марина11110
15.04.2022 23:11

Бойынша мәтіннің мазмұнын айтып көр. 28. 18-беттегі мәтіннен нақыл сөзді тауып, жаз. Сол сөйлемдегі
сөздерге үлгі бойынша дыбыстық-өріптік талдау жаса.
Жазбаша талдау үлгісі:
1) дауыстыны дәрпімен; 2) ұяң дауыссызды ұ әрпімен;
3) қатаң дауыссызды көрпімен; 4) үнді дауыссызды ү
әрпімен бағдар сызық арқылы белгіле: [бұлт) – 1 буын,
от 15
4 дыбыс, 1 дауысты.
ұ дүк
Ауызша талдау үлгісі:
Бұлт сөзінде 1 буын (бұлт), 4 дыбыс (оның 1-еуі дауыс-
ты, 3-еуі дауыссыз), 4 әріп бар.
Сөздің бірінші дыбысы [б] — ұяң дауыссыз; (v) — жуан
дауысты; [л] - үнді дауыссыз; [т] – қатаң дауыссыз.
бұлт
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҮЗІЛІС
29. Сызық бағытымен бастапқы бір әріптен кейін екі өріп тастай
отырып оқығанда, мәтел шығады. Мәтелді түсініп оқы.
1 гомі ти,
T T
• Шыққан мәтелдегі сөздерге
ауызша және жазбаша фонетика-
лық талдау жаса.
АУА
Мәтелден бірде дауысты,
бірде дауыссыз болып тұрған ды-
Неге олай
HTT

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
daurova2007
29.05.2023 15:11

Театр жайлы баяндама.

Театр – сахналық өнердің өмір көріністерін драмалық әрекет арқылы көрермендердің көз алдында актерлер күшімен бейнелейтін бір түрі; ойын-сауық немесе спектакль; түрлі сахналық ойын-сауықтар, сонымен қатар жалпы мәдени шаралар өткізілетін орын-жай.  

Театрдың тарихи жағынан қалыптасып, даму, өсіп-өркендеу жолы әрбір ұлттың, әр халықтың өмір-тұрмысымен, олардың жалпы тарихымен және тұрлаулы мәдениетімен тығыз байланысты. Басқа өнер түрлері сияқты театр өнері де қоғамдық ой-сананың негізгі бір формасы болып табылады.  

Театр әдетте өз заманының озық идеяларын бойына сіңіре отырып, ізгілік мұраттарын паш еткенде, ең бастысы адамның өмірлік және рухани ой-мақсаттары мен оның күрделі ішкі жан дүниесін терең де шынайы ашып бейнелегенде ғана ол өзінің жоғары көркемдік сатысына көтерілумен қатар қоғамдық-әлеум. міндеттерін орындай алады. Театрдың да өнердің өзге салалары секілді өзіне тән ерекшеліктері бар. Ол – әдебиет, музыка, кескіндеме, архитектура, би және кинематографияның мәнерлі амал-тәсілдерін бойына жинақтаған синтездік өнер. Мұның өзі сахна мен көрермендердің рухани ой-сезім күйлерінің бір-бірімен өзара ұштасуын, оған қоса спектакльді жасаушылар мен көпшілік қауымның арасындағы жалпы мақсаттың ортақ болып, бір арнадан шығуын талап етеді.

0,0(0 оценок)
Ответ:
starikulia958
25.05.2021 23:34

Түйе су ішкенде неге артына қарай береді? (ертегі)

Ертеде түйе өте әдемі болған екен. Ағаштың бұтақтары сияқты мүйізі және сусылдаған жерге дейін жететін құйрығы болыпты. Түйе су ішкен сайын өзінің сұлулығын судан көріп, өзіне риза болады екен. Бір күні оған бұғы келіп: «Түйе, сен сондай ақылды, әрі сұлусың ғой, мен бүгін қонаққа барушы едім, бір күнге мүйізіңді бере тұршы»,- деп сұраған екен. Түйе мәз болып, оған мүйізін береді. Сөйтіп тұрғанда оған жылқы шауып келіп: «Түйежан, сенің әдемілігіңде шек жоқ, менде бір күнге әдемі болғым келеді, құйрығыңды бере тұршы»,- деп сұрайды.

Бірнеше күн өтеді, бірақ бұғы мен жылқы алған заттарын қайтармайды. Түйе қарызымды қашан қайтарады деп тоса-тоса шаршап, бұғыға келеді.

- Сен менің мүйізімді қашан қайтарасың? – депті.

- Сенің құйрығың қашан өседі, сол кезде мен сенің мүйізіңді қайтарамын,- дейді бұғы.

Түйе маң-маң басып жылқыға келеді.

- Жылқы, сен менің құйрығымды қашан қайтарасың? – деп сұрапты.

- Сенің мүйізің өскен кезде, мен сенің құйрығыңды қайтарамын,- дейді жылқы.

Арада бірнеше айлар өтеді, бірақ түйенің не мүйізі, не құйрығы өспейді. Түйе су ішіп, өзін судан көрген сайын қарызымды әкеліп қалады ма деп, жалтақтап артына қарай беретіні содан екен.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота