отбасы бюджетін қалай тиімді етуге болады? бүгінгі күні қазақстандықтардың көпшілігі алатын жалақыларының жаман емес болуына қарамастан жасаған шығындарының орнының толтыра алмай жатады.мысалға келтіре кетсем көпшілігі кредит алып жатат сосын оны төлей алмай қарызға белшесінен батады.ал былай ойласақ шығандар бар гой жай өмір сүріп жүрген өмірде де.мысалы: қарапайм мысал келтірсем ол күнделікті дүкенге барып келгеннің өзі шығын.сосын мектепке құрал-жабдықтар алудың да өзі шығын.сондықтанда бұл өмірде жұмыс тандағанда,ақшасына қарап жұмыс тандау керек деп ойлайм шыны керек.отбасылық шығын ол тек қана ата-анан емес.сол отбасында мүше болып жүрген барлық басылары да күнделікті шығын кетіріп жатады.осы тұрып жатқан ортада қоғамның да басты рөл атқаратының да ұмытпауымыз керек.өйткені осы қоршаған ортаны бақылап,сосын біз күнделікті шығын келтіріп жатамыз!
Менің хоббиім - спортпен шұғылдану.
Әр адамның өзіндік талғамы мен ішкі дүниесіне сай сүйікті ісі болады. Біреулер би билеп, өз орнын тапса, енді біреулер ін айтады, басқалары спортпен шұғылданады.
Менің сүйікті хоббиім - спортпен шұғылдану, атап айтқанда, волейбол. Арнайы спорт мектебінде жаттығып жүргеніме екі жылдан асты. Жаттығу күндерін асыға күтіп, бар күш - жігерімді жұмсап айналысамын. Болашақ өмірімді де спортпен байланыстырамын. Жаттықтырушыларымның арқасында бірнеше спорт сайыстарының жеңімпазы, жүлдегері атанып жүрмін.
Спорт денсаулық кепілі болғандықтан, өз денсаулығымызға немқұрайлы қарамауымыз керек және әрбір адам жасы мен жұмысына қарамастан денсаулығына көңіл бөліп, спортпен шұғылдану керек деп ойлаймын. Өз басым спорт үйірмесіне күнде бармасам, күнделікті таңертең жаттығу жасаймын. Таңертең бір мезгіл жүгіріп, кешке арнайы жаттығулар жасамақпын.
Спортпен шұғылданудың арқасында денім сау, ал өзім шымыр боламын.
Қай спорт түрі болмасын үлкен табандылық пен төзімділікті талап етеді. Жеңіс оңай келмейтінін есте сақтауымыз керек. Тек қажырлы еңбек пен алға қойған мақсатқа ұмтылу арқылы биік белестерден көрініп, еңбегіміздің жемісін бағалай аламыз.