Kriiisskriiiis
27.07.2020 04:48

5. «INSERT» оқыту стратегиясы бойынша мәтіндегі ақпаратты қоры- тындылап жазыңдар. + (жаңа V (бұрыннан білемін) - (менің ойлаға- ныма қайшы) ? (білгім келеді) ақпарат) 1998 жылы Қырғызстанның Қошқар өңіріндегі Қарасу ауылы маңынан көне түркі рунасымен тас бетіне қашалып жазылған бірнеше құпия жазулар табылған. Тас бетіндегі құпия жазу түркітанушы ғалымдар тарапынан әлі күнге дейін жүйелі түрде оқылған емес. Енді осы таңбалар жүйесіне көз тігіңіз. Біздің ойымызша, бұл жазуды V-VI ғасырларға жатқы- зуға болады, себебі мұнда ертедегі Талас жазба ескерткіш- теріне тән таңбалар бар. Тастағы 13 руникалық таңба оңнан солға қарай оқылады. Құпия таңбалардың жеке-жеке мән-ма- ғынасын талдай келе мынадай болжамға тоқталдық: er atym sagunda ayrsym «Ер атым Сағуннан айырылдым» немесе «Ер атам Сағыннан айырылдым». 4MPYN)}"99 атағынан Алғашқысы қандай да бір азаматтың өзіне берілген немесе шенінен айырылғандығын білдіреді, ал екінші нұсқадағы сөйлемнің мәні бойынша, атасы Сағыннан айырылып қалған деп тұжырым жасауға бола- ды. Мұның өзі түркі жазуы жүйесінің ертеден қалыптас- қанын, жазу мәдениетіміздің тамыры өте тереңде екен- дігін аңғартады.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
dani61
18.01.2020 09:03

Алтын күз.

Әне – міне деп, асыр салып ойнап жүргенімізде күздің де келіп жеткенін байқамай қалыппыз. Табиғаттың әрбір маусымы өз ерекшелігімен әдемі. Менің ойымша, күз басқа маусымдарға ұқсамайтын келбетімен ерекше. Күз мезгілін «алтын күз» деп айтатын себебіміз жапырақтардың барлығы сарғайып, алтын түстес болып, айналаның бәрі де сары түске боялғандай болады. Осы қызыл, сары, қоңыр жапырақтар - «алтын күздің» айрықша белгілері.

Сары жапырақ қоңыр салқын ауа-райы, жабырқаушы көңіл-күй, қара суық жер күзге тән қасиет.

Күз сонымен қатар молшылықтың, байлықтың, берекенің маусымы. Осы кезде қырман басы тазаланып, бау – бақша жиналып, бидай, тары, күріш, сұлы арпа дақылдары піседі. Құстар да күз келісіміен келесі көктемге дейін жылы жаққа ұшып кетеді.

Сары жапырақ қоңыр салқын ауа-райы, жабырқаулы көңіл-күй, қара суық жер күзге тән қасиет. Неткен ғажап көрініс . Бірақ, қандай болмасы менің жаныма ең жақын - осы бір күз мезгілі. Оның екі себебі бар, бірінші себеп – ол күздің нағыз жылы күндерімен тұспа – тұс келетін менің туылған күнім, ал екіншіден, табиғаттың осы бір ғажайып күйі маған ерекше сезім сыйлайды. Сонымен қатар, күзде саябақта қыдырып, ағаштардан түскен жапырақтарды жинап, гербарий жасау – менің хоббиім.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Людина5
18.01.2020 09:03
Табиғат жаратылысы өзіне тән жыл он екі ай төрт мезгілмен ұштасады. Әр мезгіл өз сұлулығымен таңдай қақтырарлықтай. Мысалы қыс - мамықтай жұмсақ, кіршіксіз таза көңілдей аппақ қарымен көрікті болса, ал көктемде жылғалардан су ағып, өсімдік атауы бүршік атып, ағаштар ақ гүлден моншақ тағынады, төрт-түлікте төлдеп тіршілікке жан бітеді. Айналасын жасыл кілемге төсеп дала біткенді суға жүгіртіп, қарынын үзілген жеміске тойдырған жаз да бар. Ал мен үшін орыны бөлек, жаныма жақын - күз мезгілі. Иә, көне шаһар төріне өзімнің басқа маусымдарға ұқсамайтын келбетімен күз де келіп жетті. Сары жапырақ қоңыр салқын ауа-райы, жабырқаулы көңіл-күй, қара суық жер күзге тән қасиет. Мектепке асыққан бала, қоймасын астыққа толтырған диқаншы, қыс азығын жинаған шаруа, еңбекпен біте қайнасқан тірлік күз мезгіліндегі қызықты жайттар. Сондықтан күз - молшылықтың, байлықтың, берекенің мезгілі болып саналады.  
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота