ответ:театр
Театрға бару менің ойымша өте қызық! Сіздерге айтайынба? өте қызық!Сондада мен отбасымен Астанаға бардым сол дерде не деген әдемі! Астанада ең бірінші не істедік деп ойлап тұрсындар, сендерге айтайын! Біз әр адам сияқты дүкендерге бармаймыз! Біз үйде қалмай театырға бардық.АЛ СІЗ Театрда болдыныз ба? Міне біз кірдік билетті сатып алдық! Шынында мен қорықтым сол жерде не болатынына,өйткені мен ешқашан театрда болған жоқпын!Сөйтіп билетті сататын жерде мен көп бірдей қағаз көрдім соны қарасам сол жерде бүгінгі күннің пьесаларымен т.Б болды мен таңғалдым. Бақытыма қарасаныз ғой! Ең маңызы 10 минуттан кейін театрға кіріп театр қарайміз. Біз кірдік мен өтте бақытты болдым недеген күшті болды Мен сол күнді ұмыта алмаймын ол ең ғажап күн болды міне мен өз үйіндемін кеше ғана Астанадан келдім
Объяснение:
Ғаламтор және әлеуметтік желілер.
Соңғы жылдары Интернет өмірімізге мықтап енгені сонша, қазір онсыз өмірімізді елестету мүмкін емес. Коммуналдық қызметтердің ақысын төлеу, балабақша ақысын төлеу, білім беру қызметтері, пойыз/ұшақ/автобус билеттерін сатып алу, концерт, көрме, бізден мыңдаған шақырым жерде орналасқан көрікті жерлерге виртуалды экскурсиялар ... Бұл тізімді ұзақ жалғастыра беруге болады. Ғаламтор өміріміздің барлық саласына еніп, бізді өзіне тәуелді етті десек те болады. Интернет арқылы кәсіпорындар тауарларын жарнамалайды, дәрігерлер әріптестерімен, оқытушылар мұғалімдермен онлайн-консультациялар ұйымдастырып, вебинарлар өткізеді. Тіпті БАҚ өз сайттарын құрып, сол жерде жаңалықтар жариялайды. Әрине, ғаламтордың арқасында сіз тек қоңырау шалып қана қоймай, сонымен бірге ғаламшардың басқа жағындағы туыстарыңыз бен достарыңызды көре аласыз, оларға жеделхат немесе бейне құттықтаулар жібере аласыз, қашықтан оқып, білім аласыз ...
Дегенмен, әр нәрсенің шегі болу керек. Бұл сөздер ғаламторға да қатысты. Себебі бір нәрсе іздеп отырып, басқасын көзін шалып қалып, қызықтың жетегіне еріп, уақыттың қалай өтіп кеткенін байқамай да қаласың. Ал сол уақытты отбасыңмен немесе достарыңмен өткізіп, пайдалы іспен айналысуға болады. Қазір байқасаңыз жиын – тойларда, достардың кездесуынде жастар бір – бірімен сөйлесіп, әңгімелесудің орнына телефондарына үңіліп отырады. Бұл да ғаламтордың кері әсері деп білемін. Әсіресе, бұл ретте жастардың арасында түрлі әлеуметтік желілерде тіркеліп, суреттер жариялау етек алып барады. Менің ойымша, белгілі бір жасқа дейін жастардың, әсіресе жасөмпірімдердің әлеуметтік желілерде тіркелуіне тыйым салу керек.
Ғаламторды тек қажетті уақытында пайдаланып, бос уақытты өзіңізге, отбасыңызға арнаған дұрыс деп есептеймін. Себебі айналаға қарасаңыз қызықты істер жетерлік: отбасылық кештер, таза ауада серуендеу, достармен кездесу, түрлі ойындар, жиындар, концерттер... Бір күнді ғаламторсыз, яғни оффлайн өткізіп байқап көріңізші.