Askarabdullaev
12.01.2020 10:52

2-тапсырма. Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтін бойынша 5 сұрақ құрап жазыңыз. Әзілхан Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз» роман-диалог (үзінді) Ертеңінде белгіленген сағатта Бауыржан Қарағандының офицерлер үйіне келді. Атақты Момышұлын көру үшін қала офицерлері әйелдерімен, бала-шағаларымен жиналған екен. Блоха да сол жерден кездесті. Ине шаншар жер жоқ, иін тірескен жұрттың алдында Бауыржанға сөз берілді. Сөз берілерден бұрын Момышұлының Ұлы Отан соғысының каһарманы, бүкіл дүние жүзіне белгілі әдеби герой, атақты жазушы екені айтылды. - Жолдастар, - деді Бауыржан орнынан тұрып, дүниежүзіне аты жайылған атақты Момышұлы мен емес. Жұрт демін ішіне тартып, үндемей қалды. Осы кезде Бауыржан сөзін қайтадан жалғады. - Бірақ ол осында отыр. - Жұрт одан сайын аң-таң бола бастады. Осы кезде Бауыржан президиум үстелінің басында отырған өзгелерден бітімі бөлек, балуан денелі адамды нұсқады. - Міне, ол мына кісі. Осыдан 18 жыл бұрын бұл кісі мені ажалдан алып қалды. Мені ажалдан арашалап алып, жаңа айтылғанындай, бүкіл дүниежүзіне паш еткен адам бұрынғы пулеметшім Блохамен мен кеше ғана табыстым. Сіздердің алдарыңызда осы адамды құшақтап, үш рет бетінен сүюіме рұқсат етіңіздер. Жұрт ду қол шапалақтап, орындарынан түрегелісті. Бауыржан мен Блоха екеуі сүйісіп болғанша алақан шартылы басылмады Кездесуден кейін Бауыржан Блоханың үйіне қонаққа барды.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
AngelinaKMN00
20.06.2020 12:30
 1   Шын шеберде мін болмас.
      У настоящего мастера брака не бывает. 2   Бақыт кілті – еңбекте.
      Ключ к счастью – в труде. 3   Ұйқы тынықтырады, жұмыс шынықтырады.
      Сон освежает, труд закаляет. 4   Ермек қуған пәлеге жолығады, еңбек қуған қазынаға жолығады.
      Праздно развлекающийся в беду попадёт, трудом увлекающийся богатство найдёт. 5   Адамды еңбек көркейтедi.
      Человека труд красит. 6   Көңілсіз бастаған іс көпке бармайды.
      Дело, начатое без души, к многому не приведёт. 7   Сен iстi сүйсең, iс саған бас иедi.
      Если дело любишь, дело покоряется тебе.
0,0(0 оценок)
Ответ:
Наташа006
20.06.2020 12:30

«Күз» тақырыбына диалог құрастыру.

Махаббат: Әне – міне деп, асыр салып ойнап жүргенімізде күздің де келіп жеткенін байқамай қалыппыз.

Еркежан: Иә, жаз мезгілі қашанда зымырап өтіп, күздің келгенін тек сабақ басталған кезде аңғарып жатамыз ғой.

Махаббат: Дегенмен, табиғаттың әрбір маусымы өз ерекшелігімен әдемі. Менің ойымша, күз басқа маусымдарға ұқсамайтын келбетімен ерекше.

Еркежан: Иә, мен де күз мезгілін ерекше жақсы көремін.

Махаббат: Солай ма? Неліктен?

Еркежан: Оның екі себебі бар: біріншісі – осы мезгілдегі табиғаттың ерекше әдемілігі: жапырақтардың барлығы сарғайып, алтын түстес болып, айналаның бәрі де сары түске боялғандай болады; Күз сонымен қатар молшылықтың, байлықтың, берекенің маусымы. Осы кезде қырман басы тазаланып, бау – бақша жиналып, бидай, тары, күріш, сұлы арпа дақылдары піседі. Ал екіншіден, менің туылған күнім күзде.

Махаббат: Иә, дұрыс айтасың. Күзде табиғат ерекше ғажап көрініске ие. Мен де күз мезгілін асыға күтемін.

Еркежан: Сенің де туылған күнің күзде ме?

Махаббат: Жоқ, менің туылған күнім көктемде. Мен күзде саябақта қыдырып, ағаштардан түскен жапырақтарды жинаймын. Жиналған жапырақтардан гербарий жасау – менің хоббиім.

Еркежан: Ол хоббиің туралы білмеппің...

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота