
Қазақ аспан есепшілері – аспанның оңтүстік және солтүстік бағыттарын аспан жұлдыздарын қарап өте жақсы айыра білген. Мұнда өздері отбасында үнемі тұтынып жүрген шөмішке ұқсаған «жеті қарақшы» жұлдызын жазбай таниды. Ол жұлдыздың айналу қозғалысын үнемі бақылап, бағыт-бағдарын айырып отырды. Сол арқылы аспан әлемінің оңтүстігі мен солтүстігін жазбай-жаңылмай парықтайды.
Ал аспанның қақ ортасында оттай маздап нұр шашып жанып, қозғалмай тұрған жарық жұлдызды «темір қазық жұлдызы» деп атады. Оны ат арқандайтын қазыққа ұқсатты. Темір қазық жұлдызына ең жақын тұрған екі жұлдыз бар. Оның бірі – жеті қарақшы жұлдызы, енді бірі – өрмекшіге ұқсаған «өрмекші жұлдызы» немесе «қарақұрт жұлдызы», болмаса «бүйе жұлдызы» деп атады. Қазақ есепшілері ең әуелі басқа жұлдыздардан бұрын осы жұлдыздарды жақсы білді. Әрі бұл жұлдыздарға қазақ тілінде осындай жарасымды аттар тауып қойды.
Ананың пейілі
Ана деген әрбір адам үшін өмірдегі ең асыл жан. Аналарымыз бізге өмір сыйлап, ақ сүт беріп, тәрбиеледі. Аналарымыз пейілі кең, мейірі мол, кешірімді жандар.
Қандай ана болмасын, өз баласы үшін түн ұйқысын төрт бөліп, ауырып қалса, емдеуге бар күшін салады.
Бойымыздағы бар жақсы ізгі қасиеттер бізге ана сүтімен дариды, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Ана болу – бүкіл өміріне кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып қағуда, ол ана өзін-өзі ұмытып барлық күш жігерін сарқа жұмсайды, бұдан оның жаны байи, нәрлене түседі.
Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрметтеп, сыйлау әрбір баланың парызы. Қазақта "Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, ақ сүтін ақтай алмайсың" деген нақыл сөз бар.