dontgiveupDGU
04.05.2020 17:24

3-тапсырма. Берілген сөйлемдердің қай стильге тән екенін аные таңдар. Ойларыңды дәлелдеңдер. 1. Тысқа шығып жуына ғой, қалқам! (Ә.Тарази) 2. Даланың жон арқасы жыбыр ете түскендей болды (О.Бөкей). 3. Міне, жаңарған Туы, Елтаңбасы, Әнұраны бар ел болдық (Н.Назарбаев). 4. Монитордан бөлінетін сәуленің зиянды әсері болады («Ден- саулық» журналынан). 5. 2018 жылдың 22 қыркүйегінде Тілдер мерекесіне орай өтетін Қазақ тілі апталығының ашылу салтанатына шақырамыз.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Farys
24.01.2022 04:44

 

«Байқоңыр» кешенінің инфрақұрылымы

 

-         Байқоңыр қаласы.

-         Ғарыш айлағы:

-        құрамында 52 ұшыру қондырғысы бар кешен (85 х 125 км);

-        көмекші объектілер (заводтар, аэродромдар, жылу-электр орталығы).

-        Зымырантасығышының бөлініп қалатын бөлшектері құлайтын аудандар (жалпы көлемі 4,8 млн га болатын 22 алаң).

 

Жалға беру шарты (1994 ж.)

 

Жалға беру ақысына (жылына АҚШ-тың 115 млн. доллары) табиғатты пайдалану төлемі де қосылған. (Бірақ қоршаған ортаны қорғау қорына одан бір тиын да түспей отыр).

Экология және табиғат қорғау мәселесі 1997 ж. 4 қазанда жасалған келісіммен жеке реттеледі.

Ғарыш айлағы объектілеріне бөгде адамды кіргізу көзделмеген. Бұл мәселе 1999 жылдың 1 қарашасындағы жеке ережемен кейіннен реттелген.

 

«Байқоңыр» ғарыш кешенінің мәселесімен айналысып жатқан жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары, олардың бағдарламалары

 

Өткен жылы (1999 ж) «Протон» екі рет құлағанда, біздің мұндай төтенше жағдайға дайын емес екендігіміз белгілі болды. Қазір бірталай тәжірибе жинадық. Бірінші жағдай бойынша ғылыми зерттеуді Қазақстан ғалымдары жүргізе бастады. «Байқоңыр» кешенінің қызметіне байланысты халық денсаулығы жағдайының мониторингі бағдарламасы боынша облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Қанат Ермекбаевтың басшылығымен облыс дәрігерлері де жұмыс істеуде. Солардың ішінде ҚР ҰҒА-ның корреспондент – мүшесі, ҚММА-ның ректоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Мақаш Әлиакпаровтың басшылығымен «Байқоңыр» кешенінің адам денсаулығына әсері туралы тереңдетілген ғылыми зерттеу бірінші рет жүргізіліп отыр. Бұған қоса зымырантасығыштың бөлінген бөлшектері түсетін Ұлытау, Қарқаралы және Жаңаарқа аудандарындағы жерлерде ҚазМУ мен «Қазмехонобр» ғалымдары да экологиялық зерттеулер жүргізілуде. Ал Е.А. Бөкетов атындағы Қар МУ-дың ғалымдары жүргізіп жатқан жұмыстар өте ерекше. Онда экологиялық зерттеу орталығы құрылып, университет ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Жамбыл Ақылбаевтың басшылығымен зымыран отының құрамын анықтайтын жаңа аспап және оның жұмыс істеу әдістемесі жасалып жатыр.

 

«Байқоңыр» ғарыш айлағының елімізге әкелген пайдасы

 

«Байқоңыр» ғарыш айлағы өткен ғасырдың еншісіне жазылған а ң ең бір теңдесі жоқ жетістігінің бірегейі десек артық болмас. Сол арқылы адам табиғат құпиялары мен ерекшеліктерін игеру үрдісіндегі өзінің алар биігі мен жетер асуын нақты істермен дәлелдеп берді.

«Байқоңырдың» қызмет ете бастағанына 40 жылдай уақыт болса, осы уақыт ішінде ол Қазақстанды әлемге танытты. Алғашқы жер серіктері осында ұшырылды. Соңғы мәліметтерге қарағанда, мұнда тұрған ғимараттар мен басқа да жарақтардың құны 25-30 млрд долларға бағаланады екен. Ол бұрынғы Кеңес Одағынан қалған мұра. Ол Қазақстанның ғылыми дәрежесінің өсуіне де үлкен әсер етті.

«Байқоңырдан» ғарышқа бірінші адам аттанғаннан бері қаншама жер серіктері, ғылыми зерттеу станциялары, ғарыш корабльдері ұшырылды. Соның нәтижесінде ғылымымыз өркендеп, табиғаттың талай тылсым құпиялары ашылды. Демек, «Байқоңыр» ғарыш айлағының а үшін де, еліміз үшін де алар орны ерекше.

0,0(0 оценок)
Ответ:
vitalik6300
20.12.2022 08:48

Мұхтар Омарханұлы Әуезов – қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957)Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Бөрілі деген жерде 1897 жылы 28 қыркүйекте туған. Шыққан руы қожа. Мұхтардың атасы Әуез ескіше сауаты бар, араб, парсы, ортазиялық түркі әдебиетімен таныс болған. Мұхтар бала кезінде атасының үйретуімен арабша хат таниды. Мұхтардың әкесі Омархан да, атасы Әуез де Абай аулымен іргелес отыратын, құдалы, дос-жар адамдар еді. 1908 жылы Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан кейін орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1910 жылы Семей қалалық бес кластық орыс қазына училищесіне оқуға түсіп, соңғы класында оқып жүргенде «Дауыл» атты алғашқы шығармасын жазады. Училищені 1915 жылы аяқтап, Семей қалалық мұғалімдер семинариясына түседі. Семинарияда оқып жүріп Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жолсыз жаза» дастанының негізінде «Еңлік-Кебек» пьесасын жазып, оны 1917 жылы маусым айында Ойқұдық деген жерде сахнаға шығарады.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота