Rabika2018
02.08.2020 11:57

суретте де, репортаж лайланда, келтірген деректерін, алған керек в тапсырма. Казакстаннан иликті жерінде болған кезінде баяндан накты болса, ол үшін төмендегі қағидаларды устан, Репортал нақты бір мәселе бойынша өсерлі түрде баяндау Репортаж оқиға болған жерде дайындалады, Репортаждың басқа жанрлардан ерекшелігі: еткен окигани емес, болып жатқан оқиғаны сол бойда баяндайды. Репортажға тек ірі оқиғалар ғана тақырып бола бермейді. Репортер оқиғаның басы-қасында болуы шарт. Сол оқиғаны қаз-қалпында суреттеп жазады, оған өзінің ка- тысын білдіріп, оны басқалардың пікірімен толықтырады. Репортаж өмір шындығына сүйенеді. Тілі жатық, стилі тартымды болып келеді.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
2da0s0ha21
18.12.2022 15:41

ответ:Мен саяхаттағанды ұнатамын. Мемлектіміз Қазақстанда көркі көз тартар көрікті жерлер көп. Сондықтан әлемнің басқа түкпірлеріне жол тартпас бұрын, туған даламның сұлулығын тамашалағанды жөн көремін.

Өзім Алматыда туып-өскендіктен, табиғаттың тұмса сұлулығын көріп өстім. Сұлу қалам Алматының көрікті жерлері өте көп. Биші қайыңдар, Шымбұлақ, Медеу мұзайдыны менің жиі баратын жерлерім. Жыл сайын жазғы демалыста басқа қалаларға барып тұруды ұнатамын. Көкшетау, Семей, Жезқазған, Астанада қонақ болып қайттым. Әр өңірдің өзіне тән ерекшелігі бар. Маған Көкшенің сұлу табиғаты айрықша әсер қалдырды. Оқжетпес, Жұмбақтас, Абылайхан тағына бардым. Шортанды көлін көріп қайттым. Мұндағы табиғат, ауа райы, бәрі де тамаша.

Ал Астана мен Жезқазған, Семейде бір салқындық бар. Қысы суық, жазы салқынырақ екен. Десе де адамдарының мінезі жайсаң, жарқын. Қай жерде болсын құшақ жая қарсы алып, сый-құрметке бөледі.

Маған өз елім, елімнің әр қаласы ұнайды. Қазақстан бойынша түгелдей саяхаттап, онан соң басқа да мемлекеттерді көргім келеді. Бірақ Отаныма еш мемлекеттің жетпейтіні анық.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
Lucky0ne
07.09.2022 01:10
Қыз жібек  "қыз жібек" әңгімесі көп заманнан бері ел аузында сақталып, жыр болып айтылып келген әңгіме және ол қазақтың романтикалық ғашықтық жырлары ішіндегі бір көркемі, көлемдісі.  жырды ең алғаш зайсан уезінің (осы күнгі шығыс қазақстан облысы) бір белгісіз ақыны жазып алып, 1870 жылдар шамасында қазанда бастырған. бірақ бұл нұсқа біздің қолымызда жоқ. кейінде басылған нұсқасында мынадай сөздер ұшырайды:   басында менен жайылды,қисса болып бұл жібек,баспасына қарасам,бәрі шала сөзінің,еңіреп, жылап, жүр жүдеп,қисынсыз болған сөздері,жыламақ түгіл, күлмеймін, -  дейді.  жырдың осы нұсқасы 1876, 1905, 1909, 1911 жылдары қазанда хұсаиновтар баспасында бірнеше рет басылып шықты. 1925 жылы осы нұсқаны қазақтың ауыз әдебиетін жинаушы әбубәкір диваев ташкентте бастырды. одан кейін 1933 жылы қызылордада, 1939 жылы алматыда "батырлар жыры" жинағына қоса басылды.  жібек әңгімесі шын оқиғадан туған, бірақ дәл қай кезде туып жасалғанын кесіп айту қиын. мөлшермен айтқанда, "қыз жібек" әңгімесі xvii ғасырда туғанға ұқсайды. жырда жағалбайлы елінің қонысы қара теңіз жағасы деп келеді. мұнысы каспий (атырау) теңізі болуы керек. сол кездегі шектілердің қонысы ақжайық болған. бұл екеуінің арасы қоныс жағынан шалғай емес. қазақ даласы патшалық россияға қарағанғa шейін жағалбайлы елі ақжайық бойын мекен еткен. осы кезде де жаманқала (орскі), магнитогорск маңында жағалбайлы жұрты аз емес.  жібек әңгімесінің заманын білуге жолбасшы болатын тарихи деректің бірі - қалмақтардың ақжайық бойын жайлаған шекті елін жаулап алуы. жырдың екінші саласы осы жаугершілік заманға келіп килігеді. жайық бойындағы аз ру шектілерге торғауыттардың ол кезде, белгілі бір кезеңде үстем болуы рас.  жыр геройының бірі - төлеген. төлегеннің өмірін сипаттағанда ақын оның туған күнінен бастап, өлген күніне дейінгі ісін суреттейді. мұнысы жырдың эпос жанрына толық ұқсайтындығын көрсетеді. соның ішіндегі ең басты сарын төлегеннің еркін махаббат, азаттық іздеген талабы болып отырады.  жайыққа алғашқы аттанған сапарында артынан жылап келіп, "барма, қал" деп тілек еткен анасы қамқаға төлеген:   бір сұлу алмай, шешеке-ау,сірә да көңілім тынар ма.талап қылған ісіненат басын ерлер бұрар ма, -  деп, торықтыра жауап береді. қыз жібекке екінші рет жүретін жолында ол артынан жылап келген інісі сансызбайға:   батырлық, байлық кімде жоқ,ғашықтық жөні бір басқа, -  деп, батырлық пен байлықты мұрат етпей, көбіне сол асыл жар сүюді арман етеді.  төлегеннің осы сипатын әсірелеп көрсету үшін ақын түрліше композициялық әдіс қолданады. қыз жібектің көшін қуғанда төлегеннің ғашық жарын көруге асыққан көңілін жыршы оның атының шабуынан байқатады:   жер тарпынып жануар,ауыздықты басады.алдындағы белестенорғытып кеп асады.  бірақ ор қояндай секіріп, ұшқан құспен жарысып келе жатқан көк жорға аттың жойқын шабысы да төлегенге текірек сияқтанып көрінеді.  төлегеннің көш қуған жері - ғашық жүрегінде жанған үміттің аса бір жарқын, бақытты, зейнетті кезеңі.  төлегеннің сүйіспеншілік талабына бөгет болған төрт түрлі қара күш кедергі бар. бірінші бөгет шөлстан - алыс жол; екінші бөгет - ата-ананың теріс батасы, тағдырдың теріс қарауы; үшінші бөгет - көмексіздік, жалғыздық; төртінші бөгет - бекежанның жауыздығы.жырда қаратеңіз жағасын жайлаған жағалбайлы елі мен жайық бойын жайлаған шекті елінің арасы жүз күншілік шөл жазира, құс қонбас құла дүз болып сипатталады. сол шөлстанның ең бір жексұрын ұры қарақшы мекен еткен жері - қособа. төлегеннің ең рақымсыз, тілсіз жауының бірі - осы қособа. мұндай табиғат бөгеті қозы мен баянның да түбіне жетеді. мұның үлкен жұмбағы бар.  бұрынғы ғашықтардың қай-қайсысын алсақ та, олардың мақсатына жетуі жолында тұрған бөгеттің бір саласы жауыздығына байланысты болса, екінші бір саласы табиғат бөгетіне байланысты айтылады. табиғат бөгетіне жататын нәрселер - аждаһа, жын, сиқыр, өзен, теңіз, алыс жол.  "
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота