Vandannc
29.04.2023 04:17

керек көп берем Бала ұйықтағанда адам сенбес түстер көретін. Түсінде бала үстіне ақ халат киіп, зертхана ішінде жүргендей болатын. Әр түнде ұйқыға кетісімен түсінде жүргізген тәжірибелері күрделене түсті. Қарапайым көлбеу жазықтықтан төмен дөңгелеп түскен металл шардың уақытын өлшеуден күрделі физикалық-химиялық тәжірибелер реттерін тапты.
Он бір жасында бала көңілі түнгі аспанға ауды. Әжесінің сынған көзілдірігінен және ойыншықтар арасынан шыққан лупаны пайдаланып, қағаздан түтік орады. Галиео Галилей аспанға бағыттаған алғашқы телескоп сияқты еді. Телескоппы түнгі аспанға емес, күндізгі аспандағы жарық жұлдызға бағыттады. Галиео Галилей ашқан жаңалықты жаңғыртып мәз-мейрам. Өңінде дәлел тапқан тәжірибелер бала қолын қатайтып түстерін өңге айналдыруға жол салды. Жеткіншек бала қолы жетер заттарды пайдаланып, бір жыл ішінде Галилейдің, Ньютонның, Герцтің тәжірибелерін жасап, түстердің мыңнан бір бөлігін дүниеге әкелді. Өсе келе түнгі ұйқыда көретін түстері азайды. Көре қалса ғажап аспаптармен, құралдармен, машиналармен жұмыс істейтін. Көзінің өткірлігі қиялының шексіздігімен, тез ойша білген көргенін байланыстыру қабілетімен ауысты.
Алда оны үлкен істер, ашылмаған жаңалықтар күтіп тұрғаны анық.
 
2-мәтін
Жас жазушылар жинағының мазмұны бай. Палитрасы сан қырлы, алуан бояулы. Достықты, махаббат пен адамгершілік лағыл қасиеттерді қызыл тінге айналдырған лирикалық әңгімелермен бірге, туған жер, ел тағдырын толғаған тебіреніске толы туындылар, аңыз-әфсана, фантастика, сатиралық дүниелер де бар. Ендігі сөз – ғылыми-фантас­тика­­лық әңгімелері төңірегінде. Бая­нымызды  сабақтамастан бұрын қазақ әдебиетіндегі кенже жанрдың сыр-сипа­тына аз-кем тоқталған жөн шығар.
Фантастика. Аса қиын да, өте күрделі тақырып. Жалғыз ауыз сөздің аясы мейлінше кең. Бұл ұғымның қазақ сана­сындағы түйсік-түсінігі кенеусіз ауқымды, мақсат-мұраты шыңырау тұңғиық. Термин төркіні саналатын гректерде бұл атау – көзге елестету өнері дегенді түсіндірген. Осы тұрғыдан пайымдап, зерделер болсақ, қазақ халқының да ежелден арманшыл, ойшыл, қиялшыл екеніне көз жеткіземіз. Айғақ деректі аласұрып іздемей-ақ қояйық. Тілге тиек ретінде баба­лары­мыздың асыл мұрасы – қиял-ғажайып ертегілерін айтсақ та жетіп жатыр. Халық қиялынан туған хайуанаттар жайлы қиял-ғажайып, тұрмыс-салт ертегілерінде фантастика жанрының негізгі элементтері кездеседі. Бұған ең алдымен «Ер Төстік», «Қырық өтірік», «Керқұла атты Кендебай» тәрізді жауһар жәдігерлерімізді атар едік. Фантастиканың ғылыми жағынан дамып, қалыптасқанға дейін мифологиялық және діни шығармаларда орын алғанын көрсетеді.

Екі мәтіннің стилін ажыратыңыз. Мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін  салыстыра талдаңыз.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
ЯнаШемен
16.05.2022 09:10

Алып Ер Тоңға - түркі халықтарының арғы ата-тегі саналатын сақтар тарихынан сыр шертетін қаһармандық жыр. Біздің заманымызға “Алып ер тоңға” дастанының жалпы сюжеттік желісі мен жекелеген үзінділері ғана жеткен. 

Дастанның басты қаһарманы Алып Ер Тоңға - аты аңызға айналған тарихи тұлға. Ол - біздің заманымыздан бұрынғы VII ғасырда өмір сүрген Тұран елінің әміршісі. көреген көсемі, сақтар әскерінің қолбасшысы, ержүрек батыры, "Алып" - сақтармен ғұндар заманынан бері ел қорғаған батырлардың қолбасшы ерлердің атына қосылып айтылып келе жатқан мәртебелі есім.

0,0(0 оценок)
Ответ:
nastyalunina22
03.08.2022 13:36

Кеңес идеологтары О. Сүлейменовтың тұжырымдарын пантюркистік және орыс мәдениетіне қарсы жазылған ұлтшылдықтың көрінісі деп айыптады. Мұны автордың өз сөзімен айтқанда: «Кейбір өркөкірек, ұлттық намысы қозғыш шамшылдарға қатты батқаны: көне орыс ескерткіштеріне басқа ұлт өкілінің талдау жасап, пікір айтуы. Олардың ойынша мұндай зерттеу, мұндай пікірді, әсіресе славян түркі халықтарының көне мәдениеті және олардың өзара қарым-қатынасы туралы әуелгі пікірді басқа ұлттың өкілі емес, тек орыс халқының өкілі ғана болатын». Дәл сол кезде «АЗ и Я» кітабын оқуға тиым салынды. О. Сүлейменов қуғындалып, моральдық қысым жағдайына түсті.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота