qwdv
04.09.2022 23:56

Үтік 1882 жылдың 16 маусымы ресми емес мереке - Үтік күні. Осы күні американдық
өнертапқыш Если Генри электр үтігін ойлап тапты. Үтік
киім-кешектердің
мыжылыстарын тегістейтін, яғни үтіктейтін тұрмыстық техника. Тігін жұмыстары кезінде
ылғалды-жылумен матаны тегістеу, жатқызу, бөлшектерді созу және отырғызу.
желімдеу, форма беру үшін үтік өте қажет. Алайда үтіктеу бір қарағанда оңай
көрінгенімен, іс жүзінде кейбір маталардың қыртысын жазуға біраз әрекеттену керек
екенін байқаймыз.
Киім қыртысын жаюдың амалдары. Бірінші кезекте матаның ішкі жағында
орналасқан затбелгісіне назар аударыңыз, Онда затты қалай күту керектігі жайлы барлық
мәліметтер жазылады. Егер үш нүктелі үтік белгісі тұрса, бұл матаны максималды
температурада үтіктеуге болады дегенді білдіреді. 200 С дейін температурамен мақта,
зығыр маталарын үтіктеуге болады. Екі нүктелі үтік белгісі орташа температурада, 130 С
дейін температурамен жібек, вискоза, полиэфир, полиэстерден жасалған киімдерді
үтіктейді. Ал бір нүктелі үтік белгісі сәл қыздырылған 120 С дейін температурамен
нейлон, капрон, вискоза, полиакрил, полиамид, ацетатты ұқыптап үтіктеу керек екендігін
білдіреді. Үтік белгісі сызылған болса, онда бұл затты үтіктеуге болмайды деген сөз.
Үтіктеу кезінде су сепкішті пайдаланбағаныңыз жөн, кейбір кезде бұл жібек
матаның бетіне дақ қалдыру мүмкін. Үтіктің су қоймасындағы судың мөлшері мен
тазалығын қадағалауды ұмытпаңыз. Тек таза суды пайдаланыңыз.
(187 сөз)
Төмендегі сұрақтарға мәтіндегі деректерді қолдана отырып, жауап беріңіз. 1. Мәтін
бойынша берілген шартты белгілерді ашып жазыңыз.​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
ИльяФеоктистов
29.02.2020 10:23
Ана жайлы ойыңды, айтып тауса алу мүмкін емес. Әркімнің өз анасына деген махаббаты шексіз. Мен де анамның маған сыйлаған мәнді өмірі үшін алғысымды айта отырып, өз ойымды аз да болса жеткізгім келеді.
Ана! Ана! Ана! «Ана» дегенде толқымайтын жүрек, толғанбайтын жан жоқ. Осы үш қана әріптен тұратын «ана» сөзінің астарында ұшан теңіз ой жатыр. Ана — әрбір а үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз. А алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді. Адамның аузынан шығатын ең алғаш сөзі де – «ана». Міржақып Дулатов ағамыз айтқандай, бізді сүйетұғын, күйетұғын, әрқашан қамымызды ойлап жүретұғын абзал жанды адам, бұл – ана. Алдыңа қойған мақсатыңа жетуің үшін ана жанын қиюға да дайын. Ана баласының үлгілі азамат боп өсуі үшін бар күшін салып, тер төгеді. Ананың махаббатына, құдіретіне тамсанған талай ақын әнін арнап, жырын жазып, талай жазушы қалам тербеген.
«Анаңды меккеге үш арқалап барсаң да, қарызын өтей алмайсың» деген дана қазақ халқы. Шынында да, осыншама қиналып, көз жасын төге жүріп, бізді өсірген анаңа қолыңнан келгеніңнің бәрін істесең де, оның бәрі анаңның түн ұйқысын төрт бөлген бір күніндей ғана. Өз парызыңды өтеу, бұл – ана алдындағы парызды өтеу.Қаншама байлық иесі болсаң да, әлемге әйгілі адам болсаң да, анаңды, оның саған жасаған жақсылығын ұмытпау – сенің өмір бойындағы борышың. Қай адам қолынан келген сый – құрметін жасамады десеңші, шіркін! Бірақ соның бәрі анаңның бір ауыз жылы сөзіне де жетпейді. Дүниенің нұры, өмірдің гүлі, қызықтың қызығы – ананың қолында. Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді. 
Қорыта айтқанда, барлық адам ана алдындағы парызын өтеп, ақ сүтін ақтап, ананың шашына ақ түсірмей, тек осы киелі жандардың бақытты болуын ойлау керек. Себебі ең бақытты адам – анасы бар адам. Жер бетіне жақсылық нұрын себетін аналарымыз аман болсын!
0,0(0 оценок)
Ответ:
boginyanatasha
01.02.2021 02:27
Жаңа жыл - менің ең сүйікті мейрамым. Жаңа жыл мерекесін неге соншалықты жақсы көремін? Өйткені, барлығы қуанышты, бір-біріне сыйлықтар ұсынады. Бұл күнге арнап барлығы үйлеріне шырша алып, бірге оны безендіреді. Көше бойы жарқырап, мерекенің келуін сезе бастайсың. Кешке қарай аспан түрлі түсті салюттерге толады. Жаңа жыл түні менің отбасым Президенттің құттықтауын есту үшін, телевизордың алдында жиналады. Президент құттықтау сөзін айтып жатқанда, мен өзімнің алдыма көптеген мақсаттар қоямын, ішімнен тілегімді тілеймін. Жаңа жылдың ең кереметі - ол менің отбасымның бірге жиналуы. Өтйкені менің отбасым мен үшін ең қымбатты.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота