«Отаным» деген жас жүрегімнен шыққан асыл сөзді мақтанышпен, асқақтықпен айта аламын. Ата-бабамыздың азаттық жолындағы ерен ерлігінің арқасында осынау арман еткен заманға тер төге, көп күш жұмсай жеткен елімді мақтаныш етемін. Талай жылғы ұлы дүбір, дүрбелеңнен кейін жарқын болашақтың таңы атып, еркіндік пен теңдік есігін айқара ашты. Еліміздің күні оңынан туып, жарық жұлдыздар шоғыры ұлттық намыс пен арымызды тудай желбіретті. Әрине, бұл күн оңайлықпен келмегені белгілі. Еліміздің арыстары талай жылдар басын тау мен тасқа ұрып, тар жол тайғақ кеше жүріп, еліміздің болашағы, келер ұрпақтың бақытты ғұмыры үшін аянбай күресіп табандылық пен асқан қайсарлық, шыдамдылық пен беріктік танытты. Барлық саналы ғұмырын ұлт мүддесіне арнаған бес арыс, ұлы Отан соғысында елім деп жанын пида еткен қайтпас қыран алаш азаматтары, жүректері оттай жалындаған желтоқсан қаһармандары... Айта берсе жалғаса берер елінің асыл ұландары, асқақ рухты азаматтарының ерен ерлігінің арқасы деп білемін. Еліміздің көгінде тәуелсіздік туы желбірегеннен бері өшкеніміз жанды, өлгеніміз қайта тірілді, ата-баба дәстүрі көш түзеді, халқымыз еңсесін тіктеп жарқын болашаққа қол созды. Содан бері атқан оқтай зулап, табандатқан 20 жыл өтті. Қазақстанның жиырма жылдық ғұмырына көз салсақ, ауыз толтыра айтарлықтай, көкірегіңді мақтаныш сезімі кернеп еске аларлықтай жеткен жетістіктері, асқан асулары мен бағындырған жаңа белестері бар.
Қазақ халқының лиро-эпостық жыры. ХІІІ-ХІV ғасырлардан бастап жырланып, қазақ арасына кең тараған. Жыр Сарыбай мен Қарабайдың түзде жүріп құда болып, Қозы мен Баянды күні бұрын атастыруымен басталады. Ары қарай қос ғашық Қозы мен Баян зорлықшыл Қодар, қаражүрек Қарабай арасындағы шиеленіскен оқиғалар негізінде зұлымдық пен махаббат күресі баяндалып, Қозы мен Баянның қайғылы қазасымен аяқталады.Жырдың негізгі идеясы – мөлдір махаббатты дәріптеу. Тілі көркем, сюжеті шебер құрылған. Жырда айтыс, тұрмыс-салт жырлары: естірту, жоқтау, қоштасу, т.б. кеңінен қолданылады. Бұл жырда Аягөз, Үржар, Лепсі, Қалба тауы т.б. нақты жер-су атауларының кездесуі айқын көрінеді. Дастанның басқа да түркі халықтарынан тараған нұсқалары бар. Мысалы, башқұртта «Қозы Курпәс мәнән Маян сылу», Бараба татарларында «Қозы көрпеш», алтайлықтарда «Қозы Эркеш» деп аталады. Сыбанбай, Бекбау, Жанақ, Шөже т.б. ақындар әр кезде дастан оқиғасын өздерінше жырлаған. Жалпы жиырмаға жуық нұсқасы бар. Ең көп тарағаны – Жанақ нұсқасы. Алғаш ел арасынан жинап, хатқа түсіргендері Г.Саблуков (1830), Ғ.Дербісәлин (1834), А.Фролов (1841), Ш.Уалиханов (1856). Ал М.Путинцев жырдың мазмұнын орыс тіліне аударып бастырған (1856). В.Радлов бір нұсқасын жинағының 3-томына енгізген (1870).Г.Н.Потанин бұл жырдың «дүние жүзіндегі ең қымбат әдебиет мұраларына жататын шығарма» екенін айтқан. Н.Н.Пантусов, Р.Ш.Әбдірахманов, Е.З.Баранов т.б. зерттеушілер жырды әр кезде орыс тіліне қара сөзбен аударып жариялаған. Ақын Г.Н.Твертин (1889-1921) жырды тұңғыш рет орыс тіліне аударып бастырды (1927-1935). 1878, 1890, 1894, 1905 жылдары Қазан қаласында кітап болып жарық көрді. Кеңестік дәуірде ең алғаш 1925 жылы Мәскеуде шықса, жырдың Жанақ нұсқасын 1936 жылы М.Әуезов Алматыда шығарған.Жырды М.Ғабдуллин, Ы.Дүйсенбаев, Ә.Қоңыратбаев т.б. қазақ ғалымдары салыстыра зерттеп, оның тарихи әлеуметтік мәнін ашты. Жыр 2002 жылы Астанада басылып шықса, бір нұсқасы 2003 жылы Мәскеу қаласында «Қозы Көрпеш — Баян сұлу. Қыз Жибек: Казахский романтический эпос» деген атпен 2 тілде (орыс, қазақ) жарық көрді. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының негізінде «Махаббат дастаны» кинофильмі (сценарийін жазған Ғ.Мүсірепов, 1954) түсіріліп, сахналық шығарма (авторы Ғ.Мүсірепов, 1940) жазылған. Шығыс Қазақстан облысы, Аякөз ауданы, Тансық станциясының маңында Қозы Көрпеш – Баян сұлудың мазары бар.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку