BaVeRSB
31.03.2022 08:20

1. Қазақ тілінде стильдің қанша түрі бар? A) 1

B) 6

C) 5

D) 3

Е)4

2. Ғылыми стильдің ерекшелігі...

A) дәлелді, зерттелген, сөзді тура мағынада алу

B) ресми, анық, дәл, нақты

C) шақыру , үндеу, нақтылық

D) образды, эмиоционалды,экспрессивті

Е)сөз тіркестерінің еркін қолданылуы

3. Пікірталастың түрін белігле.

A) Дау, толғау

B) ойталқы, ойкөкпар

C) айтыс, арнау

D) диалог монолог

Е)монолог, толғау

4. Қай стиль түрі қоғам өмірі үшін маңызыды мәселелерді талқылау деген ұғымды білдіреді?

A) ғылыми стиль

B) ресми-іс қағаздар стилі

C) көркем әдебиет стилі

D) публицистикалық стиль

Е) ауызекі сөйлеу стилі

5) Латын тіліндегі « publicus» сөзінің беретін мағынасын тап.

A) іс қағаздар

B) әлеумет, көпшілік

C) газет журнал

D) шешендік

Е)өнер

6) Публицистикалық стильдің түрін көрсет.

A) монография, ғылыми есеп

B) өмірбаян, аннотация

C) очерк, бас мақала

D) түйіндеме тезис

Е)түйіндеме, ғылыми есеп

7) Шешендік сөздің үш элементін көрсеткен ғалым

A) Аристотель

B) Абай

C) Цицерон

D) Әл-Фараби

Е) Майқы би

8) Пікірталас дегеніміз не ?

A) Өз ойыңды ашық айту

B) ойды, идеяны ортаға салу, қорғап сөйлеу

C) өз пікіріңді дұрыс санау

D) өзгенің пікіріне қосылмау

Е) өз идеяңмен бөлісу

9 . Қате жазылған сөзді табыңыз

A) үкімет

B) мейрім

C) қабілет

D) құдірет

Е)қағілез

10. Элизияға ұшыраған сөзді табыңыз

A) барыппедің

B) дастархан

C) көктем

D) ауыл-аймақ

Е) білімпаз

1-мәтін

Құмырсқа – әлемдегі ең көп тараған жәндіктің бірі. Қазақ «құмырсқадай қажырлы», «құмырсқадай құжынаған», «құмырсқадай еңбекқор» деген тіркестерді бекер айтпаған. Олардың біз білмейтін қызық қыры көп. Оны ғалымдар зерттеп, бұқараға жеткізіп отыр.

Құмырсқаларды зерттейтін ғылым – мирмекология деп аталады. Осы мирмеколог мамандардың құмырсқадай тынбай талаптанып, қайнаған тіршілікті зерттеуі нәтижесінде бізге олар туралы көптеген қызықты деректер белгілі болды. Құмырсқа жер жүзінде ең көп тараған жәндік. Әлемдегі ең құрметті мимекологтардың бірі Эдвард Уилсонның есебі бойынша, бүгін жер бетінде 10 квадрилиион, яғни онның 15 дәрежесіндей құмырсқа бар екен. Жан басына шаққанда, бір адамға миллион құмырсқадан келеді.

11.Мәтіннің тақырыбы қандай?

A) Мирмекологтар туралы

B) Құмырсқалар илеуі туралы

C) Құмырсқалар достығы

D) Құмырсқалар еңбегі

Е)Жәндіктер туралы

12.Жан басына шаққандағы құмырысқа саны

A) Екі миллион

B) Бір миллион

C) Үш мшитион

D) Жарты миллион

E) Бір жарым миллион

2-мәтін . Жексенді сыныптастары да, мектептегі басқа оқушылар да «Тәртіпсіз Жексен» деп атайды. Шынында да солай. Сабақта тыныш отырмайды, жан- жағындағыларға үнемі кедергі жасайды. Жазады, сызады, жыртады. Әбден болмаса, қағаздан ұшақ жасап, мұғалиманың көзін ала бере, ұшырып жібереді. Сағыз да шайнайтын сол. Қасындағы Зағипаға да күн бермейді. Түртеді, мазақ етеді.

Еңбек сабағы болатын. Оқушылар қағаз қиып, гүл жасауға кірісті. Тек Жексен жан-жағына жалтақтап, бостан-бос отыр. Өйткені, оның қайшысы да, желімі де жоқ...

Бір кезде мұғалім қарсы алдындағы Айдарды тақтаға шақырды. Осы мезетті пайдаланып, Жексен Айдардың желімін алып, оның орындығына төгіп қойды. Жабысып қалып, күлкі болсын дегені.

Жексен, кәне, жасаған гүліңді көрсетші, - деді апай осы кезде.

Жасаған жоқпын, - деді бұл.

Апай, оның желімі де, қайшысы да жоқ, - деді Зағипа.

Айдарда бәрі бар екен. Соның орнына отырып жасай ғой, - деді апай.

Ал Айдар сенің орныңда отыра тұрсын.

Жексеннің жүрегі су етті, Өйтсе де амал жок, сездірмеуге тырысты, Отырды...

Сабақ бітті. Окушылар у-щу болып, сыртқа шықты.

Сыныпта Жексен ғана жалғыз қалды. Орнынан ептеп тұрып көріп еді, тұра алмады.

13.Мәтінде жауабы бар сұрақты табыңыз.

A) Ата-анасы Жексенге неге тәртіпсізсш деп кейіді?

B) Жексен істеген ісін қалай түсіндірді?

C) Загипа Жексенге неліктен күн көрсетпейді?

D) Сыныпта жалғыз қалған оқушы кім?

E) Неліктен мұғалім Жексенге ренжіді?

14.Жексеннің әрекетіне қатысты мақалды табыңыз.

A) Тентек жұртқа теріс, өзіне дұрыс

B) Жан қиналмай, жұмыс бітпес

C) Ақылы жоктың арманы жоқ

D) Ақымақтың ақылы түстен кейін кіреді.

E) Біреуге ор қазба, өзің түсесің

15.Мәтінді жазудағы автор мақсатын көрсетіңіз.

A) Айдар мен Жексенді салыстыру-

B) Зағипаның үлгілі оқушы екенін көрсету

C) Тәрбиесіз қылықтарды әшкерелеу

D) ұстаздың тәрбиесіне көңілі толмау

E) Жексеннің тәртіпсіздігін мақтан ету

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Scucorif
12.01.2022 00:10

сәлем Ербол калың қалай менде жақсы.бізге қонсайшы.Бізде жаңа музей ашылды.Ол жақта көптеген қызықты заттар бар,Мысалы: домбыралар,алтын адамның баскиімі,құлыштар,садақтар,жебелер,қамшылар т.б.Бүгінгі күнде аталмыш музейде Балқия Рысбаеваның басшылығымен 10 адам қызмет етеді.Мемлекеттік орталық музейі мәдени-білім жұмысы қызметінде түрлі шаралар – фестивальдер, ашық есік күндері, қайырымдылық акциялары, шеберлік сабақтары, концерттер, шолу және тақырыптық экскурсиялар, тарихи квестер, викториналар, байқаулар, музей сабақтары, шығармашылық кездесулер және т.б. өткізіп тұрады.

0,0(0 оценок)
Ответ:
kana8
12.01.2022 00:10

салем, менин елимде ен керемет музей бар.ол -қазақстан республикасы ұлттық музейі.музей ғимараты ерекше пішінімен алыстан көз тартады. аса ірі бірегей музей кешені 74 000 м2  жерді алып жатыр және тоғызыншы қабатқа дейін ауыспалы қабатты болып келетін жеті блоктан тұрады. жалпы көлемі 14 000 м2  асатын экспозициялық алаң 14 залды алып жатыр.

қазақстан республикасы ұлттық музейінде бірнеше зал бар олар: астана залы, тәуелсіз қазақстан залы, алтын залы, ежелгі және орта ғасыр тарихы залы, тарих залы, этнография залы, қазіргі заманғы өнер залы. ұлттық қазынаны зерделеу жөніндегі музей құрылымы ғылыми-зерттеу институтынан тұрады.

қазақстанның ұлттық музейі ғылыми рухани орталыққа айналып, қазақстандық жодың бүгінге дейінгі барлық өмірінен хабар бермек», - дейді қр президенті.

музейді аралап біткеннен кейін дәстүр бойынша қалаған кісі өзінің әсері мен ұсыныс-тілектерін қалдыра алады. 

ұлттық музей күн сайын жұмыс істейді. дүйсенбі демалыс күні. кіру бағасы тегін.

подробнее - на -

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота