Үндестік заңы дегеніміз – сөз ішіндегі дыбыстардың бір-бірімен үндесіп,біркелкі болып қолданылуы.Үндестік заңының 2 түрі бар:буын үндестігі және дыбыс үндестігі.
1) Буын үндестігі – сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан не жіңішке болып үндесуі.Түркі тілдері,оның ішінде қазақ тілі буын үндестігіне негізделеді,яғни қазақтың төл сөздері не бірыңғай жуан не бірыңғай жіңішке болып келеді.
Мынадай сөздерде:
1.қос сөздерде (аман-есен,асты-үсті т.б.)
2.біріккен сөздерде (шекара, ба з,кәсіпорын т.б) буын үндестігі сақталмайды.
Буын үндестігі сөз бен қосымша арасыңда да сақталады,яғни сөзге жалғанатын қосымша сөздің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарай жуан не жіңішке жалғанады.Мысалы:тас-қа (тас-ке емес),үй-лер (үй-лар емес),құс-ты (құс-ті емес) т.б.
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалармен қатар (-мен,-бен,-пен,-нікі,-дікі,-тікі,-паз,-қор,-қой т.б.),кірме сөздерде де буын үндестігіне бағынбайтын жағдайлар болады (кітап,алгебра,цехтан,рульді т.б.).
2) Дыбыс үндестігі дегеніміз – қатар келген екі дыбыстың бір-біріне ықпал етіп үндесуі.Оның 3 түрі бар: ілгерінді ықпал, кейінді ықпал, тоғыспалы ықпал.
1.Ілгерінді ықпал – қатар келген екі дыбыстың алдыңғысының соңғысына әсер етуі.Мысалы:қаш-са (қашша),көзқарас (көзғарас),ақ балық (ақ палық) т.б.
2.Кейінді ықпал – қатар келген екі дыбыстың соңғысының өзінен бұрынғы дыбысқа әсер етуі.Мысалы:бас+шы (башшы), Есенгелді (Есеңгелді),он бес (ом бес) т.б.
3.Тоғыспалы ықпал – қатар келген екі дыбыстың бір-біріне ілгерінді-кейінді ықпал етіп, екеуінің де өзгеріске ұшырауы.Мысалы:Досжан (Дошшан),Жиенқұл (Жиеңғұл),тас жол (ташшол) т.б.
батырларға тағзым
қазақтың ұланғайыр ұлы жерін қорғаған ерлер ерлігі сан ғасырлар бойы сан ұрпақты отаншылдық рухқа бөлеп келеді. ел мен жер тұтастығын сақтап, жаудың бетін қайтарған батырлардың өршіл рухы мен тағылымды өмірі қандайда болмасын құрметке лайық. елдің елдік қасиетін үстеп, тарих тағылымына жетелейтін игілікті іс шара тәуелсіздігіміздің рухани тұғырын барынша нығайта түсері хақ. сондай мәні мен мағынасы ерекше мәдени іс-шара қарағанды қаласы маңындағы шахан кентінде болып өтті. аталмыш кенттің мәдениет үйі алдында кезінде «күн көсем» ленин ескерткіші тұрса, ендігі кезекте қазақтың шерубай биболдыұлы (1693 ж..т. – қайтыс болған жылы белгісіз), таймас бектасұлы (1795-1870), мәнжі күржікейұлы (1815-1911) сынды айбынды батыр ұлдарына ескерткіш (стелла) тақтасы орнатылды.
шерубай биболдыұлы жоңғар шапқыншылығына қарсы жүргізілген соғыста қолға ту ұстаған атақты қолбасшылардың бірі. ал таймас бектасұлы, мәнжі күржікейұлы ресей отаршылдығына қарсы азаттық күресін жүргізген ұлы тұлға кенесары қасымұлының сенімді батырлары болған. міне, сапар епкеев, айханбай құдабаев, дәулет жүнісов, бекежан және бекболат құрынбаевтар сынды алаштың намысты азаматтарының қаржылай демеушілігімен ұлт тарихында айрықша із қалдырған жаужүрек батырларға ескерткіш қойылды.
қажы мешітінің имамы оралбай қажы батырлар рухына бағыштап рухани тағылымды шараны құранмен ашып берді. академик, шежіреші ғалым рашид каренов батыр ң тағылымды ғұмырынан жасады. шахтинск қаласы әкімінің орынбасары достық егішев құттықтау сөз сөйлеп, бұл ескерткіш монументтің ұрпаққа берер тәрбиесінің зор екенін баса айтты. жас ұрпақты отаншылдық рухта тәрбиелеу мақсатында өрбіген іс-шараның биік деңгейде өтуінде айтыскер ақын айтбай ботпайұлының зор үлесі бар. арқаның аузымен құс тістеген ақындары мақсат аханов пен дидар қамиевтер жырдан шашу шашса, айтулы әншілер сержан мұсайын, ержан базарбеков, дәуренбек аркенов, сәттар сәрсенбаев та ерлік пен елдік рухындағы әндерімен елді бір серпілтіп тастады. батырларға тағзым жасалған іс-шараның көркін астанадан арнайы келген ибрагим ескендір «көктудың желбірегені» әнімен бедерлеп берді.
иә, ел мен жер қорғаған батырларға көрсетілер құрмет асқақ болуы керек. сол арқылы алаштың намыс туы да заңғар биікте желбірей бермек.