Ата здын арманы тәуелсіз болу
Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, не ше түрлі жануарлар жасайды. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен.
Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті.
Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық.
Сән туралы менің ойым
"Қыздың көзі қызылда" демекші, мен өзім қыз бала болған соң сәнге көп мән беремін. Қазіргі кезде сән әлемінде неше түрлі киімдер бар. Бірақ ең алдымен киімнің жарасымды болып тұрғаны дұрыс. Сонда ғана ол көрікті болып көрінеді. Аталарымыз "Адам көркі шүберек" деп бекер айтпаса керек, таза, әдемі әрі жарасымды киім бізді көрікті етіп тұрады.
Қазіргі кезде сән әлемінде өзіндік орны бар киім дизайнерлері жетерлік, солардың ішінде бірегейлері ол өзіміздің отандастырымыз деп ойлаймын. Себебі олар өзіміз өмір сұріп отырған қоғамға сай киім - кешектер ойлап табады деп есептеймін.
Келешекте өзім де киім безендіру мен тігу саласында жұмыс істесем деп ойлаймын.