wewewewwe
03.03.2021 16:11

Әлемнің ең үлкен кітапханасы «Александрия кітапханасы өртенген 391 жылдан 1220 жылға дейін 830 жыл Отырар кітапханасы әлемдегі ең үлкен кітапхана болған» деп қорытындылайды профессор Еренғайып Омаров. Өкінішке қарай, даңқты бабаларымыздың мыңдаған жылдың тарихымен, ғылым, білім, өнердегі жетістіктерінің алтын қоры сақталған осы кітапхана түгі қалмай жойылып кетіпті. Жер түбіндегі мысырлық ғалым Птоломей болмаса, біз де ондай кітапхана болғанын білмес те едік. Осы кітапханадан білім алған, бүкіл әлем мойындаған Әбу-Насыр әл-Фараби туралы деректерді де тек соңғы кезде алыс шетел деректерінен таптық. Отырардын өзінде әл-Фарабиден де білімі жоғары, оған білім үйреткен талай ғалымдардың болуы да мүмкін. Себебі Отырар кітапханасын әл-Фараби жинамағаны айтпаса да түсінікті. Бұл кітапханада жүздеген жылдар бойы қаншама ғалымдар еңбек етті. Ол заманда кітаптың өте қымбат тұратынын ескерсек, бұл кітапхананы жинауға мол қаржы кеткені анық. Ол кітаптарды сатып алу, жинақтаудан басқа осы кітаптарды сақтайтын үлкен кітапхана ғимараты және ондағы жұмыс істейтін ғалымдарды қаржыландыру қала бюджетіне оңайға түспесе керек. Бұндай шығынды кішігірім қалалардың көтере алмасы белгілі.
Осындай үлкен кітапхананы IX ғасырда әлемнің жарты бөлігінен байлық тоқтаусыз құйылып жатқан Бағдат халифтері жинақтаған. Халиф Әл-Мамун (813-833ж.) Бағдат қаласында «Байт Әл-Хакма» (Даналық үйі) атты ғалымдар үйін ашып, дүниенің түкпір-түкпірінен ғалымдар шақырып, кітапхана қорын әзірлеген. Обсерватория ашқан. Кейін Бағдатта өте үлкен кітапхана жинақтаған. Бұл «Даналық үйінде» Орта Азияның, гректің, парсының, Мысырдың көптеген ғалымдары жұмыс жасады. Солардың еңбегінің арқасында кейін «араб өркениеті» деген түсінік пайда болды.
«Даналық үйінде» ең бірінші болып Орта азиялық математик Әл-Хорезми басшылық жасады. Әбу Насыр әл-Фараби де Бағдат халифінің шақыртуымен Бағдатқа барған. Осы кездегі Бағдат Халифінің басты уәзірлері Фараб қаласынан болған деген дерек бар.
Халифке ақыл қосатын уәзірлердің тек білімді, қабілетті адамдардан жиналатынын ескерсек, Фараб қаласының бұл заманда ғылым-білім, мәдениеті өте жоғары қала болғаны айтпаса да түсінікті. Ғылым-білімде осындай үлкен жетістікке жеткен Фараб-Отырар қаласының негізгі табыс көзі сауда деп білеміз. Кейін ғалымдар «Ұлы Жібек жолы» деп атаған үлкен сауда жолының күре тамырында орналасқан қаланың табысы жоғары қала болғаны даусыз.
1. Мәтінге жоспар құр

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
manshev2018
14.02.2023 08:47
Сыпайылық – адам бойындағы құнды қасиеттердің бірі. Сыпайы болу, әйел затына да, ер адамға да тән. Әсіресе бұл қасиет, қыз баласының бойынан табылу қажет. Сонау ата-баба заманынан, біздер үшін, яғни, қазақ халқы үшін тәрбиенің маңызы зор екені бәріне белгілі. Ал тәрбиелікке не жатады?! Оған: үлкенге құрмет, кішіге ізет, қарапайымдылық сынды қасиеттер жатады, ал айтылған қасиеттердің барлығы сыпайылықтан бастау алмайды ма?! Демек, сыпайылық – тәрбиенің белгісі...      Қазақ қашанда қызын төрге шығарып, гүлге теңеп өсірген. Оған берілетін тәрбие де бөлектеу болған. Ұл баланы былай қойғанда, қыз баланың бойында сыпайылық міндетті түрде болу керек. Өткені, қыз бала – ол болашақ жар, бір үйдің түтінің түтіндетіп отыратын келін, аяулы ана. Сыпайылық таныта білетін қыздың бойында, басқа да жақсы қасиеттердің болатыны сөзсіз де түсінікті. Мұндай қыз – ата-анасының абыройы, қуанышы мен мақтанышы.      Қазіргі кезде, қазақ қазақ болып қалғанымен, қазақилық жойылып бара жатыр... Қазақ қызының бойынан сыпайылық тұрмақ, тәрбиеліктің мүлдем жоқтығын көреміз. Кітап оқу, тұрмыста қажет істермен айналысу орнына, дөрекі сөздермен сөйлеу, дауысы жер жарарлықтай күлу, таңға дейін түңгі клубтарды паналау, нәзік қыз қолына темекі ұстап, алкогольдік заттарды ішуді дұрыс көреді. Қыздың бәрі бірдей емес, ең қуантарлығы да осы – қазақтың тәрбие көрген, үлкенді сыйлайтын, сыпайылық таныта білетін қыздарының әліде қоғамымызда бар болуында.     Сыпайылық ол деген – қарапайымдылық. Ал қарапайым болу ешбір адамды ұятқа қалдырған емес. Шенінің жоғарлығына, қоғамдағы орынының зиялылығына, алған тәрбиесіне, ұлт санатына, жас мөлшеріне қарамастан, барлық жағдайда қарапайым бола білу – бұл адамгершіліктің белгісі, сыпайылық пен тәрбиеліктің белгісі.

Толығырақ: http://massaget.kz/blogs/9426/
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз
0,0(0 оценок)
Ответ:
Lubov080301
14.02.2023 08:47
Қазақ халқының салтында үлкенді сыйлау әдептіліктің бір үлгісі болып табылады. Ата-ананы сыйлау, оларды қадірлеу, ізет көрсету адамның ең қастерлі қасиеттерінің бірі. Кіші үлкенді сыйласа, үлкендер де өз тарапынан оған лайық ықылас білдірген. Содан барып үлкен мен кіші арасында жарасымды қарым-қатынас орнаған. Ол әдетке айналып әдептілік ережелерін тудырған. Үлкендер отырған жерде сөз жарыстырмай, ізет көрсете білу, көңілге қарай сөз айту, қажет кезде өзіңді ұстай білу халық дәстүрінде қалыптасқан қасиеттер.
Әдептілік адам бойында бірден қалыптаспайды. Ол - біршама жылдардың, қоршаған ортаның, жақсы тәрбиенің жемісі. Ата-ана өз балалары үшін тәртіптілік пен сыпайылықтың, жарасымдылықтың, қамқорлықтың үлгісі, отбасындағы тәрбие құдіреті осында.
Адамдар арасындағы қарым-қатынас әдептілікке негізделсе, жан-жағына жылуын шашады, әдепсіз болса қапаландырады.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота