vikazelenaya1
04.01.2021 16:40

Мәтінді оқы.Тапсырмаларды орында. Ербол мен Тимур–достар. Екеуі бір сыныпта оқиды.Олар көптен бері болашақтың машинасын құрастырып жүр.Олар машинаға үлкен сағат орнатты.

Бүгін - олар үшін ерекше күн. Олар машинаны алғаш рет іске қосып көреді. Өздері қуанып және қорқып тұр. Тимур үлкен қызыл тетікті басып, сағатты бұрады.

1)      Қай уақытқа барамыз, Ербол?

2)        Болашаққа барайық. Болашақта Қазақстанның қандай болатынын көргім келеді.

3)      Жақсы,онда сағатты 2030 жылға қоямын. Дайынсың ба? Кеттік!

Осы кезде айналадағы заттар көрінбей, балалар кеңістікте ұшып бара жатты.

 

1)      Балаларды сипаттайтын 2 сөзді анықта.

A)  ақылды

B)  жалқау

C)  еңбекқор

D)  мейірімді

 

 

 

[2 ]

 

2)      Мәтіннің мазмұнына сәйкес болатын 2 сөйлемді анықта.

A)  Уақыт машинасы үш бөлшектен тұрады.

B)  Уақыт машинасын іске қосу сәтсіз аяқталды.

C)  Достар уақыт машинасын бірінші рет іске қосты.

D)  Достар уақыт машинасымен болашаққа саяхаттады.

 

 

 

[2]

 

3)  Бұл күн достар үшін неліктен ерекше болды?

                                                                       [1]

 

      Жазылым   2-тапсырма

 

   Берілген жоспар бойынша оқыған мәтіннің мазмұнын жаз. Мәтінді өз бетіңше аяқтап көр.

      Жоспар:

1)        Ерекше күн

2)        Уақыт машинасын іске қосу

3)        Болашаққа саяхат

 

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
makusolka
26.09.2020 21:58

Компьютердің пайдасы мен зияны.

Компьютер пайда болғаннан бері адамдардың өмірін жеңілдетіп, барша сұрақтарға жауап табуға мүмкіндік пайда болды.

Ғылым мен техниканың дамыған заманында өз өмірімізді компьютерсіз елестету қиын. Дегенмен, бұл құрылғының пайдасымен қатар зияны де аз емес. Алдымен пайдалы жақтарын атап өтейік:

- Кез келген құжатты басып, шығару мүмкіндігі.

- Ғаламтордан қалаған ақпаратты іздеп табу мүмкіндігі.

- Сонымен қатар ғаламтордың көмегімен әлеуметтік желіде жаңа достар/сырластар/сыныптастарды табу мүмкіндігі.

- Әлемнің түкпір түкпіріндегі ағайын - бауыр, достармен сөйлесу мүмкіндігі.

Дегенмен компьютердің пайдасы мен қатар, зиянды жақтары да аз емес.

Ең басты зияны - ол денсаулыққа тигізетін зияны. Компьютер алдында ұзақ отыру көз бен омыртқаға аса үлкен зақым келтіреді. Сондықтан да компьютерда көп жұмыс жасайтын адамдарға арнайы көзілдірік киіп, отырған кезде де арқаны тік ұстауға тырысу керек. Сонымен қатар уақтылы үзіліс жасау керек.

Одан кейінгі келтіретін зиян - ол уақыттың қадірін білмей, компьютерда отыратын уақытты тиімсіз пайдаланып, оның қалай өтіп кеткенін байқамай да қаламыз. Оның орнына пайдалы іспен айналыссақ болар еді. Мысалға, кітап оқысақ, нұр үстіне нұр болар еді. Мұны "тәуелділік" деп айтсақ та болады.

Сонымен қатар ғаламтордағы көптеген жағымсыз ақпарат адам психикасына да жағымсыз әсірін тигізеді.

Осындай келеңсіздіктер орын алмауы үшін, компьютерді тек керек кезінде немесе күніне 1 - 1,5 сағаттан аспайтын уақыт қолдану керек деп ойлаймын. Мен өзім осы ережені сақтап, қалған бос уақытымда анама көмектесемін.

Менің ойымша қаншама уақытты компьютерлік ойын ойнаумен өткізгеннен гөрі, сол уақытты спорттық ойындарға арнасақ, денсаулығымызға пайдасы зор болмақ.

Дегенмен де, менің ойымша компьютердің зиянынан пайдасы көбірек деп есептеймін. Бірақ мен өз денсаулығыма алаңдаймын, сондықтан компьютерді тек қажет уақытында пайдалану туралы дұрыс шешім қабылдадым деп ойлаймын.

0,0(0 оценок)
Ответ:
esmirakagraman
26.09.2020 21:58
Интернеттің пайдасы да бар, зияны да бар.Интернеттің пайдасы  зор.Интернетсіз адам өмірін елестету  қиын. Интернет -бұл ғаламдық тор.Интернеттен  керек нәрсеңді табасын,Оқушылар ,студенттер интернеттен шығарма  ,мақал-мәтелдер алады  Интернет арқылы ,тест тапсырып ,интернет арқылы сабақ алуға болады.Интернет арқылы жұмыс істеп сол арқылы ақша да табуға болады.Интернет арқылы туыстарыңмен ,достарыңмен хат алысып, сөйлесуге болады.Яғни интернеттің пайдасы зор.Ал енді интернеттің зияны туралы айтсақ.Интернеттің зияны да бар.Біріншіден интернет денсаулыққа зиян келтіреді.Компьютердің алдында көп отырса ,адамның көзі аурады,,және қимыл-қозғалысына ,психологиясына  әсер етеді.Сондықтан интернетте көп отыруға болмайды.Күніне   екі сағат интернетте отыруға болады.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота