образом ? қайда ? - где ? біреу – некто , кто - то мен - Я ол – он , она түгел - все ; весь ; целиком әркім – каждый​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
айка392
25.09.2021 08:28
Пайда ойлама, ар ойла
Талап қыл артық білуге.
Артық ғылым кітапта,
Ерінбей оқып көруге.
Военный қызмет іздеме,
Оқалы киім киюге.
Бос мақтанға салынып,
Бекер көкірек керуге.
Қызмет қылма оязға,
Жанбай жатып сөнуге.
Қалай сабыр қыласың,
Жазықсыз күнде сөгуге?
Өнерсіздің қылығы –
Тура сөзін айта алмай,
Қит етуге бата алмай,
Қорлықпенен шіруге.
Аз ақшаға жалданып,
Өнбес іске алданып,
Жол таба алмай жүруге.
Алыс та болса іздеп тап,
Кореннойға кіруге,
«Талапты ерге нұр жауар»,
Жүріп өмір сүруге.
Я байларға қызмет қыл,
Ерінбей шауып желуге.
Адал жүріп, адал тұр,
Счетың тура келуге.
Жаныңа жақса, соңынан
Жалқауланба еруге.
Қисық болса, закон бар
Судьяға беруге.
Ол да оязной емес қой,
Алуға теңдік сенуге.
Я өз бетіңмен тәуекел,
Занимайся прямотой.
Жеңіл көрме, бек керек
Оған да ғылым, оған да ой,
Калайынша қайда енуге?
0,0(0 оценок)
Ответ:
trenter
14.12.2021 06:14

кәсіпкерлік қызмет – тәуекелге бел буып жасалынатын экономикалық әрекет, тауарларды өндіру және сатудан, іс-шарадан,көрсетілген қызметтерден, істелген жұмыстардан жүйелі пайда алуға бағытталған дербес қызмет. Осы мақсатта өзінің мүліктік жауапкершілігі кепілдігі, материалдық емес активтер, сондай-ақ кәсіпкердің жеке еңбегі немесе сырттан тартылған еңбек күші пайдаланылады. Кәсіпкердің жұмсаған ақшасы өтелетеніне, өндірілген тауар пайдамен сатылатындығына кепілдік болмайды. Осыған байланысты меншікті жартылай немесе толықтай жоғалту қауіпі бар.

Көптеген елдерде кәсіпкерлік қызмет жасау үшін ресми тіркелу талап етіледі, алайда оның шарттары мен өлшемдері әр түрлі болуы мүмкін. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, кәсіпкерлік жұмыс заңды тұлғамен немесе заңда белгіленген тәртіппен тіркелген жеке тұлғамен (жеке кәсіпкер) басқарылуы мүмкін. Қазақстан азаматтары мен шет мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ, азаматтардың бірлестіктері кәсіпкерлік субъектілері болып табылады. Жалдамалы еңбекті қолданбай жүзеге асырылатын кәсіпкерлік жеке еңбек қызметі ретінде тіркеледі, жалдамалы еңбекті қолдану жолымен жүзеге асырылатын кәсіпорын ретінде тіркеледі. Кәсіпкердің еңбегіне ақы төлеу нысаны, тәртібі мен талаптары шартпен айқындалады, жеке табысқа салық салынуға тиіс Меншікті мемлекет иелігінен алу, кәсіпорындарды жекешелендіру кәсіпкерлік үшін қолайлы жағдай туғызатын экономикалық үдерістер болып табылады.

Кәсіпкерлік – нарықтық экономиканың барлық институттарына енетін неғұрлым жекеше жағдайы. Қызметтің бұл түрі, көбінесе, адамның жеке басымен – кәсіпкермен байланысты. Ол жаңа істі қолға алады, жаңа енгізілімді іске асырады, тәуекелдікке бас тігеді. Қазақ тілінде кәсіпкерлік пен бизнес сөздері синонимдер ретінде қолданылады, бірақ кей жағдайларда екі әр түрлі мағына білдіруі мүмкін.

Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігі пайданың көлемімен ғана емес, сондай-ақ кәсіпорынның нарықтық құнының (гудвилла) өзгеруімен өлшенеді. Кейде әлеуметтік кәсіпкерлік бөлек санатқа жатқызылады.

Бизнес құрған адамдарды «кәсіпкер» деп атайды, яғни «дамуға құлшынысы бар, кәсіпте біршама тәуекелге баратынына қарамастан, оны ұйымдастырып, басқару арқылы пайда табу» үшін жұмыс істейтін адам. Кәсіпкерліктің анықтамасы бизнесті ашу мен жүргізуге негізделгенімен, бизнес ашудағы тәуекелдің молдығынан жаңа ашылған кәсіпкерліктердің жабылуына тура келеді. Оған мыналар да себеп болуы мүмкін: қаржының жетіспеуі, сәтсіз бизнес шешімдер, экономикалық дағдарыс немесе осы аталып кеткендердің барлығы немесе нарықтағы сұраныстың болмауы. 2000 жылдары «кәсіпкерлік» ұғымы ұлғайып, кейбір тұлғалар мен топтардың қалай және неге жетістікке жететіні туралы, кәсіпкерлер мүмкіндіктерді қалай пайдалана білетіні туралы түсінік беруге ұмтылды. Соңғы өзгертулер бизнес процесінің табиғатының белгісіздігіне, мүмкіндіктердің барына қарамастан, олар пайда әкелмейінше байқаусызда қалатынына негізділген.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота