мұхамбет Субботиннің айтуында қарағанда , оның атасы оқитын бір қыш кітап болғанға ұқсайды. ендеше, бұл дастанның тегі- жазба шығарма.Ауыз әдебиеті , міне, содан басталған.Ал ол кірпіштер ( қашап жазылған кестелі тастар) кейін шаруашылақ мұқтажына жұмсалған. Кейінірек Шардара суқоймасының астында қалған. біз далада жүріп қағазға түсірілген жазбаларды жүйеге келтіріп ата-бабаларымыздың баға жетпес көркем творчествосының ғаламат үлгісін оқырман назарына ұсынамыз
Бірде ай өзіне көйлек тіктіріп алмақ болыпты. Тігінші айдың бой тұрқын өлшеп алады да көйлекті пішіп, тігуге кіріседі. Уәделескен шағында Ай көйлегін алуға келсе, көйлегі әрі тар, әрі қысқа болып шығыпты. - Иә, мен қателескен екем, - дейді тігінші. Сөйтіп, көйлекті қайта пішіп, қайта тіге бастайды. Уәделескен мерзім жақындап, Ай көйлегін алуға тігіншіге тағы келеді. Бұл жолы да көйлегі шақ келмей, қысқа болып қалыпты. Иә, тағы да дұрыс өлшемеген екем ғой, - дейді. Айдың толыса беретініне түсінбеген тігінші. Сонымен қайта өлшеп, қайта пішіп, қайтадан тігуге кіріседі. Ай тағы да көйлегін алуға келе жатады. Тігінші киіз үйдің түтігінен асқанда келе жатқан топ-толық өзі тіккен көйлектен екі есе үлкен Айды көреді. Не істерін білмей, сасқалақтап тігінші басы ауған жаққа қаша жөнеледі. Ай ары іздеп, бері іздеп тігіншіні таба алмай қалады. Сол себепті, Ай көйлексіз жалаңаш қалыпты.
Колибри (trochіlі) – ұзынқанатты құстар отрядының бір тармағы. колибридің қазіргі кезде бір тұқымдасқа жататын 321 түрі солтүстік және оңтүстік америкаөңірінде кеңінен таралған. денесінің ұзындығы 5,7 см-ден – 21,6 см-ге дейін, салм. 1,5 – 20 г-дай. жер бетіндегі ең ұсақ құстар. қораздарының қауырсындары түрлі-түсті құлпырып тұрады, алмекиендерінің түсі біркелкі болып келеді. тұмсықтары жіңішке әрі ұзын, кей түрінде иіліп келген, гүл шырындарын соруға бейімделген. төс сүйегінің қыры, бұлшық еттері жақсы жетілген. колибрилер тез ұшады, әрі ұшу бағытын үнемі өзгертіп отырады. кейбір ұсақ түрлері қанаттарын секундына 80 рет қаға алады. колибри, көбінесе, гүл шырындарымен, кейде өрмекшілермен де, жәндіктермен де қоректенеді. олардың денесінде зат алмасу өте қарқынды жүреді. жүрегі үлкен әрі қанның құрамындағы гемоглобинніңмөлшері де көп.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку