іне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 60 жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні-түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды. Бұл мейрамды біздің аяулы да даңқты әйелдеріміз - өздерінің әкелерін, ерлерін, ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен күткен, олардың орнын жоқтатпаған аналар мен жұбайлар, қалыңдықтар мен қыздар тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің әкелері мен ағалары қанын төгіп, жанын қиып бақытты өмірін қамтамасыз еткен Ұлы жеңістің құрдастары тойлайды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді.
Бұл мейрамды бұрынғы кеңес одағына кірген 15 одақтас республика халқымен бірге, кеңес халқы неміс басқыншыларынан азат еткен Еуропа елдерінің Варшава мен Прага, Будапешт пен Бухарестің, София мен Белградтың, Париж бен Венаның, жер шарының басқа да көптеген қалаларының тұрғындары тойлайды.
Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты.
Бір күшке жиналған орыс пен тәжік, грузин мен белорус, қазақ пен украин қарсы алдындағы жауға алмас қамал болып жұмылды...
Ганг өзені – маңызы жағынан Үндістанның бірінші өзені және Азияның суы мол өзендердің бірі. Ганг бассейнінің облысы қуатты өзен жүйесі қалыптасуы үшін ерекше қолайлы. Өзен Гималайдың жауын – шашыны мен қары мол биік тауды аудандарында басталып, содан соң кең – байтақ ылғалы көп ойпатқа шығады. Гангының ұзындығы – 2700 км, ал бассейнінің ауданы – 1125 мың км2 . Өзеннің орташа шығыны – 2700м / с, яғни Хуанхэнің шығынынан 5 еседен аса артық. Ганг екі бастаумен (Бхагиратхи және Алананда) боп 4500 м биіктіктен басталады да, Гималай тауларының солтүстік жоталарын тар шатқалдармен тіліп өтіп, жазыққа шығады, бұл жерде баяулап жай ағады. Ганг Гималай тауларынан көптеген суы мол салаларды, оның ішінде өзінің ең ірі саласы Джамнаны қосып алады. Декан таулы үстіртінде Гангқа құятын салалар әлдеқайда аз. Бенгал шығанағына құятын жерінде Ганг Брахмапутрамен бірге кең және ауқымы тез артып отыратын атырау жасайды. Екі өзеннің жалпы атырауының ауданы 80 мың км2 жетеді, ал бұл атырау теңізден 500 км2 қашықтықтан басталады. Ганг пен Брахмапутра тармақтары атырау жазықтығы шегінде арнасын ауыстырып, өзінің бағытын жиі өзгертіп отырады. Ганг өзені Гималай тауларындағы мұз бен қардың еруінен және жаздық муссондық жаңбырдан нәр алады