112110
05.04.2022 01:31

15.Мәтінді жазудағы автор мақсатын көрсетіңіз. A) Айдар мен Жексенді салыстыру-

B) Зағипаның үлгілі оқушы екенін көрсету

C) Тәрбиесіз қылықтарды әшкерелеу

D) ұстаздың тәрбиесіне көңілі толмау

E) Жексеннің тәртіпсіздігін мақтан ету

16.Айдар еңбек сабағына түгел әкелген заттар.

A) Желім, қайшы, гүл.

B) Гүл, ұшақ, қағаз.

C) Желім, кайшы, қағаз.

D) Сағыз, гүл, желім.

E) Қалам, қайшы.гүл

3-мәтін

Ертеде патшаның екі қызы болыпты. Патша екі қызын да жақсы көріп, колынан келгенше оларды ештеңеден қақпай, қалағандарын жасап, айтқандарын екі етпеуге тырысады екен. Дегенмен де өсе келе үлкен қызының мінезі өзгере бастапты. Ол үнемі мұңайып, бақытсыз кейіпте жүретін болыпы.

Бір күні білімді бір адам патшаға қонаққа келіпті. Патшаның қайғылы түрін көріп, себебін сұрапты. Патша: «Е-е-е... сұрама, күлмейтін бір қызым бар, дертін ешкім білмейді» - дейді. «Патшам, рұқсат етсең, сарайыңызға қонақ болайын. Мүмкін қызыңыздың қайғысының себебін табармын», - дейді жолаушы. Патша қуана рұқсат етті.

Сол күннен бастап саяхатшы екі қызды патша рұқсатымен жасырын аңди бастапты. Қараса, екеуі түнде жатар алдыңда жастықтарының астынан бір дәптер шығарын, бір нәрселер жазып, таңертең жазғандарын оқып, орындарынан тұрады екен. Саяхатшы бір күні қыздар ұйықтағаннан кейін дәптерлерін алып оқыса, кіші қыз өзіне жасалған жақсылықтарды, ал үлкен қыз тек болмашы әділетсіздіктерді жазыпты.

Ертеңінде саяхатшы кіші қыздан рұқсат алын, оның дәптерін үлкен қыздың жастығының астына қойды. Таң атысымен патшаның үлкен қызы жастық астынан дәптерді алып оқыпты. Сарайдағылар екеуіне де бірдей қарағандықтан ол дәптерде жазылғандарды жатырқамапты. Өзіне жасалған жақсылықтар есіне түсісімен жүзі жадырап, қуанғаннан ән сала бастапты. Патша үлкен қызының қуанғанын көріп, өз құлағы мен көзіне өзі сенбепті, Бірден саяхатшыны шақырып, бұны қалай жүзеге асырғанын сұрапты. Саяхатшы: «Патшам, өмір айна сияқты. Оның жақсы жақтарын ойласақ, бізге әдемі көрінер. Сіздің ұлкен қызыңыз өмірінің жаман жақтарын ойлағаны үшін бақытсыз болған», - деп жауап береді. Патша үлкен қызын шақырып, оған енді дәптеріне тек жақсылықтарды ғана жазуға кеңес беріпті. Сол күннен бастап, патшаның екі қызы да бақытты өмір сүріпті.

17.Кіші қыз неге бақытты еді?

A) Өзінің көркіне көзі тояды

B) Ақылдылығына сенімді

C) Өзіне жасалған игі істерді ойлайды

D) Әкесі қатты еркелетеді

E) Патша бетінен кақпайды

18.Патшаның үлкен қызының дертке шалдығуының себепшісі

A) Өзі

B) Сіңлісі

C) Сарай қызметшілері

D) Саяхатшы

E) Әкесі

19.Мәтіндегі негізгі ой кімнің сөзі арқылы беріледі?

A) кіші қыздың

B) Патшаның

C) Саяхатшының

D) Қызметкерлердің

E) Үлкен қыздың

20.Саяхатшы неліктен қыздардың күнделігін жасырын оқыды?

A) Қыздар тәрбиесімен айналысу үшін

B) Қыздардың сырын ашу үшін

C) Қыздардын ақылдылығын білу үшін

D) Патшалықтың құпиясын ашу үшін

E) Кіші қыздың науқасын білу үшін

21.Мәтіннің стилі қандай?

A) Ауызекі сөйлеу стилі

B) Көркем әдебиет стилі

C) Ресми іс-қағаздар стилі

D) Публицистикалық стиль

E) Ғылыми стиль

22.Қай даналық ой (тағылым сез) мәтіннің түйінін ашады?

A) Шапағатты ойға беріл, шапағатты сөзге беріл, шапағатты іске беріл.

B) Ізгіліктен басқа таусылмайтын, бұзылмайтын байлық жоқ

C) Қаруын - білімің мен тілің, сүйенішің, тірегің ақылың болсын.

D) Құрметті адам болғың келсе - көптің сөзін сейле, халық жағында бол.

E) Тәрбиеліден - тәлім, ғалымнан - ғибрат, өнерліден - өнеге ал.

23. Ұяң дауыссыздар қатарын көрсетіңіз.

A) к,қ,х,п, ф,с,т

B) й,л,р,у,м,н,ң

C) а, е, ы, і, и, э

D) б,в,г,ғ,д,ж,з һ

Е) о,у

24. Тіл білімін дыбыстық жағынан зерттейтін сала

A) Морфология

B) Фонетика

C) Синтаксис

D) Грамматика

Е)Сөзжасам

25. Шешенге ең қажетті қасиетті табыңыз.

A) Сөзге тапқырлық.

B) Келісімпаз болу.

C) Көп сөйлеу.

D) Өзін көрсету.

E) Көп тіл білу.

26 . Омоним бола алмайтын сөзді көрсетіңіз.

A) Найза.

B) Қаралы.

C) Мін.

D) Жұт.

E) Ара.

27. Көптік жалғауының дұрыс жалғанбағанын көрсетіңіз.

A) Балалар.

B) Құрылысшылар.

C) Газеттер.

D) Кітаптар.

E) Ұндар.

28. Сызықша қай жерде қойылатынын анықтаңыз.

A) Одағай сөзден кейін.

B) Бірыңғай мүшелердің арасында.

C) Атаулы сөйлемнен кейін.

D) Бастауыш пен баяндауыштың арасында.

E) Қыстырма сөзден кейін.

29. Дұрыс жазылған сөзді белгілеңіз.

A) Ләззәт.

B) Күләндә.

C) Жәмила.

D) Күлай.

E) Дүдамал.

30. Қосымшаның неше түрі бар

A) 2

B) 3

C) 4

D) 5

Е)6

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
qmess10
16.09.2020 15:24

Бұл суретте "Бокстағы аңыз адам" атағы бар Геннадий Головкин суреттелген. Ол 1982 жылы 8 сәуірде Қарағандыда дүниеге келген. Отбасында егіздің сыңары. Өзінен үлкен екі ағасы қайтыс болған. Олар бұған ешкімнен жеңілмеу керектігін үйреткен. Боксқа да сол үшін қатысқан. Маған Г. Головкин туралы оқығанымда адам алға мақсат қоя білу керек және оған жету үшін ерінбей тер төгу керек деген ой келді.

Не сезіндім, әрине танымал адамдардың өмірінде де тек жеңіс емес, жеңілістер де болып тұратынын сезіндім.

Не ұнады, оның өзін өзі жеңе білгендігі ұнады.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
pawlomogischoxigx1
24.06.2021 23:46

Досыма хат.

Сәлем,досым! Қалың қалай?Сабақ үлгерімің ше?Менде бәрі жақсы.Кеше ғана төрт пәннен бестік алғанмын.Маған кешегі күнім ерекше өтті.Не үшін дейсің ғой?Себебі,мен кеше ата-анаммен концертке бардым.Бұл концерт қазақ халық музыкалық аспаптарымен болды.Әрине,“нағыз қазақ – қазақ емес,нағыз қазақ – домбыра” демекші,басты аспап домбыра,одан кейін қобыз,шертер, сазсырнай,жетіген және т.б болды.Алғашында мен барғым келмеді.Заманауи әндерді таңдайтын мен үшін бұл концерт іш пыстырарлықтай өтеді деп ойладым.Барғым келмейді десем де ата-анам күштеп апарды әрі үйде жалғыз қалуға қорқатынымды сен білесің ғой.Алайда,концерт мен ойлағандай емес, жоғарғы деңгейде өтті.Концертте Қазақ КСР-нің Халық әртістері,әйгілі опералық және камералық әншілер Әлібек Дінішев және Ермек Серкебаев өз өнерлерін көрсетті.Әлібек Дінішев “Люблю тебя,мой край родной” әнін орындаса,Ермек Серкебаев “Абай” операсын айтты.Және де қазақ примадоннасы атанған Роза Рымбаева да келді.Ол “Бір бала” әнін айтып,көрермендерді,соның ішінде мені бір тебіренткен еді.Осыдан кейін мен концерттерге барып тұруды шештім.Өйткені,ол мен ізденіске, зейінділікке үйретті.Сені бірге баруға шақырамын.


Хат жазған: (сенің есімің/твоё имя).

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота