Aizirek02
05.07.2022 17:25

Оқылым . Айтыс дәстүрі

Айтыс - қазақ халқының ең жақсы көретін өне түрі.Көптеген ғасырлар бойы

халқымыз ақындарды арнайы айтыстыратын болған. Ақындар айтыс арқылы өз ойларын

ашық айта білген. Айтыс кезінде барлық айтылған сөз ескеріліп, хан да, халық та ақынның

сөзіне қарсы тұрмаған. Айтыс кезінде екі ақын бір-бірімен өлең сөз арқылы жарысады.

Айтыс халық алдында сол сәтте ойдан шығарылып орындалады. Осылайша орындайтын

ақындарды суырып салма ақындар деп атайды. Әр ақын өз елінің намысын қорғайды.

Қарсы ақынның мінін табуға, кемшілігін көрсетуге тырысады. Сол арқылы қарсыласын жеңіп шығуды көздейді. Ақындар айтыс кезінде өз туындысын домбыраға, қобызға, сырнайға қосып

орындайды. Айтыстың жеңімпазын анықтайтын тыңдаушы халық.

Қайым айтыс - қыз бен жігіттің әзіл-қалжыңына құралады. Бұл айтыс ойын-

сауық, той-думандарда орындалады. Қыз бен жігіт бір-біріне деген махаббат

сезімін қайым айтыс арқылы білдіріп отырған. Қайымдасу соңында қыз жігітке сақина-

жүзігін қалдырған. Сол арқылы қыз жігітке өз сезімін білдірген.

Айтыстың барлық түрi екiге бөлiнедi. Бiрiншiсi - түре айтыс, екiншiсi - сүре айтыс.

Ақындардың бiр – бiр ауыз өлеңмен қысқаша жауаптасуын түре айтысы деп атаймыз.

Түре айтысты атақты ақындармен қатар айтысты жаңа үйреніп жүрген көпшiлiк те

қолданған. Түре айтыс - айтыстың шапшаң жауаптасу түрі.

Суырып салма өлеңдерге әбден төселген, нағыз ақындардың ұзақ сөйлеп айтысуын –

сүре айтыс деп атаймыз. Сүре айтысында көбінесе ел жағдайы, халық тағдыры, ру

намысы сөз болады.

1-тапсырма.Мәтін мазмұны бойынша 3 дұрыс жауапты анықтаңыз,белгілеңіз.

Ақындар айтыс кезінде өз туындысын ... қосып орындайды.

А) домбыраға Д) жетігенге

Б) сыбызғыға Е) қобызға

С) саз сырнайға Ж) сырнайға

2-тапсырма. «Шын» ақпаратты анықта

А) Ақындар айтыс арқылы өз ойларын ашық айтқан

Б) Айтыс арқылы әр ақын қарсыласының жетістіктерін көрсетеді

С) Түре айтыс- айтыстың ұзақ сөйлеп айтысуы

3-тапсырма.Сұрақтарға жауап бер.

Айтыстың қандай түрлерін білесің?Айтыстың түрлерін сипаттаңыз.

Қазіргі айтыскер ақындарға өз пікіріңізді білдіріп, жауап жазыңыз.

4-тапсырма.Сөздің синонимін тап.(3 дұрыс жауап).

«Шапшаң»

А) тез Б) жылдам

С) баяу Д) жедел

5-тапсырма.Жазылым.Берілген тақырыптардың бірін таңдап эссе жазыңыз.

Жазылымда орфографиялық,пунктуациялық нормаларды сақтап,себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемдерді орынды пайдаланыңыз.(60-70 сөз)

1. «Байқоңыр - ғарыш айлағының экологиялық мәселелері»

2. «Ел болашағы- жастардың қолында»​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
черныйЗайка
27.11.2021 00:49

Менің әкем туралы.

Әке деген - біздің асқар тауымыз, қорғанымыз, панамыз және асыраушымыз. Бұл дүниеде, менің ойымша, адамның екі ең жақын адамы бар: бірі - Ана болса, екіншісі - Әкеміз. «Әке көрген оқ жонар» деп бекер айтылмаса керек. Себебі әке бала үшін, әсіресе ер бала үшін ең жақын дос, сырлас, әрі үлгі тұтар азамат.

Әрбір шаңырақта, әсіресе қазақ отбасында, әкенің алар орны ерекше. Себебі, әкенiң мiнез — құлқы, өзгелермен қарым — қатынасы, өнерi мен бiлiмi — баланың көз алдындағы үлгi, өнеге алатын, оған қарап өсетiн нысанасы. Отбасының пейiл — береке, ынтымағы үшiн отағасының әдiл, ұстамды болуы орасан маңызға ие. Оның тәрбиелiк рөлi де зор. «Әке — асқар тау», «Әке — балаға сыншы» дейдi халқымыз. Әке қамқорлығы дегеніміз – отбасы мүшелерін әртүрлі пәле-жаладан қорғап отыратын қасиетті ұғым. Сондықтан әкені сыйлау, оған үлкен құрметпен, ілтипатпен қарау баланың парызы болмақ.

Менің әкемнің есімі – Қанатбек. Ол – полиция қызметкері. Менің әкем жұмыста қатал болып көрінгенімен, балаларына мейірімді әке. Біз әкемізді мақтан тұтып, ол кісіден жақсы үлгі аламыз. Әкеміз күн –түн демей, қоғам қауіпсіздігі мен елдің тыныштығы үшін қызмет етуде.

Мен өз әкеммен уақыт өткізіп, ол кісіден бар нәрсені үйренгенді ұнатамын. Менің ойымша, ұл баланың тәрбиесі көбінесе әкеге байланысты. Әкем екеуміздің қарым - қатынасымыз өте жақсы, мен әкемнен кез - келген мәселе бойынша ақыл сұрап,сырласа аламын. «Тек әкелер сендер ғана лайықсың, хан сарайы, «патша» атағына» деп өлең жолдарында айтылғандай асқар тау әкелерімізді қадірлеп, ол кісілерді үлгі тұтайық!

0,0(0 оценок)
Ответ:
NoRMTaKK
16.04.2020 20:34
Мен еліміздің бас қаласы Астанамызға барып келдім. Оның барлық жері көздің жауын алады. Әсіресе, Думан, Мега, Ханшатыр, Керуен және осыған ұқсас тағы басқа отбасыларға арналған ойын-сауық орталықтарын айтып өте аламын. Себебі, бұл ғимараттардың салынуы ерекше болып келеді. Ал Бәйтерек Астанамыздың, жалпы Қазақстанымыздың басты символы болып табылады. Оның көріктілігі керемет екенін түсіндім. 
 Астана қаласының көбісі таза қазақ тілінде сөйлейді екен. Қарсы алуы да ерекше. Астанада көптеген ұлттар жүреді. Олар да мен сияқты Астананың тазалығына тәнті болды деп ойлаймын. Менің бұл қызық та тамаша сапарым менің көңілімнен шықты  
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота