
Шоқан (Мұхаммедханафия) Шыңғысұлы Уәлиханов – XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ даласында туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің алғашқы және талантты өкілдерінің бірі. Қазақтың әр алуан ғылым көкжиегінде өшпес із қалдырған мәңгі жарық жұлдыздар шыңында қазақ ұлтының абзал перзенті Шоқан Уәлиханов бар. Оның философия, этнография, тарих, экономика, фольклор, әдебиет теориясы жайлы құнды-құнды еңбектері мен пікірлері ұлттың тұтас құндылығына бағалауға тұрарлық шығармалар. Шоқан 1835 жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде туған. Жасында ауыл мектебінен мұсылманша хат таныған Шоқан кейін орыс мектебі тәрбиесінде өскен.
«Ана тілі» өлеңінде туған топырағының бар маңызын бойына сіңірген Расул Ғамзатов өз халқының дана қасиеттерін, кесек мінездерін алға тартады. Елмен жерге, ана тіліне деген іңкәрлік жырланады. «Ұлттың тілі – ұлттың ділі», қандай ұлт болсын, оның ең басты байлығы – ана тілі. Тіл — адам жанының тілмәші. Тілсіз ұлт, тілінен айырылған ұлт болып жасай алмақ емес, ондай ұлт құрымақ. Ұлтының ұлт болуы үшін тілінің болуы аталып өтіледі. Адам бойына нәр беретін, күш беретін –ана тілі. «Егер тілім ертең болса құрымақ, мен дайынмын өлуге де бүгін-ақ» дей отырып, жастарды патриоттыққа, отансүйгіштікке олардың елін-жерін сүйетін, ана тілін ардақтайтын, рухы биік, ұлтын пір тұтатын азамат болып өсуге шақырады.
Объяснение: