2014 жылы елімізде «Қызыл кітапқа» енген жануарларды атудың 10 дерегі тіркеліп, осы дерек негізінде Қазақстанның табиғат қорғау заңнамасын бұзған 21 адам құрықталыпты. Бұл туралы ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті хабарлап отыр. Заңсыз аңшылық бағытында браконьерлер негізінен қарақұйрықтар мен арқарларды аулаған. Бұл жануарлар «Қызыл кітапқа» енген. «Қызыл кітап» Халықаралық табиғат қорғау одағының, халықаралық дәрежедегі құжаты. Оған сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Тіркелген сәттен бастап олар ерекше қорғауда болады. Біздің елімізде де біршама аң-құс, өсімдіктер «Қызыл кітапқа» енген. Алайда табиғат қаскөйлерін олардың «Қызыл кітапқа» енгені ойландырар емес.
Объяснение:
Можна звёздь
Адамның табиғатқа әсерінен жануарлар мен өсімдіктер қырғынға ұшырауда, соның салдарынан ағзаның көптеген түрлері жойылып кету шегіне жетті. Мәселен, 90-жылдардың ортасына дейін, 40 жыл бойы бөкен Қазақстандағы негізгі кәсіптік жануар болды. 1991-1993 жылдар аралығында 800-900 мың бөкендер бар еді. 1998 жылы - 470 мың, 2001 жылы - 80 мың, ал 2003 жылы бар болғаны 21 мың бөкен қалды. Үкімет каулыларымен бөкендердің барлық түрін аулауға тыйым салынды. Бөкен Қызыл кітапқа енгізілген жоқ, бірақ осал, тіпті қиын-қыстау қауіп төнген түр мәртебесінде тұр. Оның санын қалпына келтіруде едәуір каржы салынып, аң шаруашылығы мен өзге ұйымдардың қарқынды күш жұмсауы қоса тапсырылды. Сөйтіп бөкен саны 30 мыңға жетті. Бірақ 2015 жылы бөкен ауруға ұшырап, 30 мыңнан бөкеннен 10 мың бөкен қалды.