Объяснение:
кайратты- ержурек
тартипти-адепти
иманды-ибалы
сулу-адеми
батыр-мыкты
2
1768-1774 жылдары қазақ даласына Ресей империясының ұйымдастырған екінші зерттеу саяхаты барысында Х. Барданес Аягөздің бойында тастан қаланған Қозы Көрпеш есімді ғимараттың сақталғанын жазған.Мазар табаны төрт бұрышты таған түрінде (сырт жағынан ауданы 7,10x7,10 м, ішкі жағынан 3,38x3,38 м), жоғары қарай сүйірленіп, күмбезделіп өрілген. Биіктігі 11,65 м, еденінен күмбезіне дейінгі биіктігі 4,35 метр. Қабырғасы гранит қалақ тастан сабан аралас балшықпен қаланған, қалыңдығы 1,86 метр Кірер есігі шығысқа қаратылған. Оңтүстік-шығыс қабырғасында өлшемі 0,7x0,5 м саңылау бар (қабырғадан 2,3 м биіктікте). Қозы көрпеш – Баян сұлу мазарының жанында төрт тас мүсін болған. Олардың кескінін ең бірінші болып 1771 жылы Г.Волошин қағаз бетіне түсірген. Тас мүсіндерде үш әйел мен бір ер адам бейнеленген. Халық арасындағы аңыз бойынша, үш әйелдің біріншісі – Баян сұлу, екіншісі – сіңлісі Айғыз, үшіншісі – апасы Айтаңсық, ер адам – Қозы болса керек. Өкінішке орай, қазір бұл тас мүсіндер жоғалып кеткен. Ел ішіндегі аңыз-әңгімеде Қозы көрпеш – Баян сұлу мазарын және оның жанындағы тас мүсіндерді Сарыбайдың інісі Тайлақ би жасатқан деп айтылады.
Объяснение:
Менің кіндік қаным тамып, алғаш тәй-тәй басқан, алғаш «ана» деп күлім қаққан, апама еріп қой баққан елім, киелі жерім, ата мекен – Жерұйығым бар. Халық даналығы «Әркімге өз туған жері – Мысыр шаһары» деп бекерге айтпаған.
Туған жерін жырға қоспаған, туған жері жайлы толғанбаған ақын-жазушылар жер бетінде жоқ шығар.
Қасиетті де киелі елім! Сенің кең жазиралы төсіңде еліміздің сан ғасырлық шежіресін баяндайтын шынайы да анық, дәлелді тарих жатыр. Тамыры тереңге бой тартқан сара жолымыздың «Тәуелсіздік» атты бабалар аңсаған, біздер қолдап, қорғаған теңізде көш жалғастыруы – біздерге, келер ұрпаққа, беріліп отырған «баянды бақыт» дер едім.
Қазақстан – кең-байтақ өлке, ұлан-ғайыр жеріміз табиғат ресурстарына, шикізат көздеріне, тіпті, бай. Бұл ерекшеліктер «Тәуелсіздік» атты қасиетті ұғымға қол ұшын жеткізудің бір бағыты болды, бүгінде біз басқа да дамыған елдермен тереземізді теңестіру жолындамыз.Менің туған өлкемнің байлығы өте көп. Менің елім табиғи қазба байлықтарымен әлемге әйгілі.