АСТАНА. ҚазАқпарат - Беларусь ғалымдары жасанды тері ойлап тапты. Ғалымдардың айтуынша, жасанды тіндер күйік шалған адамдарды емдейтін маңызды материал болып саналады.
Бүгінде тері трансплантациясы әлемдегі өзекті мәселе болып отыр. Бұл жағдайда тек жасанды тері арқылы ғана тығырықтан жол табуға болады.
Жаңа жасанды тін күйік орнын жабады және оның астынан жаңа бері жабыны өсіп шығады.
Нәтижесінде, жасанды материал термиялық жолмен зақым келген терінің жазылуына септігін тигізеді.
2017 жылдың басында жасанды теріні көптеп өндіріп, медицинада қолдана бастады, деп жазады шетелдік БАК
Адам – ең жоғарғы құндылық. Еліміз егемендік алғаннан кейін адамды ең жоғары құндылық ретінде бағалау қалыптаса бастады. Адамның бар құндылығы – оның өмірі. Ол адамның мінезі мен темпераменті, мүддесі, көзқарасы, әдеті, тілегі, мәдениеті, тәрбиелік деңгейі, бір-бірімен өзара қарым-қатынасы, кішіпейілдігі, әдептілігі, жеке басының тазалығы, әсемдігі, сөйлеу мәдениеті т.б.
Адамның өмір сүру барысындағы қолданатын тәсілінде оның түрлі қажеттіліктері, ақыл-ойының қалыптасуы, еркіндік жауапкершілігі, қызметін ұйымдастыруы және болжамы анықталады. Оның іс-әрекеті және сол арқылы адамның қалыптасуы мен дамуы өз шешімін табады. Адам- дүниені өзгертуші күш.
Орыс жазушысы К. Г. Паустовский: «Адам ақылды, кішіпейіл, әділ, батыл да қайырымды болуға тиіс. Тек сонда ғана оның осынау Адам деген мәртебелі атпен аталуға құқы болады»;
Куба жазушысы, саяси қайраткер Х.Марти: «Адам бола білу – ең қиын мамандық» - деп жазған. Ең ұлы жеңіс- өзіңді-өзің жеңу. Өзіне-өзі ие бола білген адам ғана барша жұрттан мықты.