GRISHINANASTYA
14.05.2022 22:06

мне,завтра здавать надо.Очень быстро нужно​


мне,завтра здавать надо.Очень быстро нужно​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
TamiDobro
09.05.2020 04:59

Мен өткен ғасырдағы ең ауыр қасірет – Ұлы Отан соғысы басталған жылы қасиетті Қаратау баурайында дүниеге келіппін. Бар саналы ғұмырым ұлт ұраны – киелі Ұлытау өңірінде, Жезқазған жерінде өтті. Менің туған жерден жырақ кетіп, осы топырақта өсіп-өнуімнің өзінде соғыс зардабы бар. Өзімнің туған әкем Зейнел және бауырлары Мұса, Шәми, Қалмақан Сүлейменовтер Отан қорғау жолындағы қан майданнан оралмады.

Әкемнің ағасы Мұса 1901 жылы туған, әскер қатарына 1938 жылы шақырылып, бірінші дүниежүзілік соғысы өршіп тұрған тұста Курляндия шайқасына қатысып, 1943 жылы 16 ақпанда Карелья жерінде қаза тапқан. Ал, әкем Зейнел Сүлейменов 1917 жылы туған. Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов (бұрынғы Луговой) ауданы, Алғабас аулындағы бастауыш мектеп басшысы болып жүрген жерінен 1942 жылы қазан айында майданға алынады. Ленинград қоршауында болған. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1942 жылғы 22 желтоқсандағы Жарлығымен «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен наградталған. Әкемнің тетелес інісі Шәми (1918 ж.т) 1941 жылы Жамбыл есеп-статистика техникумында оқып жүрген жерінен қан майданға аттанған. Мәскеуді жау шеңгелінен қорғауға қатысқан. Мәскеу іргесінен жау шебі кері шегінген тұста «Москваны қорғағаны үшін» медалімен наградталыпты. 

Біздің дархан далаға Ұлы Жеңістің сүйіншілі хабары жеткенде мен – 4-5 жастағы баламын. Бірақ, біз жанарына мұң ұялап, жүрегіне шер бекінген ананың қасіретін көріп, ерте есейген едік. Жалпы, біздің ұрпақ тылдағы ауыр еңбекпен есейді. Әрине, соғыс салған жараның орнын жазу, оның зардабын ұмыту мүмкін емес. Әсіресе, айналдырған төрт жылда төрт қара қағаз алған біздің әулет үшін ауыр қайғы, батпандай қасірет әкелді сұм соғыс.

Анам – Бақтылы Жұмабекқызы Ұлытау ауданы, Алғабас аулының тумасы еді. Аштық зобалаңында бар жақындарынан айырылып, ағасы және апалы-сіңлілі үш қыз Жамбыл балалар үйінде тәрбиеленеді. 1939 жылы Жамбыл педагогикалық училищесін бітіріп, өмірінің 45 жылын ұстаздыққа арнаған. 1995 жылы 77 жасында дүниеден озды.


Пенде болған соң, арман – серігің. Мен – бір әулеттен қалған жалғыз тұяқпын. «Соғыс болмаса, Сүлейменнің төртеуі төрт рулы ел болып отырар еді ғой. Тым болмаса, төрт әкемнің тура қай жерде жатқанын дәл басып таба алмадым. Бастарына бір белгі қойып, бір уыс топырағын елге алып келер едім» деген арман-қиял мені үнемі мазалап келеді. Бірақ, ешуақытта «жалғызбын» деп жабыққан емеспін. Аллаға шүкірлік қылудан танбадым. Мұсылман баласы үшін басты қағида «Жалғызбын деме, Жаратқанға, жарлымын деме, пайғамбарға шәк келтіргенің» дегенді өмірлік ұстаным етіп келемін.

Аллаға шүкір, жетімнің де жетілер күні бар екен. Жетпістен асқан жасым бар. зайыбым екеуміз үш ұл, бір қыз өсіріп, олардан үш немере сүйіп отырмыз. Зейнеткерлікке шықсам да, кәсіпкерлікпен айналысып, қаланың барлық мәдени-қоғамдық іс-шараларына белсене қатысып жүрген жайымыз бар. Әлі де ел ісінен саяқ кетпей, Қазақстанның гүлденуіне өз үлесімді қосып келемін. Өткен жылы мерейлі 70 жасымды отбасыммен, ағайын-туыс, жора-жолдастарыммен хал-қадырінше атап өттім. Бір қуанарлығы және шүкіршілік қыларлығы – осы өңірдегі ауыл шаруашылығы саласын өркендетуге арнаған 46 жылғы еңбегім лайықты бағасын алып, қала әкімдігі мен қалалық мәслихат, облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы мен облыс әкімінің тиісті сый-құрметтерін көріп, Құрмет грамоталарымен марапатталдым. Шүкір!

Мұның барлығы – қанағатшыл сезімнің қазығы. Жоғарыда армандарым мен өкінішімді айтып өттім ғой. Ал, көңіл толып, жаныңды ерекше қанағатқа бөлейтін сүйінішті істерім де бар екен. Оны тындырған керемет ісім дегеннен гөрі, орындалған парызымның бір парасы дегім келеді. Бүгінгі таңда Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Дихан аулындағы бұрынғы Жастар көшесі Отан қорғау жолында шейіт (шаһид) болған ағайынды Сүлейменовтер есімімен аталады. Жыл сайын 9 мамырда осындай игілікті іске мұрындық болған ел азаматтарына алғысымды арнап, Дихан аулына құттықтау жеделхатымды жолдаймын. Бір қолдың саусағының санындай ғана қалған соғыс ардагерлеріне сый-сияпат жолдап тұруды дәстүрге айналдырғам. 9 мамыр күні қай жерде болсам, сондағы Мәңгілік алау басына барып, Даңқ аллеясына гүл шоқтарын қоямын. Бұл – басты парызым. Алайда, мұның өзі соғыс салған жараны жаза алмайды екен.

Сұм соғыстың зардабы мен азабын ең көп тартушылардың бірі – Аналар. Менің анамның да ұзақ жылғы ұстаздық еңбегінің, көл болып төгілген көз жасы мен жүрегін шаншыған қасірет-шерінің өтеуі бір мысқал болса да, өтелгендей. Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас аудандық мәслихатының 2003 жылғы 13 шілдедегі №30/2 шешімімен «Қожамберді» аулының бір көшесіне Бақтылы Жұмабекқызының аты берілді. Біздің әулетке соғыс салған жара осылайша жеңілдегендей болды. Ана еңбегінің ақталғанына мен де өзімді шексіз бақытты санаймын.

 

Сөз соңында саусақпен санарлықтай ғана қалған барлық соғыс ардагерлері мен соғыс зардабын бір кісідей тартып баққан өз тұстастарымды Ұлы Жеңістің 67 жылдығымен құттықтап, біздің ұрпағымыз соғысты көрмесін деген тілегімді айтқым келеді.

0,0(0 оценок)
Ответ:
knarik88
25.03.2022 14:38
Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымның өзіне тән қызығы мен сейіл-серуені бар. Соның ішінде қыс мезгілі де өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязымен ерекше. Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды. Қара жердің бетін басқан аққұба ару сияқты үлпілдеген ақ ұлпа қар айналаға сән бергендей. Әркім бұл мезгілді асыға күтетіні рас. Бірі шаналарын арқалап, биік жоталарға, таулы қыраттарға бет түзейді. Дала төсінде қолдан сырғанақ жасайтын қызықты кездерде өз алдына бір бөлек әңгіме. Қолдарына шана сүйреген балалар, жүздері күлкіге толы адамдар барлығы бейне бір қыстың суығын емес, оның жылы нұрын, ыстық тартар сәулесін тауып алғандай қуанады. Даланың табиғаты тып-тыныш қалпынан, маужыраған күйінен серпіле түскендей күйде. Алатаудың сілемдері мен биік жоталарындағы қыс көріністері көздің жауын алады. Басында қашанда қар жататын қарт Алатау ару Алматының көркіне көрік қосып тұрғандай көрінеді. Ақындар жырға қосқан, әншілер әнге қосқан Алатау қыс мезгілінде ерекше сұлу ғой, шіркін! Қыс мезгілін тағы да асыға күтуіміздің бір себебі - Жаңа жыл. Сірә, бұл мейрамды еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін күтетіні айдан анық. Бүлдіршіндер аппақ қардан аққала жасап, шырша безендіріп, аяз ата мен ақша қарды көруге асығады. Барлығы ақ тілектерін білдіріп, сыйлықтарын береді. Қылышын сүйретіп жеткен қаһарлы қыстың бізге берер қызығы мен қуанышы көп. Осындай естен кетпес оқиғаларға толы қыс мезгілін керемет деуге толық негіз бар. Қыстың ғажайып ұмытылмас шақтары адам жанына шуағын шашып, нұрын төге түскендей,көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота