lourln
19.08.2021 16:55

Төменде берілген екі мәтінді оқып, тапсырманы орындаңыз. А мәтіні: ғаламтор мақаласынан үзінді

ЭКСПО көрмесі Қазақстанға не берді?

ЭКСПО 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін елдіктің ерен жеңісі деуге болады. Бұл көрмені Астана қаласында өткізу - Астанада өткізу – Қазақстанның негізгі ірі жобаларының бірі. Мұндай ауқымды шараны еліміздің астанасында ұйымдастыру туралы бастама Мемлекет басшысы, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлына тиесілі.

ЭКСПО-2017 көрмесінің негізгі тақырыбы – «Болашақ энергиясы» болды, бұл дегеніміз «жасыл экономиканы» дамытуға тікелей септігін тигізетін жаңа технология мен инновацияларды қолдау деп білеміз. Ал енді осы аталмыш көрме Қазақстанға не берді? деген сұраққа жауап беретін болсақ, Нұрсұлтан Назарбаев көрменің Қазақстан экономикасын дамытуға мультипликативтік тұрғыдан оң әсер еткенін есерін ерекше атап өтті. Көрменің оң әсеріне тоқтала кетсек: шағын және орта бизнестегі 1400-ден астам кәсіпорын құны 640 миллиард теңге болатын тауарларды жеткізуге және қызмет көрсетуге тапсырыс алды. Туристік сектор жандана түсті. Туроператорлардың қызметіне деген сұраныс 1,8 есе артты. Астанада кәсіпкерлік субъектілерінің саны 10 пайыздан аса көбейді. Елорда бюджетіне қызмет көрсету саласынан түскен салық 1,2 есе өсті. Қазақстанның астанасы бүкіл әлемнің назарын өзіне аударды.

Сонымен қатар, жаһандық шара мемлекетімізді әлемдік қауымдастыққа жаңа қырынан танытып қана қоймай, еліміздің әлеуметтік-экономикалық өрістеуіне, мәдени дамуына тың серпін берді. (165 сөз)

Ә мәтіні: ғаламтор мақаласынан үзінді

Қаражаттың тиімді жұмсалуы

Сарапшылар атап өткендей, ЭКСПО-ға жұмсалған ақша елдің жанармай-энергетикалық кешенінің дамуына кеткен қаражаттан 30 миллиард теңгеге асып түсті.

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындауға бес жыл ішінде Қазақстан бюджетінен 565 миллиард теңге жұмсалған, деп хабарлайды Ranking.kz сараптама порталы.

Республикалық бюджет туралы заңға сәйкес, ЭКСПО — 2017 халықаралық көрмесін өткізуге дайындыққа бес жыл ішінде 565,1 миллиард теңге немесе 2,1 миллиард доллар бөлінген. Оның ішінде Астана қаласы бюджетінен – 1,58 миллиард теңге.

Бұдан бұрын "Астана ЭКСПО — 2017" АҚ ұлттық компаниясы басшысы Ахметжан Есімов хабарлағандай, бастапқы есептеулер бойынша көрмеге 400 миллиардтай қаражат жұмсалған, оған нысандардың салынуы мен іс-шаралардың өткізілуі кіреді.

Барлық шығынның жартысына жуығы 2016 жылы жұмсалды – 267,2 миллиард теңге. Биыл көрменің ашылуына дейін тағы 77,3 миллиард теңге ұсталды.

Орта есеппен көрменің дайындығына адам басына шаққанда 66 мың теңгеден кеткен. Тағы бір айта кететін жайт, 2015 жылы Миландағы ЭКСПО-ға 3,6 миллиард доллар жұмсалған екен, ал ең қымбат ЭКСПО Шанхайда өткен, Қытай елі оған 60 миллиард доллар жұмсапты.

Әйгілі көрмелерді өткізуде дамыған мемлекеттер жоғарыда көрсетілген қомақты қаражаттарды жұмсаса, жаңадан тәй-тәй басып нығайып келе жатқан Қазақстанның қаражаты айды аспанға шығарғандай. ЭКСПО көрмесін ұйымдастыруға кеткен қаржы жоспарланғандай өз шығынын өтеді ме, өтесе өтелген шығын еліміздің экономикасының көтерілуіне өз септігін қаншалықты дәрежеде тигізді екен?..

Жаһандық көрмедегі Қазақстанның танымалдылығы, ондағы жобалардың жүзеге асырылуының маңыздылығы неде? (225 сөз )

Екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікірлеріңізді пайдаланып, « ЭКСПО көрмесін ұйымдастырудың Қазақстан үшін қандай пайдасы болды?» деген тақырыпта эссе жазыңыз. Эсседегі сөз көлемі 170-200 сөз болуы қажет.​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
ktvsl
19.02.2020 10:12
Менің бос уақытым.
Бос уақытында адам өзінің қалаған ісңмен айналасып көңілін көтеруге мүмкіндік алады. Бізге берілген азын шоғын уақытты әркім әркелкі өткізеді.Бірі сыртта ойнаса, бірі уақыт тапса кітап беттерінен көзін алмайды.Негізінде өзінің бос уақытынды дұрыс қадағалау өте маңызды. Мысалға мен спортқа жақын адаммын. Сондықтан таңертен өзіме бом уақыт арнап оны күнделікті жүгіруге арнаймын.Ал сабаққа барар алдында бос уақыт қалса өзімнің хоббиім-музыка тыңдаумен айналысамын. Себебі, музыка адамды тыныштатады, өзіңді түсінуге мүмкіндік береді. Егер мен музыкаға уақытымды бөлмесем, мен өзімнің сабырлылығымнан айырылатын секілдімін.Сабақтан үйге келіп үй жұмысын жасаймын. Кейін, қолым босағасын кітап оқимын. Әсіресе Есенинның өлендерін ұнатамын. Оның өмірге деген көзқарасын ұстанамын.Мен осылайша бос уақытымда өзімді физикалық және психологиялық тұрғыдан дамытамын.
0,0(0 оценок)
Ответ:
0667543784u76ju

Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота