
Мақсат - жетістіктің желкені.
"Талапты бала талпынған құстай" демекші, мен де әрдайым алға қойған мақсатыма жетуге тырысамын. Маған ешқандай тосқауыл кедергі бола алмайды. Ақырында, көздеген мақсатыма жету үшін тынбай еңбектенемін. Бір айта кететіні, ата - анам үнемі менің бастамаларыма қолдау көрсетіп, құптап отырады. Бұл үлкен сенімді мен де ақтауға тырысамын. Болашақ өміріме қажет болар деп, сабақтан бос уақытта Оқушылар сарайындағы түрлі үйірмелерге қатысып, өз қабілетім мен ерекшеліктерімді сынап көремін. Бірі болмаса екіншісі іске асар деген үмітпен үнемі қозғалыс үстінде боламын. Көп балалардың арман баспалдағы осы жерден, яғни Оқушылар сарайынан бастау алады. Ертеңіне ерінбей қарайтын талапты жастарды жігерлендіріп, ұшқыр қиялын қияға ұшырып, қанаттандырады.
Бүгінгі таңда XXIғасырдың балалары ғылым мен техниканың дамыған заманында өмір сүріп жатқандықтан, оларға барлық мүмкіндіктер жасалған деп ойлаймын.
Әжемнің айтқан әңгімелерін тыңдасам, бұрынғы кезде суды да тасып, отын жағып, телефонмен қоңырау шалу үшін аудандағы поштаға барып, хабарласатын болған.
Ал қазір ше? Заман өзгеру үстінде. Кіммен сөйлесем десеңіз де, үйде сымды телефон, қолыңызда ұялы телефон, жер шарының кез келген жеріне телефон шалу мүмкіндігі бар. Интернеттің дамуы арқасында бұрын – соңды ойламаған жерлермен видео байланыс орнатып, кез – келген университеттің оқытушыларының дәрістерін тыңдап, ірі мұражайларды онлайн режимінде де аралауға болады. Сабаққа қажетті материалдарды да осы Интернет арқылы тауып, мультифункционалды құрылғылар арқылы шығарып алуға болады. Ал бұрын ойлап көріңізші, қағаздың барлығын қолмен жазып, кітапты тек кітапханада дәстүрлі түрде оқуға болатын. Қазір болса, кітапты да электронды түрде жүктеп алып, ыңғайлы кезде оқи аласыз. Шет тілдерін меңгеру үшін шетелде тұратын дос тауып, сөйлесуге де болады. Тіпті шетелдік іргелі оқу орындарының емтихандарын үйде отырып, ғаламтор арқылы тапсыруға болады. Қазір өмір әлдеқайда жеңіл деп есептеймін.
Сондықтан осындай үлкен мүмкіндіктерді пайдаланып, болашақта Қазақстанның беделді азаматы болуым үшін талаптанып, алға ұмтылайық!
Заттың агрегаттық күйі - бір заттың әр түрлі күйі.
Заттың бір күйден басқа бір күйге ауысуы оның еркін энергиясының, энтропиясының, тығыздығының, т.б. физикалық қасиеттерінің секірмелі өзгеруімен қоса қабат жүреді. Барлық зат (кейбір заттан басқасы) үш түрлі – қатты, сұйық және газ тәрізді агрегаттық күйде болады. Мысалы, су p=101 325 Па=760 мм сын. бағ. қалыпты қысымда және Т=0°С температурада мұзға, Т=100°С температурада қайнап, буға айналады. Плазма заттың төртінші агрегаттық күйі болып есептеледі. Заттың агрегаттық күйі температура мен қысымға тәуелді. Заттың агрегаттық күйін анықтайтын негізгі шама – молекулалардың өзара әсерінің орташа потенциалдық энергиясының олардың орташа кинетикалық энергиясына қатынасы [~(T, p)]. Мыс., қатты денелер үшін ~(T, p)1, газдар үшін ~(T, p)1, ал сұйықтықтар үшін ~(T, p)1.басталады. Заттың бір агрегаттық күйден басқа бір күйге ауысуы оның потенциалдық энергиясының секірмелі өзгеруімен қоса қабат жүреді және ол молекулааралық қашықтық пен молекулааралық өзара әсерге тәуелді. Газдарда молекулааралық қашықтық молекулалардың сызықтық өлшемінен әлдеқайда үлкен. Сондықтан газда молекулалар бір-біріменОбъяснение:
дұрыс шығар