Алтын орда әдебиеті жас ұрпақты патриоттық отаншылдыққа тәрбиелейтін құнды мұра.Осы ретте тарихи жырлардың («Еңсегей бойлы ер Есім», «Абылай хан», «Қаракерей Қабанбай батыр», «Қанжығалы Бөгенбай батыр», «Шақшақ Жәнібек батыр», «Райымбек батыр», «Ер Жәнібек», «Олжабай батыр», «Өтеген батыр», «Исатай-Махамбет», «Досан батыр», «Сұраншы батыр», «Бекет батыр», «Кенесары-Наурызбай», «Жанқожа батыр», «Арқалық батыр», «Ер Әжібай», т.б.) негізгі идеялық мазмұны елді басқыншы жаулардан қорғап, ел мен жердің бүтіндігін сақтау болып келеді.
Әдебиетте батырлар (Ер Есім, Төле би, Қабанбай, Бөгенбай, Абылай, Шақшақ Жәнібек, Райымбек, Олжабай, Ер Жәнібек, Барақ, Ер Әжібай, т.б.) қорқуды білмейтін, жаужүрек жандар. Сонымен қоса батырлардың жекпежектері мен мінген аттарына ғана мән беріліп қоймай, олардың сыртқы тұлға-бітімдеріне де назар аударып, жалпы жұртқа үлгі ете жырлаған. Сөйтіп, елдік пен ерлік туралы халық идеясын жарқырата ашқан. Батырларға портреттік сипаттама берумен бірге олардың адамгершілік қасиеттері де қаға беріс қалмаған. Осы ретте хандар да жырдың негізгі қаһармандары қатарында көрінеді. Ханның әділ болуы – елдің бағы. Елін құрап, ерін біріктіріп берекеге шақырса, бұл – ханның ақылдылығы. Ел тағдырын ойлап, әр істі ақылдасып шешу де ханға қажет әрекет. Біз сөз еткен жырлардағы хандар – ел мүддесін алғы кезекке қойған жақсы істерімен жарқырап көрінетін тұлғалар. Сондықтан олардың іс-әрекеттері мадақ етіледі, барынша шынайылықпен өрнектеледі.
Құстар – табиғаттың көркі! (шығарма)
Құстар өзгеше болып жаратылған құбылыс иесі. Бейне біздің аспан Әлеміндегі қорғаушымыз сияқты. Сияқты емес солай да. Себебі көк аспан олардың туған мекені. Көкті құссыз, құсты көксіз елестету қиын. Біздің көгімізде құстар сайрап жүрсе, жердегі адамдар да тыныш, бейбіт өмір сүре алады. Біз көкке қарағанда көзіміз ең әуелі ұшқан құсқа түседі. Көп жағдайда күйкі тірлікпен олардың тыныс - тіршілігіне мән беріп, тіпті көкке көз тастап, бір де қарамаймыз. Ал, олардың көкте ұшқанын, жерге қонғанын зер салып, бақылап қарайтын болсаң, олар бейне бір жұмбақ құбылыс сияқты. Ешнәрсені ашып айта алмайды. Қуанышы да, реніші де ішінде сияқты. Бір құдіретті күшің болып, құстардың тілін меңгеріп алсаң, яғни құстардың тілін түсінер болсаң, тіпті басқаша әлемде өмір сүрген болар ма едік. Өзім солай ойлаймын, себебі, құс киелі жануар.