Адам мен табиғат әрқашанда егіз. Табиғатты қорғаушың, асыраушың деуге болады. Табиғат, Жер Ана, Отан, Туған жер, Атамекен деген құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезім ұялататын ұлы да қасиетті, бір-бірімен мағыналық мазмұны бай сөздер. Табиғат пен Жер Ананы сүйе білу, оны аялау адамның азаматтық борышы. Өзіміз күнде көріп жүрген салақтық пен немкеттілік те табиғатты бүлдіреді екен. Саяхатқа шыққанда немесе демалып отырған жерге қалдыра салатын әр түрлі қалдықтар суды ластайды. Сөйтіп, табиғатты бүлдіретін өзіміз екенбіз. Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Елді мекен маңындағы ағаштардың кесілуі, бұлақ көздері мен өзендердің ластануы, кейбір аңдар мен құстардың жойылуы бұл табиғатты жоюдың бірі. Табиғат – бүкіл тіршілік атауының алтын ұясы және аялы бесігі, құтты қонысы мен өсіп-өнер мекені. Табиғат – адамға қажет баға жетпес байлық, ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі Табиғат адам өмірінің барлық қажетін толық өтей алу үшін ол міндетті түрде ештеңемен былғанып уланбауы тиіс. Адам өзінің де, табиғаттың да досы, санасыз іс-әрекет жасаса, жауы бола алады. А табиғаттың ең ұлы перзенті болумен бірге ең ұлы қамқоршысы екенін ешқашан естен шығармауымыз керек. Табиғат адам бойына шабыт, көңіліне қуат, сезіміне сұлулық пен сағыныш ұялатады. Адам бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын мол тәрбие көзі. Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақталғанда, а үшін табиғат – кең сарай мәңгі тозбас құтты қоныс болатынын ешқашан ұмытпайық!
Алматым менің Алматымда тұр алаулап Алтын нұры айдың Жүрдің бе сен тамашалап Көшесінде Абайдың Алматының бағы қандай Алмасының дәмі балдай Алма дидар арулар Қыз Жібек пен БаяндайКөктөбеде ақ отау бар Саясында Арман Бұлттан асқан Алатау бар Мұз бен гүлден жаралған Алматының бағы қандай Алмасының дәмі балдай Алма дидар арулар Қыз Жібек пен Баяндай Алматының кеші қандай Алатаудың төсі қандай Күн қала бұл,Ай қала Аймала жел, аймала Алматының бағы қандай Алмасының дәмі балдай Алма дидар арулар Қыз Жібек пен Баяндай Өстім сенде жарқын таңда Жастық отын жағып Мен есейіп марқайсам да Сен өсе бер жасарып Алматының бағы қандай Алмасының дәмі балдай Алма дидар арулар Қыз Жібек пен Баяндай
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку