thewinterstale
17.08.2021 07:04

Казак тили 3 тапсырма окылым матиннен болек жазылатын курдели создерди терип, кестени толтырындар

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Artem152006
08.06.2022 08:14
Әке – асқар тау.Отбасында әкенің орны бөлек. Әке – сол шаңырақтың бар ауыртпалығын көтеретін, асырап-бағуға да, жақсы тәлім-тәрбие беруге де міндетті адам. Әке – бала үшін асқар тау. Әке қамқорлығы дегеніміз – отбасы мүшелерін әртүрлі пәле-жаладан қорғап отыратын қасиетті ұғым. Сондықтан әкені сыйлау, оған үлкен құрметпен, ілтипатпен қарау баланың парызы болмақ. Ақын Жарасқан Әбдірашевтың әке десе – ауылы, ауыл десе – әкесі есіне оралатын перзенттік жүрегі дамылсыз соққан. Қашан да қамқор болған сан үмітке, Өтермін сақтауменен салтыңды әсем. Көнбей ме көңіл шіркін кәрілікке, Өкпелеп қалмайсың ба «қартым” десем! Ақын үшін, «бір ауылдың бәйтерегі» – өмірдің ащы-тұщысын халқымен бірге татқан әкесі. Сондықтан ол әкеден алатын тәрбие де салиқалы болмақ. Әке – ұрпақтың панасы, үйдің басшысы, әрі тәрбиешісі. Ол тек бір отбасының ғана емес, ауылдың, рудың қамқоршысы, ел ағасы. Өмірге келген баланың әрбір сәтті қадамы әке үшін үлкен мәртебе, зор мақтаныш болмақ. Сондықтан да әке ақылымен жүру, ешкімнің ала жібін аттамай, адал ғұмыр кешу баланы тек жақсы болашаққа ғана әкеледі. «Әкеге бағыну – аллаға бағыну» депті Мұхаммед пайғамбарымыз. Демек, әкені ренжітпей оның айтқанының үдесінен шығып отыру әрбір перзенттің басты парызы екен. Ақылы мен пайымы терең аналар балаларын үнемі әкесін сыйлап, құрметтеуге бейімдеп отырады. «Әкең ренжіп қалар», «Әкең жіберсе, бара ғой», «Әкеңе барып сәлем бер», «Әкеңнің керегін дайында» деп әкеге құрмет, қызмет етуге баланы жасынан дайындап отырса, мұндай отбасында әрдайым тәртіп, ынтымақ пен бірлік болуы сөзсіз. Әке ұл-қызын намысшылдыққа, елі, руы, қала берді өз бауырлары үшін еңбек етіп, өмір сүруге баулып отырады. Әкенің мейірімі мен талап қойғыштығының, еңбеккерлігінің бала тәрбиесіне ықпалы көп.
0,0(0 оценок)
Ответ:
Aikony
01.01.2020 06:54

Нақыл сөздер (Афоризмдер)- күрделі мәселeлерді терең ете дәл жеткізетін ой шалымы кең, қысқа қайырымды шешен сөз. Ол - көп қырлы, түйіндеуге бай, көркемдік дәрежесі жоғары сападағы, қанатты сөз айшығы данышпан ақылдың төзінен, ой көзі айқын керінетін сөз жасаушы ұлы шебердің мүсіндеуінен шыққан іші - алтын, сырты - күміс сөз төресі. Нақыл сөздер үлгісі қазақ әдебиетінде ерте көзде-ақ ауызекі тіл өнерге, өнегеге айналған шақтан бері қалыптасқан. Олар мақал-мәтелдермен қатар туып отырды. Әдетте, бұл нақыл сөздер ел аузында белгілі кісілердің атымен бірге жүрді, ал авторы ұмытылған сөздердің өзі де тарихи кісілердің атын жамылып отырды. Бұлай сақталу нақыл сөздердің бірден-бір өзіндік ерекшелігі болып табылады. Жазба әдебиетімізде нақыл сөздердің бай негізін өзінің дидактик. шығармалары арқылы Абай жасады. Шын мәнінде, Абайдың нақыл сөздер көздейсоқ, жәй бір құбылыстар емес, заңды, тарихи қажеттіліктер негізінде туған тұтас дүние. Дидактик. поэзияны шығыс әдебиеті ертеден бастаған. Бұл Таяу Шығыстың Ұлы ойшыл ақындары Фирдаусидың, Низамидың, Сағдидың, Науаидың, Жәмидың шығармаларында туды. Тіпті ислам үгітшілерінің (зәруіштердің) нақыл сөздерге құрылған шығармалары да Таяу Шығыста кең көлемде тарағанды. Олардың діни білімі де, заң, право негіздері де т. б. кітаптары да өсиет, үгіт сарынында, шешен тіл тапқан поэзия үлгісінде жазылды. Қазақ әдебиетіне келсек, оның жазба әдебиеті басталған 19 ғасырдың 2-жартысында қазақ халқының мәдени дәрежесі (әдебиеттің мәдени дәрежесі) өзіне әдебиеттің қызмет етуінің дидактик. үлгісін біршама керек еткен кезеңде туды. Сол тұста әдебиетке қоғамдық сипат беріп, сол арқылы күреске тұскен Ы. Алтынсаринның да, А. Құнанбаевтың да шығармаларында бұл заңдылық көрінбей қалған жоқ. Алтынсаринның әдебиеттік еңбектері өзінің педагогтығымен бір сипатта дидактика үлгісіне құрылды. Әдебиетте өз тұстастарынан бір дәуір ілгері кеткен Абай қазақ топырағында шын мәніндегі нағыз көркем поэзияны жасай отырып, бұл заңды талапқа кең бұрылыс жасады. Сол бір көздегі қазақ халқының өміріне еншілес болған қараңғылық пен надандық ақын қаламын поэзияның ұлгілі нүсқаларын жасау жолынан әр кез қақпайлап, ондай дүниелікке дәйімі даяр күйіндегі аудитория, оқушы бола алмайтынын танытып отырды. Данышпан ақын осы бір тарихи шындықтың шегінен асып кете алмады. Басқа емес, дәл осы тарихи шындық Ұлы ақынды поэзияның озық үлгілерін жасауға үнемі бой ұрғыза отырып, заманның өрісі жеткен әдеби үлгіні қару етіп, тар өрістіліктің негізгі тамыры - надандыққа соққы беруге бастап әкелді. Мәдениетте, ой-санада, жалпы қоғамда артта қалған халықтың ұзақ ғасырлық самарқаулықпен керітартқан, өмірдің басқа да жақтары, жолдары бар деп білмеген түсінігіне қозғау салу үшін, құлақ түбінен дауыстап, таза ақыл күйінде үгітші, насихатшы, өнеге үйретуші болуға бой ұрғызды. Осы тұрғыда Абайдың нақыл сөздер ақынның арман еткен білім-тәрбие, еңбек, бірлік, адамгершілік т. б. сан алуан тақырыптардағы өлмес пікірлерінің бұзылмас формасы, айнымас мазмұн тапқан үлгілері. Абай нақыл сөздернің тақырыбы - оның тұтас шығармасына тән дүниелер. Олар ақынның өз шығармасында берген асыл ойларының, пікір түйіндерінің сығынды нәрлерінен құралған. Ақын шығармаларындағы нақыл сөздерді: өнер-білім, тәрбие, еңбек туралы; достық, адамгершілік, сүйіспеншілік туралы; адам мінездері туралы; философиялық; өнер туралы деп жіктеп, топтастыруға болады.Нақыл сөздер: Қарға тамырды қазақпыз. Сұраса келе қарын бөле болып шығамыз.

Өз жұрттың - күңшіл, Нағашы жұрттың – сыншыл, Қайын жұрттың міншіл келеді.

Қартың болса, жазып қойған хатпен тең.

Немере етін жеп, сүйегін қалдырады.

Өз балаңды өскенше бағасың, Немереңді өлгенше бағасың.

Екі аяқтыда бажа тату, төрт аяқтыда бота тату.

Еркек сергек ұйықтаса, ырыс бітеді, Әйел сергек ұйықтаса, жұмыс бітеді.

Ағасы бардың жағасы бар, Інісі бардың тынысы бар.

Ұлың өссе, ұлы жақсы мен ауылдас бол Қызың өссе,қызы жақсымен ауылдас бол.

Ағаның үйі – ақ жайлау.

Қонақ асына емес қабақ – қасыңа риза.

Қонақ жаман болса, үй иесі қалдырады, Үй иесі жаман болса, қонақ қыдырады.

Келінің жаман болса, ұлыңнан көр. Күйеуің жаман болса, қызыңнан көр.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота