hanabi7suzuha
04.09.2021 22:53

Казахский Жазылым,
Мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, интервью жазыңыз.
Әубәкіров Тоқтар Оңғарбайұлы-қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, Кеңес Одағының батыры, Қазақстан
Республикасының Халық қаһарманы. Ол 1946 жылы Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында өмірге
келген. Ол Ресей Федерациясындағы Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесін, Мәскеу ұшқыш-
сынақшылар мектебін, Мәскеу авиация институтын бітірген. Ол ұшақтың 50-ден аса жаңа түрін сынақтан
өткізген. 1990 жылы ғарышкерлер[ғұрамына алынды. 1991 жылы сәуірдің 2-сінде Кеңес Одағы
Ғарышкерлер даярлау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісті. Осы жылы қазанның 2-сінде
Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ұшты.
Ғарыш кемесі жер төңрегіндегі «Мир», «Орбита» кешенімен түйісті.
Талаптары:
• хабарлама интервьюдің негізгі мен қорытындысы болуы;
• тақырыптан ауытқымау;
• оқулық материалын және берілген мәтінді дерек ретінде пайдалану;
• сұхбат жүргізу барысында диалогта кем дегенде 5-6 репликадан құрылуы;​


Казахский Жазылым, Мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, интервью жазыңыз. Әубәкіров

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
246691
23.08.2021 12:14

1876 жылы мен судиялық орында тұрғанымда, екі ептеш адам бір-бірімен ұрысып арызға келді. Біреуі мешер, біреуі қазақ — екеуі де іскер, қазақтарға жер үй, ағаш үй істеп, көп мал тауып жүруші еді. Ұрыстарының себебі, мешер айтыпты:

— Қыстың күні тоңармыз, өзімізге бір жер үй салып алалық.

Қазақ айтыпты:

— Жоқ киіз қос істеп алалық, қысымызға да, жазымызға да бұл қолайлы. Біреу жұмысқа шақырса, қосымызды қыс болсын, жаз болсын артып жүре берерміз.

Мешер айтыпты:

— Ой, киіз үйің құрсын, не күндіз, не түнде бір жылынбай, бүрісіп отырғаның.

Қазақ айтыпты:

— Сенің ағаш үйің құрсын, көшсең артуыңа көнбейтін.

Сонымен, біреуі киіз үйді, біреуі ағаш үйді мақтап таласып отырып, бірін-бірі сөгіп, ақырында қайсымыздың сөзіміз дұрыстығын судияға сынатамыз деп маған келісіпті. Екеуі де өзіме белгілі ақкөңіл, бейнетқор адамдар еді.

Істің себебін білген соң, сұрадым:

— Айына екеуің қанша мал табасың?

Олар айтты:

— Екеуміз 40-50 теңге табамыз.

— Қос пен жер үйдің бағасы не болады?

Олар айтты:

— Екеумізге кішкентай ғана қос, кішкентай жер үй болса болады, жұмысын өзіміз істейміз, отыздай теңгемен істеп болар еді десті.

— Бұрын қайда тұрып жүруші едіңіз?

— Ел жайлауға кеткенде біреудің киіз үйін жалдап, жазына 10-15 теңге беруші едік. Қыс болса кез келген үйде жатып тұрушы едік. Не болмаса бір үйді меншіктеп жатсақ, оған да ақы беруші едік.

Сонан соң айттым:

— Екеуіңнің де сөздеріңіз дұрыс. Киіз үй көшіп-қонып жүруге қыстаудан бір қыстауға көшіп, сонда алып жүруге киіз қос қолайлы, және жаз қоста қону түгіл, ауасы да ағаш үйден жақсырақ болады. Соның үшін сен қазақ бір шағын қос істеп ал. Қыс қазақ үй салдырмайды, ол уақытта сіздер әртүрлі уақ жұмыс істейсіз, көбісінше үйде отырып. Күні бойы далада жүрген жұмыс адамына, түнде бір мезгіл жылы жер де керек, дұрыстап дем алып, және жұмысқа ренжімей даяр болуға. Соның үшін, сен мешер, бір жер үй істеп ал. Сонымен жаз қосты алып жүріп сонда тұрасыз, қыс жер үйде тұрарсыз, және жыл сайын біреудің үйін жалдап жүрген ақшаңызға неше жылдық қос пен үй істеп алсаңыз, ақырыңда бұл пайдалы болар дедім.

Екеуі де төре маған тиді деп шығып бара жатқанда, және шақырдым:

— Екеуің жер үйді бірігіп істейсіндер ме, жоқ бөлек істейсіндер ме?—деп сұрадым.

Қазақ айтгы:

— Үйін мешер өзі істей берсін, мен қос тауып аламын.

Сонда және төрелік айттым:

— Сен, мешер, жаз болса мынау қазақтың салған қосында бірге тұрарсың, соның үшін қостың жарты пұлын сен төле, сен, қазақ, қыс болса, мынау мешердің жылы земленкесінде бірге тұрарсың, соның үшін земленкені сен де бірге істе.

Екеуі де менікі дұрысқа шықты деп, құлдық ұрысып, шығып кетісті.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Ангел89178931527
10.11.2020 19:40

Адамдық диқаншысы қырға шықтым,11

Көлі жоқ, көгалы жоқ құрға шықтым.11

Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім,11

Көңілін көгертуге құл халықтың.11

Қор болған босқа кетіп еңбек, бейнет,11

Құлдарға құлдықтан жоқ артық зейнет.11

Оттай бер, жануарым екі аяқты,11

Адамдық хайуанға қанша қажет?!11

Жаратқан малды Құдай не керекке-11

Мінуге, сою, соғу, жүндемекке.11

Жорта бер қамыт киіп, қамшыңды жеп,11

Бұйрық жоқ ұрасың деп үндемекке.11

Таяққа еті үйренген қойшы жайлап,11

Көк есек қозғала ма түрткенге айдап?11

Есептен алданғандай болғандар көп,11

Жасықты асыл ма деп білмей қайрап.11

Объяснение:

Барлыгы:176буын

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота