ochvv15owqbd0
23.07.2022 01:39

Төменде берілген екі мәтінді оқып, тапсырманы орындаңыз. Биоалуантүрлілік. «Қызыл кітапқа енген өсімдіктер мен жануарлар»

А мәтіні:

Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің соңғы арнаулы мəліметі бойынша (5 маусым), өлген ақбөкендер саны 134 252 бас, бұл Бетпақдала популяциясының 62% жəне ақбөкендердің дүние жүзілік қорының шамамен жартысы. Қырылған аңдардың көпшілігі ақбөкендер төлдейтін жерлерде болған. Əсіресе, аналықтар мен олардың лақтары көп өлімге ұшыраған. Бұл жағдайда, жаппай қырылған жануарлардың өлекселерін жинаған адамдар мен экспертиза үшін анализ алған мамандар жұмыстарының сондай қиын болғанын түсінеміз.

Ақбөкен – байтақ даламыздың таңғажайып түр тағысы, сондықтан да халқымыздың аялы алақаны мен жүрек жылуын қажет етері де анық.

Үкiмет ақбөкендердi 2006 жылы «Қызыл кiтапқа» ендiрдi. Және сол жылы жан-жануарларды қорғау мақсатында бюджеттен 200 миллион қаржы бөлдi. Алдағы уақытта қаржыны 270 миллионға жеткiзiп отыр.

Ежелден-ақ халқымыздың сүйіспен¬шілігіне бөленген сахараның ботакөзі атанған киесі бар киікті (ақбөкенді) аялы алақанмен аялай білейік! (120 сөз)

Ә мәтіні: «Құралайдың салқыны»

Ақбөкен- ашық кеңістіктің типтік жануары. Қорек пен су іздеу барысында үлкен арақашықтықты жүгіріп өтеді. Ақбөкеннің тұлғасы жуан, тығыз, ал аяқтары жіңішке.

Ақбөкенді қазақтар «киелі» деп атайды. Киелі аң деп қастерлейтін осы сұлу жаратылыстың шөлейтті және далалық аймақтарда тіршілік ететіні белгілі. Олар ауа райына, жайылымның жағдайына байланысты қоныстарын ауыстырып отырады. Киіктердің арнайы түрде лақтайтын, өрістейтін тұрақты жері, сол өңірге жыл сайын жылы жақтан келіп, кері қайтатын арнайы жолы да болады.

Бір ғажабы, ақбөкендер табиғат тамыршысы секілді қыстың қарлы боранды болатынын, көктемнің кеш туатынын алдын-ала болжап біледі. Өздері де соған сәйкес тіршілік етеді. Мамыр айының шамамен он төрті мен жиырма сегізі аралығында 2-3 күнге ғана соғылатын қатты желді халық даналары «Құралай салқыны» дейді.

Киіктер төлдейтін кезде бетпақдалада шыбын-шіркейді шығартпайтын суық болады екен. Мұны қазақта «құралайдың салқыны» деп атайды. Сол кезде қасқырдың киікке деген тәбеті де тыйылады екен.

Ел арасында ақбөкенді атқан адам бақытсыздыққа ұшырайды деген сенім бар. Ақбөкендердің басына қаншама зобалаң заман туғанымен, миллиондаған жылдар бойы тұқымын сақтап қала алды. Осының өзі ақбөкендердің өмірге өте бейімділігін, өсімталдығын аңғартады.

(166 сөз)

Екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікірлеріңізді пайдаланып, «Қызыл кітапқа» енген жануарлар – биоалуантүрліліктің жүрегі» деген тақырыпта эссе жазыңыз. Эсседегі сөз көлемі 170-200 сөз болуы қажет.​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
jorik9
22.02.2020 06:27
Қазіргі Қазақстан, Моңғолстан, Қытай және Ресей мемлекеттерінің шекаралық түйіскен өңіріндегі тау жүйесі және таулы аймақ атауы. Тау мен өңірдің біздің елімізге қарасты бөлігінде Шығыс Қазақстан облысы орналасқан. Ресейдің Алтай өлкесінде де, моңғол жерінде де, Қытайға қарасты Алтай аймағында да басқа жұрттармен бірге қазақтар тұрады. Алтай – ертеде тұтастай түркі жұртының мекені болған өңір. Соның ішінде қазақтың да баба қонысы, атамекені. Халқымыздың біраз бөлігі Алтайды мекендеп келеді. Халқымыз басқыншылардан елді-жерді қорғауда үлкен ерліктер жасаған өңір – Қаракерей Қабанбай, Ақыр Жәнібек аталған кіші (керей) Жәнібек батыр, Оспан батыр сынды ел қорғаны болған тұлғалар шыққан.
0,0(0 оценок)
Ответ:
ALPELGOLD
22.02.2020 06:27
Қорғалжын қорығы целиноград облысының даласында орналасқан және қорғалжын тұщы көлі, нұра және құлақұтнес өзендерінің төменгі жағында орналасқан жағалау учаскелерімен бірге тэнгиз тұзды көлінің бір бөлігін алып жатыр. қорықтың ауданы 193,5 мың га.ол 1968 жылы қазақстан аймағының учаскесін және құстардың сирек ұяларын - қызғылт фламингоны сақтау мақсатында ұйымдастырылған. қорықтың басым аумағы (107.7 мың га.) қорғалжын және тэнгиз көлдерінің және батпақты жағалаулардың бетін алып жатыр. қорығы сондай-ақ қорғалджин көліне және оның қалың қамыс шоқылары бар жағалауына жанасатын типчак-беткейлі даланың тар жолағын да қамтиды.    мұнда суда жүзетін құстардың ұялары, әсіресе қаздар мен үйректер, аққулар көп. кейде жай дуадақ, жек дуадақ және стрепеттер кездеседі. сирек ақ цапля ұясы. тэнгиз көлінде әлемдегі ең солтүстік қызғылт фламинго құстарының ұясы бар. құрақ ұлпаларында қабандар кездеседі.    теңіз-қорғалжын көлдері көктемгі ұшулар кезінде суда жүзетін құстардың көп шоғырланатын орындары, соның арқасында қорғалжын қорығы әлемдік танымалдыққа ие болды. ол батпақты-көлдік жерлердің ерекше қорғалатын ландшафты ретінде юнеско тізіміне енгізілген.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота