2-тапсырма. Төменде берілген әр сөйлемді өз сөзіңізбен қайта жазыңыз. Сөйлемдерді берілген сөздермен бастаңыз Әр сұрақтың балы жақшада берілген. Тіл сапасына қосымша беріледі.
Мысалы:«Жер – өмірдің бесігі, Еңбек – ердің несібі», - дейді қазақ халқы.
Қазақ халқы
Жауабы:Қазақ халқы өмірдің негізі жер екенін, адамның несібесі еңбек екенін айтқан.
1. Солардың бірі – Қызылорда облысында күріш өндірумен айналысатын – «Абзал және К» ТС-і.
«Абзал және К» ТС-і
[1]
2. Ауыл шаруашылығы өнімін шығару арқылы да үлкен жетістікке жетуге болатынын дәлелдеп отырған бұл өндірісті
жас кәсіпкер Мағжан Ералиев басқарып отыр.
Жас кәсіпкер Мағжан
[1]
3. Компания Нағи Ілиясов ауылындағы арнайы жерлерінде күріш егеді де, алынған өнімді өз зауытында өңдейді.
Нағи Ілиясов ауылындағы
[1]