sirkoct9n121
12.11.2021 21:43

Мәтіндегі үстеулерді теріп жазыңыз, үстеудің түрлерін ажыратып, дәптерге
жазып, тіркеңіз.Адамзат бүгінгі таңда әлеуметтік шиеленісті
өршітетін қоғамдық індеттердің бұғауынан
құрық үзіп, құтыла алмай отыр, бірақ көңілге
үміт ұялатар мүмкіндіктер де жоқ емес. ХІХ–ХХ
ғасырларда а ғылым мен
техникалық прогресте бұрын-соңды
болмаған ғаламат жетістіктерге қол жеткізді.
Нағыз ғылым дегеніміз – ғалам мен ондағы
құбылыстардың астарына үңіліп, шынайы
мәнін ұғыну және оның арқасындағы Ұлы
Құдіреттің мұратын сезіну. Табиғатты өзіне
бағындырарлықтай мүмкіндікте жаратылған
а ғаламды танып-білуге,
білгендерін көкейінде түюге тиісті. Көңілге
түйіп, көкейге тоқығандары арқылы
табиғатты құрық атып бас білдірген
тайыншадай дегеніне көндіріп, ықпал
жасаудың жолдарын қарастырады. Бұл
табиғаттың адамға аманат етілуі, ал адамның
Жаратушының әмірлеріне мойынсұнып, құл
екенін сезінуі дегенге саяды.
Қазіргі жағдайға ой жүгіртсек, физика, химия,
астрономия, медицина, т.б . ғылым салалары
уақыт озған сайын а ң игілігі
үшін түрлі жетістіктерін алға тартуда. Осыған
қарап ғылым мен технология адам
баласының игілігі үшін екендігін
пайымдаймыз. Бұдан үрейленудің де жөні
жоқ. Басқа келер қатерді ғылым-білімнен
немесе ғылым-біліммен қаруланған
дүниеден іздеу бос әурешілік, нағыз қатер
надандықта, санасыздықта және
жауапкершіліктен жалтарған табансыздықта.
Кейде ғылым-білімге сүйеніп, он ойланып,
тоғыз толғанған іс-әрекеттеріміздің өзі оңды
нәтиже бермей жататындығы белгілі. Бұған
түсіністікпен қараған жөн. Ал бірақ
білімсіздіктің, жоспарсыздықтың әрдайым
тұйыққа тірейтіндігін ұмытпау қажет.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
mihailgrand
09.09.2022 18:52

Елімізде ауыз толтырып айтып, мақтанатындай спортшылар аз емес. Солардың ішінде ең алдымен Александр Винокуровты атап айтып келеді. Ол - Қазақстанның және Астана Pro Team велокомандасының ең белгілі велошабандозы, «Vino» (Вино) деген атпен белгілі. 2012 жылғы Лондондағы XXX жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, Сидней Олимпиадасының вице чемпионы, әлем біріншілігінің қола жүлдегері, «Вуэльта» көпкүндігінің (2006 жыл) жеңімпазы. Оның есімі Қазақстанның спорт тарихына алтын әріппен жазылды десем, артық болмайды деп ойлаймын, себебі ол Қазақстаннан шыққан Олимпиада ойындарында алтын иеленген тұңғыш велошабандоз.

Еліміз Серік Сапиевті де мақтан тұтады. Ол ең танымал боксшылардың бірі, олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері. Оның есімі Қарағанды қаласында бокс орталығына берілген болатын.

Бұл ретте Илья Ильинді атамай кету мүмкін емес. Қазақстанның есімін бірнеше дүркін әлемге танытқан әйгілі спортшы. Ол - Қазақстандық зілтемірші (ауыр атлет). Қазақстандық тұңғыш олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы (2008, 2012), әлемнің төрт дүркін чемпионы (2005, 2006, 2011, 2014) және Қазақстан чемпионы. Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері.

Әрине, спортшылар тізімі осымен шектелмейді, бірақ өзім осы тұлғаларды ерекше мақтан тұтамын.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Рома2043
26.10.2020 15:33

-Сәлем!

-Сәлем!

-Жақында наурыз мерекесі болады.Сен ол мереке жайлы білесің бе?

-Жоқ. Маған Наурыз жайлы айтып берші.

-Наурыз қазақ халқының ұлттық мейрамы. Оны Ұлыстың Ұлы күні деп те атайды. Туыс-ағайын бір-бірін қонаққа шақырады, ақсақалдар батасын беріп наурыз-көжеден бәрі ауыз тиеді. Сен наурыз-къженің дәмін татып көрдің бе?

-Жоқ. Ол қалай дайындалады?

-Наурызда әрбір қазақ үйінде наурыз-көже дайындалады.

Оған жеті түрлі бидай түрін, сүрленген ет,су,тұз қосады.Ммм, шіркін тіл үйіретін дәмі естен кетпейді!

-Дәмі керемет шығар, менің Наурыз мейрамын енді күні-түні күтетін болдым.

-Сен әлі бәрін естімедің ғой! Бұл күні тойдың көкесін көрерсің! Палуандар күресі, көкпар,асық ату деген қазақтың ұлттық ойындары өткізіледі. Қазақ халқы ерте заманнан келген Наурызда ағаш отырғызу дәстүрін де ұмытқан жоқ.

-Мәссаған! Қандай тамаша! Мен осы жылы Наурызды өткізіп алмаспын!

-Ендеше мен сені біздің үйге Наурызды қарсы алуға шақырамын!

-Қонақжайлығыңа рахмет!

-Келесі кездескенше,сау бол!

- Сау бол!

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота