Тұмар (Томирис) (грек. Τόμυρίς, көне парс. Tahm-Rayiš, көне иран.: Tahmirih — "Батыл") (ж.ж.с.д. 570-520) — күнгей түркі сақ халықтарының байырғы заманда ел билеген атақты әйел патшаларының бірі, массагет халқының байырғы заманда ел билеген атақты ханшайымы. Себебі грек жазбаларында оның елін "массагет" деп атайды. Тұмар ханша есімінің тарихқа еніп әлемге танылуы - Ахемен әулетінен шыққан, "төрт құбыланың тұтас билеушісі" атанған парсының әйгілі патшасы Кирдің (ж.ж.с.д. 558-530.) Орта Азияға басқыншылық жорықпен келген "жеңілуді білмейді" деп дәріптелген әскерін ашық шайқаста тас-талқанын шығарып жеңуімен тікелей байланысты.
Файзолла Мұртазаұлы Оразаев 15інші желтоқсанның1938жылы Түркістан облысының Түркістан ауданының Иқан ауылында туылған. Ол ғалым, филология ғылымдарының докторы. ҚазҰУ- ды 1960ыншы жылы бітірсе, ал ҚазҰПУ-дың аспирантурасын 1969жылы бітірген. 1960 - 1966 жылдары "Лениншіл жас" (қазіргі "Жас Алаш") газетінде, "Мәдениет және тұрмыс" (қазіргі "Парасат")кітабында , "Жұлдыз" журналдарында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, "Қазақфильм" киностудиясында аға редактор.Оразаевтың ғылыми ізденістерінің бір саласы журналистика. Ол -
"Орыс журналистикасының тарихы" (1986),
"Қазақ журналистикасының тарихы" (1996, Қ.Алдабергенов пен Ж.Нұсқабайұлымен бірге), т.б. оқулықтардың авторы.
Орыс жазушылары М.Горькийдің, А.Станюковичтің, өзбек жазушысы П.Қадыровтың, У.Хашимовтың шығармаларын қазақ тіліне аударған(қысқаша) ʕ •́؈•̀ ₎