
Алматыдағы «Жетім бұрыш» туралы естіп пе едің?
2. Қалай ойлайсың, ел арасында бұл орын неге солай аталған?
Өйткені, бұл жерге әке-шешесі бар, бірақ баспанасы жоқ «тірі жетімдер» пана іздеп көптеп келеді және уақытша баспаналы болуға мүмкіндік бар. Сондықтан болар, ақын Мұқағали Мақатаев ол жерді "Жетім бұрыш" деп атапты және содан бері халық арасында осылай аталып кеткен.
3. Пәтерді адамдар не үшін жалдайды?
Пәтерді көбіне ауылдан келген, сол қаланың жұмысына орналасып, біраз аяғыма тұрайын деп жүрген азаматтар жалдайды. Ал студенттер жатақханадан орын таба алмағандықтан немесе ол жер ұнамағандықтан пәтер жалдайды.
4. Өзің тұрған жерде пәтер жалдайтын адамдар бар ма?
Өзім тұрған қалада әрине бар, бірақ пәтер жалдайтын адамдарды аса көп көре бермеймін.
Кітапхана туралы диалог.
- Дана халқымыз «Кітап - алтын қазына» десе, ал кітапхананы өз басым іші қазынаға толы алтын сандыққа теңер едім.
- Ия, Маржан дұрыс айтасың. Сенімен толықтай келісемін. Бізді білім нәрімен сусындататын ғалым, тілсіз мұғалім – осы кітап. Тағылымы мол тәрбие ошағына айналып отырған кітапхананың мектепте алар орны орасан зор.
- Әрине, қазіргі заман ағымына қарай, техниканың дамығанына орай кітап оқу мен мектеп кітапханасына жазылу қалып барады. Сенің ойыңша, осы мәселені қалай шешуге болады?
- Менің ойымша осы мәселені барынша қолға алып, мектеп кітапханасының қорын кеңейтіп, қазіргі жастарға қызықты жазылған кітаптармен толықтырса, сонымен қатар түрлі әдеби кештер мен іс – шаралар ұйымдастырылып, жастарды кітап оқуға үгіттеу жұмыстары жүргізілсе, бұл мәселе оң шешімін табады деп ойлаймын.
- Ия, осы орайда мектебімізде де түрлі ауқымды іс – шаралар өткізілуде. Мәселен, келер аптада ұлы Абай атамыздың қара сөздері мен өлеңдерін жатқа оқудан әдеби кеш өткізілмек.
- Онда бұл шараға белсенді қатысу керек екен. Мен Абай шығармаланып сүйсініп оқып, көбісін жатқа да білемін.
- Әрине, қатысып көр. Оның үстіне жүлделі орын иелері қалалық байқауға жолдама алады.
- Ендеше бағымды сынап көрейін!