Dushanbe2003
10.05.2020 01:02

Оқылым Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орында.

Бауыржан бұрын Дзержинский көшесіндегі шағындау пәтерде тұрса керек. Қалалық кеңестен кеңірек пәтер сұрайды. Бір күні оған қалалық кеңестің қызметкері телефон соғып, «Сіздің өтінішіңіз орындалды. Келіп, кең пәтердің ордерін алыңыз»,- дейді.
Бауыржан барып, бес бөлмелі пәтердің ордерін алады.Пәтерімді көрейін деп жаңа үйге барса, есік алдында мұңайып тұрған қартаң орыс әйеліне кездеседі.
-Неге мұңайып тұрсыз, шешей?- дейді ойында ештеңе жоқ Бауыржан, әйелдің қасына тоқтап.
Әйел қалалық кеңестің осыдан екі бөлмелі пәтер бермек боп уәде етіп келгенін, бірақ дәл ордер берерде ол уәделерінен тайқып қалғанын айтады:
-Маған деген үйді бір үш бөлмелік пәтермен біріктіріп, полковникке беріпті. Қайтейін, менің де балам соғыста өліп еді. Әрине, ол - солдат еді-дейді.
Мұны естігенде Бауыржанның түгі сыртына теуіп шыға келеді. Жирен мұрты едірейіп, электр сымының біріне-бірін жақындатқан екі ұшындай болып, шытыр-шытыр ете қалады:

-Мұңаймаңыз,шеше, қазір ордер беретін жерге барыңыз. Пәтеріңіз өзіңізге тиеді.- дейді де Бауыржан мініп келген мәшинесіне отырып алып, қайтадан қалалық кеңеске тартады.
Бауыржан: «Маған біреуге берілетін пәтерлерді бер деген жоқпын, мына ордерді жыртыңыз да, пәтерді бұрын уәде етілген адамдарға беріңіз!-деп қолындағы ордерді қайтарып береді.

1. Бауыржан қалалық кеңестен не сұрады?


2. Бауыржан неге ашуланды?

3. Батыр не істеді?



4.Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» романы кім туралы?


Оқылым Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орында. Бауыржан бұрын Дзержинский көшесіндегі ш

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
ВаняШколяр4536
18.01.2023 15:26
Кеше мен достарыммен бірге шаңғымен төбешіктен сырғанауға бардым. Біз 2 сағаттай сырғанадық, сосын бәріміз бірге қар домалатып үлкен аққала жасадық. Менің ойымша бұл менің өмірімдегі ең үлкен аққала болған шығар. Жәнеде кетіп бара жатқанда мен ағашта қатып қалған қырауды көрдім, өте әдемі болып тұрды. Ал бүгін мен коньки тебуге барамын, сонда кішкентай балдарға мәнерлеп сырғанауды үйретемін. Бірақ менде кішкентай қорқыныш болды. Балалардын біреуі мұздын ішіне кұлап тонып қалса деп қорқтым. Бірақта менің досым Ержан ол жерде кұтқарушылар болады деп айтты. Соңдықтан қорқпай барамын
0,0(0 оценок)
Ответ:
mariaks16
01.07.2021 08:59

Ел намысы – ер намысы» деген мақал жолдарымен толықтай келісемін. Қазақ халқы қашанда намысты ту етіп, биік қойған ұлт. Ұл балаларды кішкене күндерінен намысты қолдан бермеуге тәрбиелеп, бастарын идірмей, үміттерін сөндірмей өсірген халықпыз. Ар – намыс туралы мақал – мәтелдер де жетерлік, солардың ішінде маған ең ұнайтыны - «Ерді намыс өлтіреді, қоянды намыс өлтіреді». Демек, намыссыздық адам бойындағы жағымсыз қасиет.

Менің ойымша, намыстың жоғары болуы отаншылдыққа бастайды, адам бойында патриоттық сезімдерді оятып, елін, жерін, ұлтын ерекше қадірлеуге үйретеді. Яғни, намыс адамның жан дүниесі мен Отанының, отбасының, ұлтының, қоршаған орта мен қоғамының мәнін сезінуімен оянып, соның амандығы мен бүтіндігі үшін күресінен көрініс табады. Бойында ұлттық намысы бар адам әрқашан мәдениетін, тілін, дінін, салт – дәстүрін қастерлейді. Намысшылдық қасиет отбасымызда өз бастауын алып, ата – анамыздың үлгісімен өз жалғасын табады. Қандай заман болмасын, бізді ұлт қылған, тәуелсіз ел қылған осы намыс екенін ұмытпағанымыз жөн. Ұлттық намысымызды сақтай білейік, жүрегі «қазақ» деп соғатын намысқой жігіттеріміз көп болғай! Ұлттық ар – намысымызды сақтай білсек, ар – ождан да биік болады.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота