6jytu
11.10.2022 21:59

Бұл әңгімеде Ривера өзінің сенімділігінің арқасында Дэнниді жеңді. Ол қарапайым отбасынан шығып, көтерілісте көз алдында ата-анасынан айрылды. Мексикалықтарға озбырлық көрсеткендерін көре тұра, өз Отаны үшін күресті. Ол небәрі 18 жаста еді. Өзі кішкентай болғанымен мықты, төзімді, намысшыл жігіт болды. Көрермен, төреші және өзінің жаттықтырушысы да оның жеңгенін қаламады. Менің ойымша қоғамда болып жатқан теңсіздіктерді көрген мексикалық Реннидің ашу - ызасын осы күрестен байқауға болады. Осы шығарма арқылы «әділеттілік әрқашан әділетсіздікті жеңеді» деген ой туғызды.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
llallallup
17.03.2020 06:54
Бұл менің үйім,ал мынау-оның үйі. Мұны өзіңіз жасаңыз. Менде ештеме жоқ. Барлық адамдар көшеде қыдырып жүр. Бұл кім? Қазір ешкім ештеме оқымасын. Бұл сенің орынын ба? Мұнда ешкім отырмасын. Сіз қазақша қалай сөйлейсіз? Мен сізге айтамын! Бұл жаттығуды өздерің орындандар.
Қазір ешкім сені мәжбүрлемейді. Сен мұны өзің біл. Мына кітапты ал, ол өте қызықты. Біреу мұнла келе жатыр. Кәне мен сеннен бірдене сұрайын. Барлық ел қазақ тілің зерттейді. Кәнекей бірдеңе жасайық. Сенің үйің- сенің үйің. Кейбір адамдар қазір жұмыс істеуде. Саған бірдеңе айтайын ба? Өздерің қонаққа барыңдар, менің уақытым жоқ. Өзің баста. Үйде ешкім жоқ. Ешкім жауап бермейді. Барлығы мұнда. 
Біреу балмұздақ алып келсін.
0,0(0 оценок)
Ответ:
wolfwithyou
16.07.2021 17:09

Ұлы Отан соғысындағы қазақтың қос Батыры Бауыржан Момышұлы мен Мәлік Ғабдуллиннің шынайы достығын, бір-біріне деген терең құрметін айтып берейін.

1942 жылдың ақпан айы. Түкірігің жерге түспейтін аяз. Бауыржан Момышұлы басқарған полк бір түннің ішінде алты қыстақты немістерден тартып алды. Соғыс тарихында бір бекіністің қолдан-қолға бірнеше рет көшетіні қайталанатын жайт. Мұны білетін Баукең қорғанысты күшейтуді ойластырды. Неге десеңіз, бұлар үшін де әлгі қыстақтардың маңызы күшті болатын. Тоғыз жолдың торабы еді ол. Қыстақтардан немістерді қуып шыққанымен олардың бірнеше полктен тұратын күші тосқауылда тұрған.

– Апырай, қапыда қалмасақ жарар еді. Күзетшілер жаудың келіп қалғанын қалай байқамады екен, –деп ілгері жаққа көз жіберген Баукең қарсы шабуылға шыққан қарақұрым жау тобын көріп қалды. Ұшып тұрып команда берейін десе, бораған оқ бас көтертер емес. Жанындағы батальон комиссары Гусев ауыр жараланып, құлап түсті.

Кенет оның қырағы көзі үйлерді тасалай, бұқпантайлай жүгіріп келе жатқан кісіге түсті. Тани кетті. Мәлік екен, жүрегі жылып, бойына ыстық қан жүгіргендей болды. Қайдан шыққаны да белгісіз. Ешнәрсеге қарар емес. Құстай ұшып, бұйрық беріп барады. Оның дауысы шығуы мұң екен, оң жақтағы күртік окоптардан әуелі біреу, одан кейін бес-алты, ал олардың соңынан тұтас автоматшылар ротасы дүркірей көтерілсін кеп. «Уралаған» топ біздің әскерлер шебіне жақындап келіп қалған немістерді оқты қарша бората қарсы алды. Таң алдындағы осы қанды шайқасты тілмен айтып жеткізу қиынның қиыны еді. Өліспей беріспейтін екі жақ та әп-сәтте араласты да кетті. Бұл кезеңді пайдаланған кейінгі жауынгерлер де ес жиып, алға ұмтылған еді. Атылған мылтық, қоян-қолтық алысқан жауынгерлер, айқай-шу, ыңырана құлап түсіп жатқан адамдар…

Інісі Мәліктің дәл осы жолы қайталанбас ерліктің үлгісін көрсеткенін Баукеңнің өзі де біліп, көзі көріп тұрды.– Жау жанал-қымнан алып, оқыстан тигенде Мәлік болмағанда, – дейді ол. – Тірі ме екен өзі… Жігіт болса осындай болсын. Оның бастағанына еріп, жауға қарсы алғаш жалғыз өзі атылған сұңқар кім екен? Баукең адъютантын осы деректерді біліп келуге жұмсады. Ол жүгіріп кетісімен қыстақ бойындағы көшелердің бойымен ақырын аяңдап келе жатқан Мәлік көрінді. Жас сұңқар аяғын әзер-әзер басып, ілбіп келеді. Бірақ, жүзінде жылылық, қуаныш, тіпті күлкі нышаны байқалатын сияқты.

Міне, бұл Баукең мен Мәлік ағайдың неміс басқыншыларына қарсы қоян-қолтық соғысының бір көрінісі. Олар мұндай қанды шайқастың талайын басынан өткізді. Екі ер бір-бірінің батырлығына қатты сүйсінді, риза болыс-ты.

Міне, біздің заманымыздың батырларының біріне-бірі берген бағасы, сүйіспендігі осындай. Халқымыздың аса ірі тұлғалы қос батыры бойларындағы асыл қасиеттерін осылай бағалаған. Жазудан, сипаттаудан танбаған. Мәлік аға 1943 жылы соғыста жүргенде Бауыржан туралы былай жазған екен:

«Тылдағы кейбір жолдастар Бауыржанды долбарлы қара күштің, қолма-қол ұрыс, айғайдың иесі деп бағалайтын сияқты. Бұл қате. Бауыржанға берілген теріс баға. Ең алдымен Бауыржан ақыл мен ойдың иесі, барлық қасиеті бойына жиналған, адамгершілігі, ерлігі, жігітшілігі күшті, шын мағынасындағы қолбасшы, командир».

…1956 жылы көктемде Бауыржан Момышұлы отставкаға шығады да біржола Алматыға келеді.

– Әй, Мәлік, осы сірестіре амандасуға тойдық қой, келші, бауырларша бір құшақтасайық, – деп екі қолын қыранша кең жазып жіберді. Екі батыр құшақтарын жаза алмай, бір-біріне жабысқан күйі ұзақ тұрды. Сағыныштың желімі оларды тіпті жіберер емес.

…1973 жылдың 2 қаңтарында Мәлік аға кенеттен дүние салды.

Баукеңнің батыр інісі туралы айтқаны, берген бағасы. Ол інісінің бойындағы асыл қасиеттерін жоғары бағалаған, өзін сыйлап, құрмет тұтқан, басқаларға үлгі еткен. Сол сияқты Мәлік ағаның да Баукең туралы аз айтпағаны белгілі. Ағай дүниеден өткеннен кейін ол кісінің мұрағатынан Баукең туралы жазған ұзақ жырлары табылды.

Осы ұзақ жырда Мәлік аға Баукеңнің шыншылдығын, батырлығын, адамшылығының жоғары екенін суреттейді. Отан алдындағы міндетін абыроймен атқарып жүргенін жырлайды. «Өсер елдің ұлдары бірін-бірі батыр дейді», дегендей, қазақтың қос батыры өмір бойы бірін-бірі жырлап, сипаттап өтуі кейінгі жас ұрпаққа үлгі-өнеге болмақ.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота